Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің педагогикалық ұстанымым (эссе)

15 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Менің педагогикалық ұстанымым (эссе)

Менің өмірдегі бақытым - жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу - жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы. Алғашқы сәбилердің сыңғырлаған күлкісі, балдай тәтті сөздері, мөлдіреген көздері бәрі - бәрі өте қызықты сәттер болды. Бала өмірдің гүлі, отбасы дәнекері, ана ғұмырының жалғасы, ең бастысы, біздің қоғамымыздың алға қарай дамытушы болашағы. Сондықтан да жас ұрпақты заман талабына сай, көздің ғана емес, көңіл қуанышы етіп тәрбиелеу – басты міндет. Педагог К. Д. Ушинскийдің егер педагогика адамды жан - жақты тәрбиелегісі келсе, оны жан - жақты білуі керек деген терең мағыналы сөзін жадыма сақтай отырып, білімімді тереңдетіп, ізденуді мақсат еттім. Кішкене сәбимен сөйлесе білу де – үлкен өнер. Олар бір нәрсені естігені мен көргендерін есте сақтағыш, тез қабылдағыш, мейлінше сенгіш, барынша таза, адал көңілді, білуге, тануға құмартқыш келеді.

Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу іс - әрекеттеріме қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің шабытым артып, тағы бір арман пайда болды. Кішкентай, балғын балалар!... болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса алам ба?- деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол ашты. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.

Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету - менің ізгі ұстанымым.

Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу іс - әрекеттерді шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын. Әр оқу іс - әрекетінің сәтті шығуы бірінші кезекте, әрине, тәрбиешілер қауымына – өзімізге байланысты.

Менің педагогикалық ұстанымым – кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Болашақта тәрбиеленушілерімнен Қазақстан елінің жарқын да белсенді балалары болады деген үлкен үміт күтемін.
22 001
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры...» эссе
«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры...» эссе
«Бала көңілдің гүлі, көздің нұры» - деген жақсы сөз бар қазақта. Қазақ атамыз бала десе ішкен асын жерге қойып, барын алдына тосып, ешкімнен кем қалмай өсуіне барлық жақсы әрекеттерді жасаған.
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Менің педагогикалық ұстаныным
Менің педагогикалық ұстаныным
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №30 "Гүлдер" бөбекжайы тәрбиешісі Дербисова Жадыра Саниязовна
Бұлақ көрсең көзін аш
Бұлақ көрсең көзін аш
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Динара Қабланқызы
Эссе "Мен мектепке дейінгі ұйым әдіскерімін"
Эссе "Мен мектепке дейінгі ұйым әдіскерімін"
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, №13 "Балдырған" ясли-бакшасы әдіскері Акбарова Айсулу
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×