Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар

15 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Түлкібас ауданы
«Алтын дән» балабақшасы меңгерушісі
Кулшат Беспаева

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім берудің мектепке дейінгі ұйымдары - Қазақстан Республикасының заңдарына, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес тәрбие-білім беру қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтерді көрсететін жеке және заңды тұлғалар;
2) білім берудің жалпы типтегі мектепке дейінгі ұйымдары – сыйымдылығы 4-тен бастап 12-ге дейін топ болатын, ережеге сай өзінің тәрбиеленушілерінің тұрақты контингентіне педагогикалық және медициналық қызмет көрсететін және жеке тұрған ғимаратта орналасатын мектепке дейінгі ұйымдар;
3) шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейінгі, ережеге сай жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлі тұрғын үйде, сондай-ақ құрылған-жапсарлас үй-жайларда орналасатын мектепке дейінгі ұйымдар;
4) топтық бөлік – бір топтың балаларына арналған үй-жай жиынтығы;
5) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны;
6) күн тәртібі – балаларға арналған белгіленген күн тәртібі;
7) таңертеңгі сүзгі - инфекциялық аурулардың әкелінуінің алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық іс-шаралар;
8) дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтуға және дене қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
9) тиімді тамақтандыру – тамақтанудың физиологиялық және жас нормаларын ескере отырып, балансталған тамақтандыру;
10) бракераж – органолептикалық көрсеткіштер бойынша тамақ өнімдерінің және дайын тағамның сапасын бағалау;

11) изолятор - науқасты оқшаулауға арналған үй-жай;
12) инсоляция - үй-жайды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясын нормалайтын көрсеткіш;
13) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрі - ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандыруды нормалайтын көрсеткіш;

14) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
15) септик – ағынды сұйықтық ағып өтетін бір немесе бірнеше камерадан тұратын көлденең типтегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын көлемдегі тұрмыстық ағынды суды тазалауға арналған құрылыс;
16) дезинфекциялау құралдары – қоршаған орта объектілерінде инфекциялық аурулар қоздырғыштарын жою үшін қолданылатын химиялық заттар.

1) шағын жинақталған мектеп – оқушылар контингенті аз, біріккен сынып-жиындары және оқу сабақтарын ұйымдастырудың ерекше түрі бар жалпы білім беру мектебі;
2) арнайы киім – шикізаттарды, қосымша материалдарды және дайын өнімді механикалық бөлшектерден, микроорганизмдерден және басқа да ластанудан қорғауға арналған персоналдың қорғаныш киімінің жиыны;

3) бракераж – органолептикалық көрсеткiштер бойынша тамақ өнiмдерiнiң және дайын тамақтардың сапасын бағалау;
4) гимназия – оқушылардың бейімділігі мен қабілеттілігіне байланысты бастауыш, негізгі орта және гуманитарлық салалар бойынша жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
5) дайындау бөлмесі – азық-түлік шикізаттарын дайындау және жартылай фабрикаттарды өңдеу жүргізілетін үй-жай;

6) дайындау алдындағы бөлме – жартылай фабрикаттардан дайын тамақ өнімін дайындауды жүзеге асыратын үй-жай;
7) дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтуға және дене күші қабілетін дамытуға бағытталған қызмет саласы;
8) жалпы бiлiм беру мектебі – әрқайсысы жеке қызмет істей алатын, бастауыш, негізгі және жоғары үш деңгейді қамтитын негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын орта білім беретін оқу орны;

9) жартылай фабрикаттар – алдын ала жылумен өңдеуге дайындалған шикі тамақ өнімдері;
10) жарамдылық мерзімі – тамақ өнімін шығару (дайындау), айналысы үдерістерінің (сатыларының) шарттары сақталған кезде мерзімі өткенше тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану үшін қауіпсіз болып саналатын кезең;

11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындар бере отырып, тәрбиелеу мен білім беру үшін қолайлы жағдай жасалатын білім беру жүйесінің мемлекеттік мекемесі;
12) жиынтық оқу жүктемесі – факультативтік және секциялық сабақтарды, үйірмелерді өткізуге бөлінетін сағаттары бар оқу сағаттарының жиынтығы;

13) инсоляция – үй-жайды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясының нормаланатын көрсеткіші;
14) интернат ұйымдары – тұратын орын бере отырып, белгiлi бір санаттағы адамдардың бiлiм алу құқығына мемлекеттік кепiлдiктi қамтамасыз ететін бiлiм беру ұйымдары;
15) интерлиньяж – кітаптағы және басқа да баспа басылымдарындағы екі жол арасындағы аралық, ашық жер;

16) кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтары (бұдан әрі – КББО);
17) қажу – жұмысқа қабілеттіліктің, организмнің функционалдық мүмкіндігінің уақытша төмендеу жағдайы;
18) қатарластырып орналастыру – жиһаздар мен жабдықтарды үй-жайдың ортасында, бірінен кейін бірін қатар орналастыру;

19) кегль (кегель) – әріптің биіктігін (очко) және оның астыңғы және үстіңгі бос аралығын қоса алғандағы қаріп өлшемі, пунктпен өлшенеді – 1 пункт 0,376 миллиметрге тең (бұдан әрі – мм);
20) климаттық аймақ – климаттық белгілері (температура, ылғалдылық) бойынша бөлінетін аумақ;
21) қоғамдық тамақтану – тамақ өнiмдерiн өндірумен, қайта өңдеумен, өткізумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты қызмет;

22) балаларға қосымша білім беру мекемелері – балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғасын дамытудың, денсаулығын нығайтудың және кәсібін өзі белгілеудің, шығармашылық еңбегінің, олардың жалпы мәдениетін қалыптастырудың, жеке тұлғаны қоғамдағы өмірге бейімдеудің, бос уақытын пайдалы өткізуді ұйымдастырудың қажетті жағдайларын қамтамасыз етуге арналған мектептен тыс мекеме;
23) күні – балалар мен жасөспірімдерге арналған тәрбиелеу мен білім беру ұйымдарындағы белгіленген күн тәртібі;
24) литера – дөңбек жағында бедерлі әріп, сан немесе белгі бейнеленген типографиялық қорытпадан, ағаш немесе пластмассадан жасалған тік бұрышты шағын білеу;

25) лицей – оқушылардың бейімділіктері мен қабiлеттерiне сәйкес тереңдетіп, бейінді, саралап оқытуды көздейтін негiзгi және қосымша жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын орта білім беретін оқу орны;
26) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту ұйымы (бұдан әрі – МДТОҰ) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін қызметтің ерекше түрлерін есепке ала отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын, сондай-ақ қосымша сауықтыру және заңнамада көзделген басқа да қызметтерді көрсететін, сыйымдылығы 4-тен 12-ге дейін топтар болатын мектепке дейінгі ұйымдар;
27) мектеп алды сыныптары – жалпы білім беретін мектептерде бес, алты жастағы балаларды тегін міндетті мектеп алды даярлау жүргізілетін сыныптар;

28) мектеп оқулығы – нақты білім саласындағы материал қазіргі заманғы ғылым мен мәдениеттің деңгейінде жүйелі түрде берілетін оқушыларға арналған кітап;
29) оқу сағаты – техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдары үшін сабақтың (жаттығудың) немесе дәрiстердiң сабақ басталғаннан үзiлiске дейінгі ұзақтығы;

30) оқу жүктемесі – әрбір жас тобы үшін оқу сағаттарымен өлшенетін оқу-тәрбие үдерісіне оқушылар мен тәрбиеленушілердің қатысуының нормаланатын жиынтығы;
31) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ і білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар, денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспарлары мен ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады;

32) оқу құралы – тиiстi оқу бағдарламасының белгiлi бір пәні бойынша материалы мазмұнданатын оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған әдебиет;
33) оңтайлы микроклиматтық жағдай – балаларға ұзақ және жүйелі әсер ету кезінде термореттегіш тетіктерінің көмегінсіз организмнің қалыпты жылуы жағдайын сақтауды қамтамасыз ететін микроклиматтың сандық көрсеткіштерінің үйлесімдігі;

34) ортасына орналастыру – жиһаз бен жабдықты үй-жайдың ортасында топпен орналастыру;
35) очко – литерде, стерео үлгіде дөңбек жағында бедерлі әріптерді немесе белгілерді басып шығаратын бет;
36) периметрлік орналастыру – жиһаздарды, жабдықтарды қабырғаға (периметр бойынша) жақын орналастыру;
37) петит – 8 пунктке (3 мм жуық) сәйкес келетін типографиялық қаріп, кегль (өлшем);
38) рекреация – үзіліс кезінде және сабақтан бос уақытта оқушылардың демалуына және күшін қалпына келтіруге арналған үй-жай;

39) рухани (діни) білім беру ұйымдары – діни қызметкерлерді даярлаудың кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
40) сақтау мерзiмi – тамақ өнiмiнiң нормативтік құжаттарда көрсетілген өздерiнiң барлық қасиеттерін сақтайтын, белгіленген шарттарды сақтау кезеңі;

41) санитариялық - аулалық қондырғылар (САҚ) – жерүсті бөлiгi мен қазылған шұңқыры бар, ғимараттан кемiнде 25 метр (бұдан әрі – м) қашықтықта, объектінің аумағында орналасқан кәрiзденбеген дәретхана. Жерүсті үй-жайларын тығыз бір біріне тығыз жалғасқан материалдармен (тақтайлармен, кірпіштермен, блоктармен) жасайды. Шұңқыр су өткізбейтін материалдан жасалады. Шұңқырдың тереңдігі жерасты суының деңгейіне байланысты, бірақ 3 метрден аспайды;

42) сәбилер үйі – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, некесіз жас аналардан туған балаларды, сондай-ақ ақыл-есі мен дене бітімі кемтар балаларды тәрбиелеуге және оларға медициналық көмек көрсетуге арналған мемлекеттік мекеме;
43) септик – сарқынды сұйықтық ағып өтетін бір немесе бірнеше камераны қамтитын, көлденең үлгідегі жер астындағы тұндырғыш ретінде шағын көлемдегі тұрмыстық сарқынды суды тазалауға арналған құрылыс;

44) спорт объектілері – балалар және жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбиелік жұмыстарды және бос уақытты мәдени ұйымдастыратын және жүзеге асыратын ұйымдар;
45) сыныптардың толықтырылуы – бұл оқу сыныбының үй-жайының ауданына қатысты сыныптағы оқушылардың саны;
46) тауар көршiлестiгі – тауардың сапасына әсер ететін ластануын және бөгде иістердің сіңуін болдырмайтын, шикі және дайын өнімдердің бірге сақталуына және өткізуіне жол бермейтін жағдайлар;
47) таңертеңгi сүзгi – инфекциялық аурудың әкелiнуiнiң алдын алуға бағытталған профилактикалық медициналық iс-шаралар;

48) тез бұзылатын тамақ өнiмдерi – қатаң регламенттелген мерзiм iшiнде тасымалдаудың, сақтаудың және өткiзудiң арнайы талаптарын қажет ететiн тамақ өнiмдерi;
49) технологиялық жабдық – өндіріс жұмысы үшін қажетті механизмдердің, машиналардың, құрылғылардың, құралдардың жиынтығы;
50) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрi – ТЖК) – үй-жайды табиғи жарықтандырудың нормаланатын көрсеткіші;

51) ұтымды тамақтану – тамақтанудың физиологиялық және жас ерекшелік нормаларын ескере отырып, теңестірілген тамақтандыру;
52) топтық бөлiк – бiр топтағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруға арналған үй-жайлардың жиынтығы;

53) топтың жинақталуы – топтағы балалардың нормаланатын саны;
54) түсіру орны – азық-түлік шикізаттарын және тамақ өнімдерін қабылдайтын орын;
55) форзац – екі төрт беттік парақ, оның біреуі кітап блогының бірінші парағын мұқабаның алдыңғы жағымен біріктіреді, ал екіншісі – блоктың соңғы парағын артқы бетімен қосады;
56) халықтың аз қозғалатын топтары – кресло-арбалармен және/немесе басқа да қосалқы құралдардың көмегімен қозғалатын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және онымен ауыратын мүгедектер, сондай-ақ алып жүрушінің көмегімен қозғалатын, нашар көретін және / немесе көзі көрмейтін азаматтар;

57) шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (шағын орталықтар) – сыйымдылығы 3 топқа дейін, жеке тұрған ғимаратта, көп пәтерлі тұрғын үйде, сондай-ақ ішіне - жапсарлас салынған үй-жайларда орналасқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдары;
58) шмуц-титул — жеке, таза, мәтінсіз, әдетте тақ санды беттегі оқулық бөлімінің тақырыбы (айдары);
59) кәріп гарнитурасы – әртүрлі кегльдері (өлшемдері) бар, бірақ очколарының суреттері бірдей кәріптер жиынтығы.
6 072
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану негізінде балалардың ауызша қарым - қатынас жасау дағдыларын, танымдық ой - өрістерін, шығармашылық, эстетикалық талғамдарын және жеке тұлғаның әлеуметтік білім, біліктерін жетілдіру.
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат 2018 - 2019 оқу жылы
2018-2019 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Келісім шарт
Келісім шарт
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 "Ақбота"МДҰ әдіскері Есжанова Света Ташкенбаевна
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×