Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – менің туған өлкен

14 желтоқсан 2014, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетнің
технологиялық картасы
Топтың жас ерекшелігі: ересек топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: «Қазақстан – менің туған өлкем»
Мақсаты: балаларды туған өлкесі Қазақстанның табиғатының сұлулығымен таныстыру.
Туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету, өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу. Суретшінің бере білген көңіл - күйді сезіну қабілеттілігін қалыптастыру, табиғаттың әрбір құбылысы өзінше тамаша екендігін сезіну.
Құрал - жабдық: туған өлкеміздің табиғатты бейнеленген суреттері, мольберт, жай қарындаш және қылқалам мен акварель бояуы, ақ қағаз.
Сөздік жұмыс: туған өлкем, суретшілер А. Черкасский, А. Мамбеев, Ә. Кастеев.
Қостілділік компонент: туған өлкем - родной край.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысы:
І. Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі.
Педагог балаларды «Қуаныш шеңберіне» тұрғызады.
Балалар «Қуаныш шеңберіне» тұрып.
Арайлап бүгін атты күн,
Шашты бүгін шапағын
Тілейміз ақ таңнын
Қуанышын шаттығын.
Қайырлы таң,
Қайырлы таң!
Қуанышты күн бүгін.

Педагог «Танысу» ойынын ойнатады.
Ойынның шарты бойынша келген балаға мен сұрақ қоямын.
- Сенің атым кім?
- Менің атым – Ильяс
- Жасың нешеде?
- Жасым – бесте.
- Сен қандай Республикада тұрасын?
- Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.
- Елбасы кім?
Елбасы Н. Ә. Назарбаев.
- Жарайсыңдар балалар!

ІІ. Іздену – ұйымдастырушылық кезеңі.
Педагогтың әңгімесі:
- Біздің сүйікті Отанымыз Қазақстанның кең байтақ екенін айтамыз. Созылып жатқан кең – дала, биікке аспандап көтерілген таулар, асау толқынын жағаға ұрып жатқан Каспий теңізі, Балқаш көлі, өзендер мен көлдер, шулаған орман мен саябақтар. Жылдың қай мезгілі болса да, осының бәрі адам баласын толқытып қуантады. Бірақ ең негізгісі - туған табиғатымыздың әдемілігін байқай білуді үйрену, оның қайталанбас сұлулығын сезіне білу. Табиғаттың кез - келген бұрышы өзгеше жақсы. Балалар мұқият тыңдайды.
Соңдықтан суретшілер өздерінің шығармаларында қоңыр күзді, гүлдеген даланы, алғашқы қарды, қысқы саябақтардағы гүлзарларды, тағы да басқа көріністерді адам баласының қуануы мен таңқалдыру үшін бейнелейтінін білуге болады.
Ақын М. Әлімбаевтың «Менің – Қазақстаным» өлеңін оқып беру.
Педагог тақтаға А. Черкасскийдың «Қара ағаштар», А. Мамбеевтың «Қиіз үйде», Ә. Қастеевтің «Мұз айдыны - Медеу» атты шығармаларын іледі.
Балаларға қазақ даласының көркемдігін, қазақ халқының киіз үйін, жайлауды қағазға бояу арқылы салдыруды ұсынады. Әр түрлі бояуларды таңдауды, қағаз бетіне дұрыс орналастыруды бақылайды.
Балалар шығармалар туралы, туған өлкенің табиғатты туралы әңгімелеп береді.

Сергігу сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Балалар музыка ырғағымен туған өлкенің табиғатты туралы түрлі түсті акварель бояуларын қолдана отырып сурет салады.

ІІІ. Рефлексивті кезеңі.
Сабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты, олардан көрме жасайық.
Балалар өздерінің суреттері жайлы әңгімелеп береді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: туған өлкесінің табиғатын бейнелеу білу.
Игереді: табиғатты сезінеді; оның сұлулығын, қағаз бетіне түсіреді.
Меңгереді: қылқаламды дұрыс ұстап, бояуларды дұрыс таңдап, табиғатты бейнелейді.
54 960
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжанов. Туған өлкем
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінің мағынасын түсіндіру және туған өлке, туған жер, атамекен туралы түсінік беру.
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке»атты өлеңін оқу. Шығарманы тыңдауға, мағынасын түсініп, қайта айтып беруге үйрету.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Мұражайда
Мұражайда
Мұражайда Міне, келдік мұражайдың төріне, Өлкеміздің төл тарихын білуге. Туған жерім, туған өлкем, бұл – Тараз, Білген жанға тұнып тұрған шежіре.
Туған өлкем
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×