Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош, келдің жаңа жыл!

20 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Рустемханова Айгерим Сериковна

Қош, келдің жаңа жыл!
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.
Балалар әндетіп, қол ұстасып кіреді. Шеңберге тұрады.
Аққала:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Келді сұлу шыршамыз
Көптен күткен сағынған
Жылқы жылы:
О, алақай тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда бәріміз
Ән айтамыз тамаша
Ән.
Аққала: Балалар сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Бүгін қандай мереке?
Балалар: жаңа жыл!
Жылқы жылы: Шыршамыз сұлу, бірақ шамдары жанбай тұр. Аяз ата мен ақшақар келгенше шамдарын жарқыратып қояйық.
Аққала: Бәріміз үрлейік, шапалақтайық (жанбайды)
Жылқы жылы: Мүмкін тақпақтар айтып береміз.
Тақпақтар:

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.

Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады - қатады,
Жып жылтыр боп жатады.

Мұздан моншақ тағынып,
Күміс қырау жамылып,
Ортада тұр Ақшақар,
Көптен күткен сағынып.

Жасыл шырша жайнаған,
Жарқыраған нұрменен.
Қандай ғажап айналам,
Құлпырғандай гүлменен.

Әрқайсымыз жаңа жылмыз,
Әрқайсымыз жаңа ғасырмыз.
Өмір таңын жарқыратқан,
Біз де сендей жасылмыз.

Аққала: Жоқ, біз өзіміз шамдарын жаға алмайтын сияқтымыз.
Жылқы жылы: Мүмкін жаңа жылды шақырамыз.
Аққала: Ия, соның қолынан келіп қалар.
Балалар: Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жылқы жылы: Алақай! Алақай!
Жыл келеді шапқылап,
Қанекей қарсы алайық жақсылап
Қой жылы: Мәәәәәәәәәәәәә
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жақсылыққа бөлеймін
Тыныштықты тілеймін
Береке мен ырысты
Мен жыл болам табысты
Аққала: Жаңа жыл сен шыршамыздың шамдарын жарқырата аласың ба?
Қой жылы: Мәәәәәәәәәә, мен бе? Жоға, қолымнан келмейді.
Жылқы жылы: Қап, аяз ата мен ақшақар келгенше шамдарын жарқыратып қояйық деп едік.
Қой жылы: Сен не бір жыл ішінде шамдарды тек ақшақар мен аяз атаның көмегімен жарқырата алатынымызды ұмыттың ба?
Аққала: менің де есімнен шығып кетіпті.
Қой жылы: Олар келгенше тұрамыз ба?
Кел, билейік, зерікпейік
Төгілтейік ән мен күй!
Қол ұстасып дөңгелейік,
Көтерейік көңіл күй.
Би. Флеш моб
Аққала: Балалар, енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!
Әуенмен Ақшақар мен Аяз ата кіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Кел, кел Жаңа жыл!
Кел, кел Жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Жасыл шырша қасында
Жасыл шырша қасында
Өскемен қаласы, "Ахмер орта мектебі" КММ шағын орталық тәрбиешісі Муканова Айгерим Бауыржановна
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Жасыл шырша төгілген алдымызда, Қош келдіңіз көрермен шыршамызға. Аман болсын отбасыңыз деп алайын, Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×