Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Луллий шеңберінің ерекшеліктері

20 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қалалық семинар тақырыбы «Инновациялық технологиялар аукционы»
Мастер класс: «Луллий шеңберінің ерекшеліктері»
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Баланың тілін дамыту барысында жағымды эмоцияналды қалпын ұйымдастырып, өзінің тілін белсенді дамытуға деген қызығушылығын тудыру керек. Ең тиімді және қызықты да, қолжетімді баланың іс - әрекеті бұл – ойын.

Ойын мен тіл дамытудың екі жақты байланысы бар:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды;
2. Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі.

13 - ғасырда француз монахы Раймонд Луллий қағаз шеңбері түрінде логикалық материал ойлап тапты. «Луллий шеңбері» бұл – компьютер тәрізді материал. Оның қарапайымдылығы балабақшада қолдануға мүмкіндік береді. Бұл материал екі шеңбер (пластина) және арнайы жасалған қораптан тұрады. Луллий шеңберлерді баланың жас ерекшеліктеріне сай 4, 6, 8 бөлікке бөліп, оларға суреттер, сөздер, буын, сандар мен сөйлемдер жазған. Әрбір бала өзіне қойылған сұраққа жауабын таба алады және кез - келген комбинация бойынша қиялдап әңгіме айтып береді.

Бұл материалдың функциясы өте көп және ол ТРИЗ әдісіне жатады, ойын түрінде қолданылады. Оны жеке де, топтық түрде де қолдануға болады. Педагог балаға оны «Сиқырлы шеңберлер» деп таныстырып, міндетті түрде жұмыс жасау барысын көрсетіп, ережесімен таныстырады. Мұнда педагог тек бақылаушының рөлін атқарады. Балалар өздері әрекеттесіп, кезектерін белгілеп, ізденіп жұмыс жасайды.

Оның тағы бір түрі пирамида негізінде жасалады. Шеңберлер бір қондырғыға орнатылады, жоғарғы жағында бағыт беру белгісі болады. Шеңберлер қозғалмалы және 4, 6, 8 бөлікке бөлінеді.
5 жастағы балаға 4 - 6 бөлікті 2 - 3 шеңбер қолданылады. 6 - 7 жастағы балаға 8 бөлікті 4 шеңбер қолдануға болады.

Ойын екі бөліктен тұрады:
1. Белгілі бір сұраққа жауап табу;
2. Қиялын дамытуға арналған жаттығудан.

Ойын жүргізу барысы:
1. Барлық шеңберде сурет орналастырылады. Мысалы:
1) Ағаштың түрі;
2) Оның орналасқан жері (бақ, орман, дала т. б);
3) Жемісі, тұқымы (алма, жаңғақ т. б)
2. Мақсаты қойылады. Балаларға сәйкестігін табу қажет.
3. Шеңберді айналдырып түскен комбинация бойынша әңгіме құрастырып, оның пайдасын айтады.
Нәтижесінде – тілі, логикалық ойлауы, зейіні, есте сақтауы дамып, қоршаған ортаны тануға мүмкіндік туады.

Нәтижесінде:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды. Сөздік қоры молайып, әңгімелеу және сөйлеу тілі қалыптасады.
2. Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі.
3. Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту біліктілігін қалыптасады.
4. Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйренеді және тілінің морфологиялық қырын қалыптастырады.
5. Әріптер таңбасымен танысады, буындап оқуға үйренеді.
6. Ақыл - ой әрекетінің тәсілдерін үйренеді ( талдау, бекіту, жүйелеу, құрастыру).
7. Қоршаған ортамен танысып, қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді.
8. Танымдық процестері дамиды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 239
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Луллий шеңбері
Луллий шеңбері
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Баланың тілін дамыту барысында жағымды эмоцияналды қалпын ұйымдастырып, өзінің тілін белсенді
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
We dance and play and sing and say
We dance and play and sing and say
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады.
Дәстүрлі емес сурет салу арқылы психологиялық дамуында тежеулері бар балалардың шығармашылық қабілетерін дамыту
Дәстүрлі емес сурет салу арқылы психологиялық дамуында тежеулері бар балалардың шығармашылық қабілетерін дамыту
Шығармашылық тұлғаның қалыптасуы – заман ауи кезенде педагогикалық теория мен тәжірибеде маңызды мәселенің біреуі болып табылады. Осы саланы мектепке дейінгі жастан бастап дамыту нәтижелі болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Казталов ауданы, Жаңажол ауылы, "Шаттық" балабақшасында педагог – психологы Мыңбаева Әселім Аянбекқызы
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін дамыту
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №1 Ақсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шапейқызы Ж
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×