Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әкем, шешем және мен

16 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сауықтыру шарасына байланысты өткізілетін отбасылық, спорттық сайыстың мақсаты.
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.
«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.
Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, скакалка.

Жүру барысы: 1) Ұйымдастыру
2) Командамен таныстыру
3) Сайыстың шарттары
4) Әзіл – қазылар алқасын тағайындау
5) Сайысты қорытындылау

Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін ата – аналар арасында ұйымдастырылып отырған « Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!
Келіңіздер көріңіздер
Тек ынта бөліңіздер
Мықты боп шынығып
Шығам деп сеніңдер - өткізіп

Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.
І. «Қыран» тобы ------------------------- отбасы
ІІ. «Сұңқар» тобы ----------------------- отбасы
ІІІ. «Барыс» тобы ------------------------ отбасы
Бұл отбасыларға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық
Балабақшамыздың әдіскері:
- Әділ қазылар алқасымен ойынымыздың әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке – жеке көтеруін сұраймыз!

- Бүгінгі спорттық сайысымыз 5 бөлімнен тұрады
1. «Навигатор» әкесінің басына шелек кигізіп қояды. Сосын арқасына бала мініп, кедергілердің арасымен, құлатпай жол көрсетіп отырады. Кім мәреге тез, кедергілерді құлатпай жетсе, жеңіс сол топтікі болып саналады.
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз

2. «Секірмек» мұнда екі үлкені (әкесі мен шешесі) скакалкамен кедергілердің арасымен, құлатпай бар жылдамдықпен мәреге жетуі тиіс. Ал, қалған екі бала бірінің үстінен бірі секіріп, кедергіні айналып мәреге жетуі тиіс.
Әділ қазылар сайыскерлерімізді қалай бағалар екен?

3. «Сурет салу» Екі аяқтың арасымен допты қысып алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс. Мәреге жеткен соң үйдің суретін салу тиіс. Мыс: бірі үйдің төбесін, бірі терезесін т. б.
Бұл ойынымыз қызықты, көңілді өтті.
- Ал, енді біздің сайыскерлеріміз үй қалай салады екен, бұған қазылар алқасы қандай баға берер екен?

4. «Бетпақ дала» Бұл ойынымыздың шарты, бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай кедергілердің басына дейін барып, жеңіс мерекесіне шеңберді белдеріне киіп бар жылдамдықпен жетуі тиіс.
- Ал, енді батпаққа батпай жеткен сайыскерлеріміздің бағасын берейік

5. «Кенгуру» бұл ойынымыздың шарты доптың үстіне отырып, кедергінің арасымен, құлатпай айналып, жеңіс мәресіне жетуі керек. Келген соң математикалық есеп шығарылады.
Ал, кішкентай балалар орындалысы пішініне қарай айыру.
- Сайыскерлеріміз қандай баға алар екенбіз деп үмітпен қарауда.
- Құрметті көрермендер «Әкем, шешем және мен» атты спорттық спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.
- Әділ қазылар шешімін шығарады
«Өзбек» биі орындалады.
- Сөз кезегін әділ қазылар алқасы Ақмарал апайға береміз.
- Міне бүгін денсаулық кепілі спорттық отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Жеңісті күндерде жолыққанша!
27 859
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру.
Толағай (топтық сайыс)
Толағай (топтық сайыс)
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Үздік ана атты спорттық сайыс
Үздік ана атты спорттық сайыс
Қызылорда облысы, Арал ауданы, № 62 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жанназарова Нұргүл
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары (Эстафеталық жарыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сәдуақас Ғабдолла Әбдімұратұлы «Тәуелсіз елдің бақытты жанұялары» (Эстафеталық жарыс)
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×