Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің

26 қаңтар 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық іс - әрекет тақырыбы: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу, жазу, Тіл дамыту, Жапсыру,
Мақсаты: Отбасындағы сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Әріпті дұрыс жазуларын қалыптастыру. Ойын арқылы, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыру. Қазақтың ұлттық ою - өрнек элементтерін тәжірибеде қолдануда үйлестіре күрделендіріп өрнек құрауға жаттықтыру, оларды ажырата білуге, түрлі - түсті матаны қиып жапсыру іскерлігін меңгертумен бірге, саусақ, қол қимылын (моторика) дамыту. Сыйластыққа, сүйіспеншілікке, үлкенге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу. Көрсету, көмек беру.
Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі карточкалар, Дидактикалық ойындар.
Керекті құралдар: Әртүрлі түстегі мата, ою - өрнек қималары, желім, үлгі, қайшы.

М/Қ Таңғы жиын
«Еркелету» жылулық шеңбері
- Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ата - ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар жан - жағымызға қарайық, бізге бүгін көп қонақтар келді.
«Сәлем - сөздің анасы
Білер қазақ баласы» Қонақтармен амандасайық.
Балалар: - Сәлеметсіздер ме?

Күтпеген сәт:
Есік қағылып, қонаққа әже мен бала кіреді.
- Ернар, сен неге бүгін кешіктің, бүгін бізге қонақтар келеді, кешігіп қалмаңдар - деген едік, мұның қалай?
- Балабақшаға асығып келе жатқан едім, аяғы тайып құлаған апаны көріп, жүгіріп барып көмек бердім, сол себептен кешігіп қалдым. Кешіріңіз!
- Апайлары сіздер ренжімеңіздер, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, тәрбиелі отбасынан шыққан бала екен.
Рахмет, айналайын, өркенің өссін, көп жаса, үлкен азамат бол!
- Балалар, әже бізге тұмарша алып келіпті.
(Әжеміз әкелген, тұмарша туралы айту)
Ал, енді балалар, сендер де, Ернар сияқты, үйлеріңде үлкен - кішіге қандай көмек бересіңдер?
Балалар:
- Мен үй сыпырдым.
- Мен атама су апардым.
– Мен ініме қарадым
- Мен анама ыдыс жууға көмек бердім.
- Рахмет, жарайсыңдар!

Ойын: «Гүл шоғы».
Мазмұны: Үйдегі көмектерін айтып, гүлдің күлтешелерін жапсыру, Пайда болған гүл шоғын, бір - біріне ұсынып, жақсы тілектер айту.
(Тілектер айту)
Баса көктеп жайлауға
Бөтен көштер қонбасын

Орта толып ырысқа
Бейбіт өмір орнасын

Тіккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын

Қапалы болып қария
Қалың ойға шомбасын

Бесіктегі бөбектің
Бақайшағы тоңбасын

Көл жиналып тамшыдан
Теңіз болып шалқысын. т. б
Балаларды орталыққа шақыру. Қай орталықтар, қандай жұмыс жүргізетінін айтып өту.
І/ұ Кітап орталығы: (тәрбиеші)
Ұйымдастыру кезеңі. Тақырыпы еске түсіру.
«Әжеге көмек» әңгімесін оқып беру. Мазмұнын түсіндіру.
Отбасы туралы әңгімелеу.
Енді сиқырлы әріптерді еске түсірейік.
Сұрақ - жауап.
- Балалар алфавитте неше әріп бар?
- Дауысты дыбыс неше?
– Дауыссыз дыбыс неше?
Д/ойын: «Қандай сөз шығады?»
Ойын барысы: Конвертте, сурет жапсырылған карточка және ою - өрнегі бар суреттер. Карточкадағы әртүрлі суреттердің бас әрпін жазып, сөз шығару. Әріптерді қосып оқығанда, бір отбасы мүшесінің аты шығады.
Ойын: «Бином фантазиясы»
Сөзге сөйлем құрастыру. Мысалы: Карточкада шыққан «Ата.» сөзіне, ою - өрнектелген затты қосып әңгімелеп беру. ойдан әңгіме құрастыру. Мысалы:
- Атам домбыраны маған сыйға берді. Мен домбыра үйірмесіне қатысамын. Атам домбыраны өзі жасаған. Мен атама көмектестім. Атамды жақсы көремін.
Енді балалар, ұлттық ою - өрнек терге байланысты ойын ойнаймыз.
Сұрақтарды мұқият тыңдаңдар.
Ойын: «Сөз жұмбақ» Сұрақ - жауап арқылы, ою - өрнек атын жазу.
ТАРАҚ
ЖҰЛДЫЗ
МҮЙІЗ
БАЛТА
ИРЕК
1. Шашты немен тараймыз?
2. Түнде көрінетін аспан кереметі?
3. Ешкінің басында несі бар?
4. Әкең ағашты немен шабады?
5. Су ағыны түзу емес, қандай?

Үстел үстінде сөз жұмбақ жауабындағы ою - өрнектердің атын сұрау.
Сөзге дыбыстық талдау жасау. Мысалы: Тарақ
Та - рақ (2 буын) 5 әріп
Т - Дауыссыз
А - дауысты, жуан
р - дауыссыз, қатаң,
А - дауысты
Қ - дауыссыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 690
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Гүл салынған ваза
Гүл салынған ваза
Қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту, математикалық ұғымдарын бекіту, сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Жолақтағы ою-өрнек
Жолақтағы ою-өрнек
Алматы облысы, Сарқан қаласы, «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп»КММ Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Кауменова Сания Кусановна
Отбасындағы қуаныш
Отбасындағы қуаныш
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Обаева Люда Оңайбайқызы
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×