Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Зерде" интеллектуалды ойыны

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
"Зерде" интеллектуалды ойыны

Мақсаты: Балалардың алған білімдерін тиянақтау, өткен оқу іс - әрекеттердегі тақырыптарды еске түсіру. Барлық білім беру салаларын қамту арқылы балалардың сөздік қорларын байыту, ой - өрістерін кеңейту, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, шапшаңдылыққа, отансүйгіштікке, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мнемокесте әдісі, ойын.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сайысқа қажетті құралдар

Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, құрметті әріптестер мен құрметті қонақтар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін, ең алдымен азаматтық пен білім қажет» - деп Ш. Уалиханов атамыз айтып кеткендей, еліміздің болашағы осы бүлдіршіндер екені даусыз.
Осы мақсатпен бүлдіршіндер арасынан суырылып шыққан балаларымыздың қатысумен өтетін «Зерде» зияткерлік – танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Балалар: Сәлем бердік туған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердік бәріңізге,
Өскен ортам, еркін далам.

Әділ - қазы береді,
Өздеріңе билікті.
Сайыста кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
(Әділқазы мүшелерімен таныстыру)

Ойын 6 - кезеңнен тұрады:
1. Таныстыру
2. Кім жылдам?
3. Мозайка
4. Ненің дауысы?
5. Орнын тап
6. Жылдам жауаптар

Ал, ендеше тұрмайық,
Ойынымызды бастайық.
Не үйрендік, не білдік,
Соны ортаға тастайық.

1 кезең Таныстыру. Бүгінгі сайысымызға 3 топ қатысқалы отыр. Осы топтардың мүшелерімен таныс болайық.

2 кезең Кім жылдам? Бұл кезеңде сендерге сұрақтар қойылады. Алғашқы болып жауап берген топ 1 ұпайға ие болады.
Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. 4 бұрыштан 1 бұрышты алып тастасақ, неше бұрыш қалады? (3 бұрыш?)
3. Жыл мезгілдерін ата. (Қыс, көктем, жаз, күз)
4. «С» дыбысынан келетін сөздерді атаңыз. (Сағат, сиыр, сырға, сыр)
5. Сиыр төлі қалай аталады? (Бұзау)
6. Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады (Мысық)
7. Түсіп қалған сөзді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңыз.
Жеті жұрттың тілін біл
........ түрлі білім біл (Жеті – семь – seven)
8. Жыл қайыру бойынша осы жыл қандай жыл? (Қой)
9. Әкеңнің әкесі саған кім болады? (Ата)
10. Алма, алмұрт, апельсин, лимон бір сөзбен қалай аталады? (Жемістер)
11. Аспанда қанша күн бар? (Бір)
12 Онға дейін тура және кері сана

3 кезең Мозайка Мына жерде 3 конверт берілген. Осы конверт ішінде
3 қиылған сурет бар. Суреттерді құрастырып, осы суретке байланысты тақпақ немесе өлең шумағын құрастыр.

4 кезең Ненің дауысы? Қазір сендерге әр түрлі мультфильмдердің дауысы естіледі. Сол мультфильмнің атауын табуларын керек.

5 кезең «Орнын тап» деп аталады. Балалар, бұл кезеңде топ басшылары сынға түседі.
Алдарыңда тұрған ертегі және мультфильм кейіпкерлеріне назар салып қарап алыңдар. Сендердің көздеріңді байлай, орнын ауыстырамын. Ал, сендер алғашқы тұрған орындарын тауып берулерің керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 644
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зерде танымдық ойын
Зерде танымдық ойын
Оқушылардың жан - жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. Нақыл сөздер, тапсырмалар, логикалық тапсырмалар, әр топқа даярлаған үстел, интерактивті тақта.
Шаттық шеңбер жинағы
Шаттық шеңбер жинағы
Шуақ шаша алтын таңда, Мөлдір таза ауада. Табиғаттың бәрі оянады. Қайырлы таң балалар! Сәлем бердім саған елім! Тал бесігім туған жерім. Сәлем бердім бәріңізге!
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
Күш білімде
Күш білімде
Есік қаласы, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жазира Молдагулова
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
"Зерде" интеллектуалды ойыны
"Зерде" интеллектуалды ойыны
Қарғанды облысы, Қарқаралы қаласы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×