Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

06 ақпан 2020, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» (сюжеттік - рөлдік ойын)
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
3. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жолақ сызықты жол, буклет.

Ұйымдастырушы - қозғаушы қызмет:
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп бара жатқан көлікке жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кету салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер көліктің дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір бала « Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр ұйымдастырылған іс әрекетінен қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті бала көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.
Ұйымдастырушы - ізденушілік қызмет:
Жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. (Полиция қызметкері)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш козі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Тәрбиеші: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп алу баршамызға керек.
- Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесің дер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
- Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
- Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді).

(Тақтада)
Қызыл – тоқта!
Сары - сақтан!
Жасыл - жол ашық!
1 -: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
2 -: сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
3 -: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
(Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады).

Өлең шумақтары:
Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата - ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі
Валиева Бибігүл Дүйсенбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
70 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру. 2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.
Абайла, бағдаршам!
Абайла, бағдаршам!
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызы
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×