Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз 2012

28 қазан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы,
№4 Күн-нұры балабақшасы ересектер тобының тәрбиешісі
Жиенбаева Гүлнар Қуантайқызы

Тақырыбы: “Алтын күз“ 2012
“Көгершін” тобының ертеңгілік бағдарламасы. (залдың іші ертеңгілікке сай безендірілген).
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар! Қонақтар және апайлар!
Алтын күз деп атағандай сонау заманнан молшылық пен берекенің көзі болған. Алтын күзді қарсы алуға арналған мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып алғашқы айлардағы өнерлерін тамашалауға шақырамыз.

Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан елі ішкі, сыртқы саясатын, өз тағдырын өзі шеше алады. Өз туы, елтаңбасы, әнұраны, елбасы, өз заңы бар. Дүние жүзі Қазақстанды біледі. Біздің отанымыз оқысын, білім алсын, демалсын еңбек етсін , отбасы болсын деп жақсы жағдайлар жасаған. Әрбір адам азамат өз Отанын құрметтеуге тиіспіз. Қазақстан Республикасы алдына бөлек ел болғанына 20 жыл толып отыр. Еліміздің егемендігі тәуелсіздігінің 20 жылдығы құтты болсын ағайын.
Барлығы хормен: Егеменді еңселі ел, Қазақстан аман болсын.
Тәрбиеші:Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Тәрбиеші:Қазақстан Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан қандай ел?
Мемлекеттік тіл қандай тіл?
Елбасы кім? т. б сұрақтар.

Рита: Қазақстан күндей күлген шығыстан
Асыл елім, жан жүректен ұғысқан
Қолың жеткен тәуелсіздік
Гүл жайнай бер Қазақстан гүлстан.

Бекзат: Қазақстан киелім
Қияға ұшып қыраным
Еркіндікті сүйемін
Мен тәуелсіз ұлымын.

Сымбат: Сан ғасырлар тарихы мол кешегі
Туған жердің шежіресі деседі
Менің елім Қазақстан Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі.

Нұрайым: Күн елімсің, күлімдеген
Гүл елімсің, гүлім болған
Менің жерім, туған елім
Күн сәулесі Қазақстан.
Тәуелсіздіктің 20 - жылдығына орай “Қазақстан” әнің қабыл алыңыздар.

Сымбат: Қадірменді қонақтар, ұстаздар ата-аналар көптен сағына күткен “Алтын күз” 2011 – атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер, Күз жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, барлық жан-жануарлар, жәндіктер қысқы ұйқыға кіріседі, егін жинайды. Құстар жылы жаққа ұшады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі емес пе?

Диляра: Ия, мен бұл мезгілді Алтын күз деп айтар едім, өйткені жер беті сарғайып жапырақтары алтын түске боялады.

Дәуіт: Жиылған қауым армысыздар бәріңіз де,
Келіп жетті, алтын дәнді сары күз
Бірге болсын, қуанышты мереке
Бізбен бірге, шаттық әнін салыңыз.

Сымбат: Құтты болсын қадамыңыз қонақтар
Біздің тойдың көрермені болыңыз
Тамашалап балалардың өнерін,
Марқайып алақанды соғыңыз.

Диляра: Сіздер үшін ән-жырымыз күйіміз.
Ағылсын тек тәтті әуенмен әніміз
Ақ пейілді жақсы адамдар кеш жарық
Сәлем достар, армысыңдар бәріңіз.

Дәуіт: Күз - мереке, күз ырыстың белгісі
Қайтып барады, мекеніне жыл құсы
Әнге ұлассын жырға ұлассын даламыз
Алтың күздің той думаның бастайық.

Ақниет: Мен нан атасы бидаймын
Елге астық жинаймын
Нан болып піскенде
Қауызыма сыймаймын
Мен түсінген әлем аты - Нан
Мен жазатын өлең аты - Нан
Арман, бақыт, бұлағын да - Нан
Жарық күнім, шырағым да - Нан

Тәрбиеші: Перизат пен Нұржас Нан туралы тақпақ айтады.

Нұржас: Нан дегенің - құдірет
Наның бізде түрі көп
Нан болмаса, тіршілікте
Байлық, бақ та бірі жоқ.

Перизат: Нанмен өмір сәнді де
Нанмен өмір мәнді де
Дастарханда нан тұрса
Шырқайды жұрт әнді де.

Тәрбиеші: Көбейіп құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймыз.
Олай болса ортаға күз ханшайымын шақырайық.

Сымбат: Армысың Алтын күз!
Диляра: Армысың Ару қыз, қош келдің!

Тәрбиеші: Шақырайық ортаға
Күзгі мезгіл айларын
Қыркүйек Қазан Қараша
Шықсын кәне ортаға

Бекзат: Қыркүйек келіп күз келіп
Шопан көшті мекенге
Мектепке бет түзедік
Гүл құшақтап біздерде,

Ерасыл: Қазан келіп көселді
Аяқтап жұрт жұмысты
Тал дарақтар шейілді
Қыс қалпына кірісті

Нұрай: Қараша келіп шіренді
Қара суық қысады.
Аспан жиі түнерді
Сезіліп қыс нысаны.

Сымбат: Күзім ау, күзім ау
Мінезін бұзық ау
Жаңбырын сіркіреп
Келгенің бұзық ау.
Күз ханшайымы Нұрайдың орындауында “ Жау-жау жаңбыр” әні.
Бишілеріміз: Сымбат, Жанеля, Бекзат, Олжас.

Күзге арнап жаттаған тақпақтарын айтады.
(Ерасыл, Аяжан, Нұрасыл, Сымбат, Бекзат)

Диляра: Күз келіпті дегенше
Алма пісті дегейсің
Бағымызға ендеше
Алма теру көбейсін деп ортаға Дәрумендерді шақырамыз.
(Рита, Азиза, Ақниет, Әділет)

Әділет: Мен жүзіммін, жүзіммін
Таң шығындай үзілдім
Елдің бәрін ыстық қып
Моншақ болып тізілдім

Рита: Мен моншақпын шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қолым жүрмесін
Тамағына сүйегің

Азиза: Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін
Бал шырының келтіріп
Балаларға керекпін

Ақниет: Мен алмамын, алмамын.
Балдай тәтті бал дәмім
Дастарханға көрік беріп
Келтіретін бар сәнін.

Диляра: Хор “Күз жомарт”

Тәрбиеші: Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын
Алдымызда мәңгі үміт ақталсын
Тату-тәтті бірлік болсын қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен сақталсын.

Сымбат: Аспанымыз ашық болсын
Бейбіт, тыныш заман болсын!

Дәуіт: Елбасымыз аман болсын
Балабақшамыз өркендей берсін!

Диляра: Ата-анамыз аман болсын,
Қазақстанымыз гүлдей берсін.
Осы тілектеріміз қабыл болсын.

Бүгінгі ертеңгілікті жүргізген:
• Өтепбергенова Сымбат
• Шыңғысхан Диляра
• Сембеев Дәуіт.
Қатысқан “Көгершін” тобы бүлдіршіндері

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!
6 624
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Біздің Отанымыз - Қазақстан
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін дамыту, тарихы туралы түсінік беру. Өз республикасын танып білуге, жақсы көруге, Отанына деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×