Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағдаршам

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы "Бағдаршам"
Мақсаты: Жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен, таныстыру.
Жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.

Жүргізуші: Ортамызға «Қызыл», «Сары», «Жасыл» командаларын
шақырамыз. Сәлеметсіздер ме, ата - аналар, балалар,
апайлар!
Жан - жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, балабақшаның, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата - ананың мақтанышы, деңі сау, сымбатты, адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.
Арманға алда күткен асығамыз.
Біз қалай бәрін білмей басылармыз.
Жол жүру ережесін сақтай білер,
Тәртіп пен сақтық сүйер – жасұланбыз.
Бүгінгі «Мен үлгілі жолаушымыз» сайысымызды бастамас бұрын балаларымыздың жолда жүру ережесі туралы көрінісін тамашалайық.
(Дәрігер, Түлкі, Қоян – бетпердесін киген балалар)
Жүргізуші дәрігерді көрсетіп:
Кішіге, үлкенге, жасыңа, кәріңе.
Жәрдемін беретін адамның бәріне.
Шипагер апамыз біз үшін әбігер
Себебі ол кісі білікті – дәрігер.
(Балалар құрметпен қол соғады. Осы кезде Қоян құлағын ұстап, Түлкі ақсаңдап кіреді)
Түлкі: Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ.
Қоян: Аулада шап беріп, алмақшы қу ұстап.
Түлкі: Ал қоян зып беріп жөнелді.
Қоян: Аула тар болса қайтейін мен енді?
Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным,
Аяқтан айырылып, ақсақ боп жатқаным.
Қоян: Машина астынан өттім ғой жүгіріп.
Құлағым қалыпты темірге ілініп.
Дәрігер: Құлақ пен аяққа жағатын дәрі бар,
Ереже білмесең емхана табылар.
Мыналарды тезірек емханаға жеткізейік.(Шығып кетеді)
Жүргізуші: Балалар көрдіңіздер ме, осының бәрі тәртіп бұзып, жол ережесін білмегендіктен болып отыр.
(«Жолда жүру ережесі» видео ролик көрсетіледі)
Жүргізуші: Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды,
Бала өсірген ата - ана
Бала болып ойнайды - деп, сайымызды бастаймыз.
Сайысымыздың шартымен таныс болыңыздар. Сайыс 5 бөлімнен тұрады.
1. Тапқыр
2. Кім жылдам?
3. Кім епті?
4. Орныңды тап
5. Жүргізуші
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сайыскерлерімізге әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 637
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жол тәртібін сақтаймыз!
Жол тәртібін сақтаймыз!
Арманға алдап күткен асығамыз, Біз қалай шап қанаттай басыламыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтық пен алға ұмтылған жас ұланбыз!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Бағдаршам біздің досымыз
Бағдаршам біздің досымыз
Торап, жүргінші жол, тротуар, жаяу жүргіншілерге арналған өтулер, жол белгілері, бағдаршам түсініктерін бекіту.
Абайла, бағдаршам!
Абайла, бағдаршам!
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×