Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дені саудың - жаны сау

24 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Дені саудың - жаны сау»
(спорттық - ойын сауық)
Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балалардың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір - біріне деген достық қарым - қатынастарын дамыту.
Қажетті құралдар: шарлар, түрлі - түсті жалаушалар, денсаулық туралы нақыл сөздер, доптар, пирамидалар, көлшік, бақа атрибуты.
Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» атты спорттық ойынға қош келдіңіздер. Егеменді еліміздің ертеңі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Міне, бүгінгі балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткелі отырған «Дені саудың - жаны сау» атты мерекелік сауықтыру іс - шарасын бастауға рұқсат етіңіздер.
Марш ойналып, балалар залға бірінің артынан бірі жүріп келеді.
Жан - жақты жаттықтыратын жаттығулар:
Бір қатармен жүру, жүгіру, екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру. Шеңберге тұрып, дем алу жаттығуын орындау.
Ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку, ку - ка - ри - ку.
Тәрбиеші: Бәрекелді балалар!
Тәрбиеші: Балалар денсаулық басты байлық. Балалар деніміз сау болу үшін, үнемі жеке бас тазалығын сақтап, денеміз шынықтырып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін сақтау керек.

- Балалар денсаулық туралы мақал - мәтел кім біледі?
1. Денсаулық - зор байлық.
2. Дені саудың - жаны сау.
3. Тазалық - денсаулық кепілі.
4. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
5. Денсаулығы сәбидің - қуанышы әр үйдің.

- Өте тамаша балалар!
Ал енді алдымен әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
1. Балабақша меңгерушісі: Каримова Гүлнар
2. Балабақша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Қайырбаев Ержан
3. Балабақша псхолгы׃ Көбенғалиева Айба
Ал, кәне балалар « Балапан» және «Ботақан» тобы болып екі топқа бөлінейік.

Жарыстың бөлімдерін сіздерге айтып өтейін.
1. Сәлемдесу.
2. «Кім бірінші» ойыны
3. «Кім жылдам» ойыны
4. «Пингвиндер» ойыны
5. «Бақалар» ойыны
6. «Кім епті» ойыны

Тәрбиеші: Балалар сайысымызды бастамас бұрын әнұран орындайық.
- Бәрекелді балалар!
1 - кезең. Екі команданың сәлемдесуі.
1. «Балапан» тобына жалынды сәлем!
2.«Ботақан» тобына жалынды сәлем!
2 - кезең. Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы - деп «Кім бірінші» ойынын бастаймыз.
Ойын шарты: жалаушаны алып, жүгіріп межені айналып келу.

3 - кезең. Жүгір, жүгір желмен жарысып,
Жүгір желмен жарысып.

Нұрға аман,
Болып қыран.
Өс ұлан - деп « Кім жылдам» сайысына кезек берелік.
Ойын шарты: Жемістер мен көкөністерді жинау.
- Жарайсыңдар балалар, сендер неткен жылдам едіңдер.

4 - кезең. Спорт - біздің досымыз,
Күш қайрат сыйлаған.
Спорт - біздің досымыз,
Өсіп күнде шыңдалған - дей отыра «Пингвиндер» ойынын ойнайық.
Ойын шарты: допты екі тізесімен ұстап жүру.

5 - кезең. Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық екен оныңда,
Жету үшін мәреге - деп келесі сайысымыз «Бақалар» ойыны.
Ойын шарты: бақалар шалшық судан секіріп, дауыстап, жүресінен отыра кету.
Тәрбиеші: - Бәрекелді балалар өте жақсы!
Қорытынды сайысымыз «Кім епті» ойыны.
Ойын шарты: кедергілер арасымен ирелеңдеп өтіп, пирамиданы құрастыру.
- Жарайсыңдар балалар!
Ән жұмбақ: «Бұл не?»
Құрметті апайлар бүгінгі спорттық ойынымыз өз мәресіне келіп жетті. Жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз. Бүгінгі қатысқан бүлдіршіндерімізге алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта үлкен биіктерден көріне беріңіздер. Бүгінгі жеңістерің құтты болсын. Келіп, тамашалап көргендеріңізге рахмет. Деніміз сау болсын!
65 418
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Дені саудың - жаны сау спорттық - эстафеталық жарыс.
Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Дені саудың – тәні сау
Дені саудың – тәні сау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөмішкөл ауылы, №66 мектеп Анапияев Олжас
Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің
Денсаулығы сәбидің – қуанышы әр үйдің
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының дене тәрбиесінің жетекшісі Түменбаева Айман
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Дені саудың-жаны сау
Дені саудың-жаны сау
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×