Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік ел тілегі

01 қараша 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Технологиялық карта.
Білім облысы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Білім бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік ел – тілегі».
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал-мәтел, тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, Л.Асанова, Қ.Рысқұлбеков суреттері, «Қазақ елі» бейнефильмі.

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі
Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.
- Біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз. Ол ел – Қазақстан.
- Бүгінгі ұйымдастырылған іс - әрекетімізді Қазақстан Республикасының ән ұранынан бастайық.
- Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына 20 жыл болды. Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Осыдан 20 жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды. Қайсар батырларымыз Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті. Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз. Еліміз өркендеп жайнауда. Өз елімізге лайықты Конституция заңдары қабылданды. Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға, балабақшаға, мектепке баруға, үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. Осы мемлекетте тұрғандықтан өз елімізді, жерімізді қадірлеп, қастерлеуіміз керек. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазастанның қандай дамып көркейгенін «Қазақ елі» бейнефильмінен тамашалаймыз.
- Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?
- Әнұранды орындадық, сөзін, музыкасын жазған кімдер?
Ту, елтаңба, әнұран.

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Тақпақ
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.

- Тудың түсі қандай? Туда ненің белгісі бар?
Тудың түсі көк, шетінде ою - өрнек, ортасында күн және қыран құс.
Тақпақ
Аспан түстес көгілдір
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білерсің.

- Ел таңбамызда ненің бейнесі бар?
Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз – жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.
Тақпақ
Алтын қанат көмкереген
Шаңырақ бар, уық бар
Әсем бейне сен көрген
Жай бейне емес ұғып ал
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны
Ауызда ұшқыр төзімді
Пырақ халық арманы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 009
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған елім - Қазақстан
Туған елім - Қазақстан
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Туған елім - Қазақстан» Мақсаты: Балалардың өз еліне деген, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Білімділік: Өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіздік ел – тілегі
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін, сүюге оны қорғай білуге тәрбиелеу. Мақал - мәтел, тақпақтар арқылы ой - өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі Раушан Сисенбаева
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×