Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақша!

06 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қош бол, балабақша

Мақсаты: Балаларды білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы, балабақша, бала арасындағы байланысты нығайту.
Қош бол, балабақша
Мақсаты: Балаларды білімге, өнерге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы, балабақша, бала арасындағы байланысты нығайту.
Жүргізуші. Құрметті ата - аналар, әріптестер бүгінгі «Айгөлек» орта тобының «Қош бол, балабақша» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз, қарсы алыңыздар!
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқада жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.
Ақтілек: Ақ тілекті ағытып бір тастайық.
Қоштасатын кешімізді бастайық,
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әр бір күнің, әр айың.
Бексұлтан: Қанша бала, қанша қыз
Бір шоқ гүлміз баршамыз
Ойын күлкі ордасы,
Біздің балабақшамыз.
Біз ертеңгі батырмыз
Біз ертеңгі ақынбыз
Бір анадан туғандай,
Біз бәріміз татумыз.
Ән: «Біз мектепке барамыз»
Жүргізуші: Қуанышымыз біздің мол
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңізді
Балабақшам қош сау бол! – дей отырып қоштасу вальсін тамашалаңыздар.
Би «Вальс»
Еркежан: Бала бақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.
Дәурен: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Мектепке біз барамыз.
Ернат: Мектепке енді барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
Мерей: Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Мектепке кетіп барамыз.
Жүргізуші: Осыдан бір жыл уақыт Құлан ауылының бір шетінде «Балапан» балабақша ашылды. Онда 6 топ балалары өмір сүріпті. Соның ішінде «Айгөлек» тобының балалары өте ерекше болды. Өздері шетінен өнерпаз, алғыр, тапқырлы екен. Бұл топтың ұраны «Тек қана, алға!» деген мақсаты ылғи алдыңғы қатарда көріну еді. Күндер өтіп, бұл балалар 5 жасқа жеткенде балабақшадағы шаттыққа толы өмірімен қоштасып «Білім» атты үлкен сапарға шеккенді жөн көрді.
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мектепке баратын балалар сендер екенсіңдер ғой. Мен Білім ханшайымын сендердің білімдеріңді, өнерлеріңді көріп мектепке дайын екенін көруге келдім, дайынсыңдар ма?
1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
2. Қай мемлекетте тұрасыңдар?
3. Рәміздерге нелер жатады?
4. Қай ауылда тұрасыңдар?
Рахмет балалар бәрін біледі екенсіңдер. Сендерге тағы сұрақтарым бар:
5. Құстарда неше қанат бар?
6. Қоянда неше құлақ бар?
7. Беске дейін кім санай алады?
8. Тура, кері санап берші?
9. Үш санның көршісі, қай сан?
10. Бес санның көршісі қай сан?
Жүргізуші: Білім ханшайымы біздің балалар білімді және өнерлі, отырып демалыңыз өнерлерін тамашалайық.
Би: «Аққу»
Сайқымазақ кіруі: Сәлемдеседі балалармен ойын ойнатады.
Ойын: «Портфель жинау»
Би: «Буратино»
Ән: «Ұстазым»
Жүргізуші: Ақ қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
Корея биі.
Кішкентай бүлдіршіндер қонаққа келуі
Білім ханшайымы: Балалар сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Мен сендерге ертегі кейіпкерлерін айтамын, сендер қай ертегі екенін табасыңдар.
- аю, қасқыр, қоян, ата, апа, бір уыс ұн.
- мысық, қыз, сиыр, ағаш тал, дүкенші.
Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа ертегі елінен қонақтар келіпті.
Ән: «Ертегілер әлемі»
Білім ханшайымы өзінің жарлығын оқиды.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Біздің түлектеріміз балабақша әпкелеріне арналған ризашылық сезімін білдіреді.
Балалардың тақпақтары.
Жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектеп қадам басқалы тұр. Өздерінің бар өнерлерін аямай барынша көрсетті. Сендерге ақ жол тілеймін, бүлдіршіндер!
10 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×