Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

17 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру. Олардың ерекшеліктерін, адам өміріне пайдасын, төрт түлік малға не жататынын, олардың төлдерін атап айтуға баулу.
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Төрт түлік малдың суреттері, хрестоматия

Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы Жылулық шеңбері
«Қошақан» әніне музыка әуенімен жасалады:
Жазда атамның аулына
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан
Шықты ойнақтап жүгіріп.
Ақ маңдайлы ай мекен
Шекер ме екен, бал ме екен,
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.

Іздену - ұйымдастырушылық Кіріспе әңгіме
- Балалар, үй жануарларын атап бере аласыңдар ма?
Хрестоматия оқулығында берілген төрт түлік малдың төлдері жырын оқып беру - торпақ, лақ, қозы, бота, қошақан.
- Төрт түлік малға не жатады?
- Малдың төлдерін қалай атайды?
Ақын жазушылардың төрт түлік малға арнаған шығармаларымен таныстыру. Төрт түлік малға сипаттама бере кету керек.
Түйе - малдың үлкені,
Жылқы - малдың үркегі,
Сиыр - малдың сүттісі,
Қой - түліктің құттысы.
(С. Қасиманов)

Төрт түлік малдың адам өміріне пайдасын толық айтып кету. Олардың етін жейміз, сүтін ішеміз, құрт, майын, ірімшігін жейміз. Жылқының етін, қазы - қартасын, қымызын ішеміз, қойдың жүнінен көрпе жасаймыз, тоқыма бұйымдар киеміз. Түйенің шұбатын ішіп, шудасын пайдаланамыз. Міне, адам өміріне пайдасы осылай тиеді. Сондықтан малды қастерлеу керек.
Сергіту сәті
Үй жануарларының қимылын жасату.
Лақша секіріп,
Қозыдай маңырап,
Құлындай ойнақтап,
Сиырша асықпай,
Ботадай маң - маң басып жүріп, іс - қимыл жасау.
Дәптермен жұмыс:
1. Төрт түліктің төлін ата.
2. Төрт түліктің пайдасын айт.
3. Суретті бояу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 015
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Слайд: Төрт түлігім - ырысым
Түйе – түлік төресі. Жылқы – түлік патшасы.
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары мен төлдері
Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, айқынды зейін қойып тыңдауға үйрету Төрт түлік малдың пайдасын айта отырып, оларды қадірлеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
Сабақтың мақсаты: Төрт түлік малдың, олардың төлдерінің атауын үйрену Сабақтың міндеттері: Білімділік: төрт түлік түрлерімен олардың төлдері туралы мәлімет алу, олардың пайдасын білу.
Етістік
Етістік
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×