Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

24 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: отбасы мүшелерін атай білуге үйрету, еркелетіп айтатын сөздерді үйрету;
сөздік қорларын байыту; отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу;
Қажетті құралдар: түрлі - түсті шарлар, айна, отбасы мүшелерінің суреттері, саусақ театрына арналған қуыршақтар, түрлі – түсті қақпақшалар.
Сөздік жұмыс: отбасы, жүрегім, ботам, қозым;
Билингвалды компонент: отбасы - семья, жүрек - сердце;

Мотивациялық - қозғаушылық
Балаларды шеңберге тұрғызып бір - біріне жылы сөздер айтуды ұсынады.
Шаттық шеңбері
Атамнан басталар
Әжемнен қосталар,
Отбасы осылар,
Ең жақын адамдар.
(Балаларға отбасы туралы суретті көрсетіп әңгімелетеді)
Балаларға үлкендерді, ата - анасын тыңдап, кішкентайларды құрметтеу керектіген айту және олардың ең жақын адамдар екендігін түсіндіру.
Сұрақтар қояды:
- Сендердің отбасыларыңда қанша адам бар?
- Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсыңдар?
- Отбасыңдағы ең жақын адам кім?
Балалардың жауаптары.

Сергіту сәті
«Отбасы мүшелерін киіндір» дидактикалық ойын
«Сөзді жалғастыр» сөздік ойын
Қ. Ыдырысовтың «Әжесі мен Бағлан» өлеңін оқиды, балалар жалғастырады.
Жүрегім кім менің,
Тірегім кім менің
Жаным кім менің,
Сәнім кім менің. Ботақаным Бағлан қозым менің не деген тәтті баласын өзің. Балалар сендерді үйде ата - әжелерің «ботам», «қозым» деп еркелете ме?
Балалардың жауаптары.
«Мен кімге ұқсаймын?» ойын
Бала айнаға қарап өзінің кімге ұқсайтынын айтады.
- Мен анама ұқсайды.
- Мен әкеме ұқсаймын.
- Мен әжеме ұқсаймын.
«Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру;
Таңғажайып сәт: Күлдірген түрлі - түсті шарларымен кіріп, ойын ойнатады..
«Үй құрастырамыз» дидактикалық ойын

Рефлексивтік түзетушілік
Күлдірген балаларға сұрақтар қойып, жауап берген балаларға түрлі - түсті шарлар береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: отбасы мүшелерінің алатын орнын.
Нені игереді: бірлескен әрекет отбасы мүшелерін жақындастыратынын.
Нені біледі: отбасы мүшелеріне қамқорлық жасау қажеттігін.
22 781
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы сыйластық
Отбасындағы сыйластық
Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету; Отбасында үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлық жасауға баулу;
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы мүшелерінің бір - біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы мүшелері туралы түсінік беру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор бола білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Отбасы
Отбасы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жапы орта мектеп МАД тәрбиешісі: Сулейменова Ақбота Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×