Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төлдермен танысу

10 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Сабақтың тақырыбы: Төлдермен танысу
Сабақтың мақсаты: Үй жануарларымен, олардың төлдерімен таныстыру, тақпақтарды жатқа айта білуге үйрету, сөздік қорын молайту, үй жануарларының төлдерін ажырата білуге, күтіп аялуға тәрбиелеу.
Сөздік: пұшайт, көс, аухау, шөре.
Көрнекілік: қысқы орман, суреттер( үй жануарларының және оның төлдері )
Методикалық әдіс: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды тыныштандырып, сабаққа назарын аудару
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге қонақтар келіпті.
Балалар:- Саламатсыздар ма?!
Тәрбиеші: Өздерің қандай әсем, әп - әдемі киініп алыпсыңдар, қандай керемет.
- Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыз ерекше. Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулесінен шашу шашып тұр, сол күннің шуағынан жылу алып, қонақтарға жақсы тілектер айтайық.
1. Әрқашан күн сөнбесін,
2. Еліміз тыныш болсын,
3. Аспанымыз ашық болсын,
4. Деніміз сау болсын,
5. Отбасымыз аман болсын,
6. Бақшамыз бақытқа толсын!
Қайырлы таң, Қайырлы күн!


Ал, балалар, енді орнымызға отырайық.
- Балалар, қазір қай мезгіл? Қай ай?
- Қыс ерекшелігін сұрау, жауап алу.
- Қане енді тақтаға қаралық.
Мына суреттен қандай жануарды көріп отырсыңдар?
- Үй жануарлары.
- Ендеше үй жануарларын атап өтейік.
- Мынау жылқы
- Мынау сиыр
- Мынау қой
- Мынау түйе
Тәрбиеші: Балалар, бұл жануарлар үйде, жылы жерде, қорада тұрады. Олар жем жеп, су ішеді. Сондықтан біз оларды үй жануарлары дейміз.
Кенет есік қағылады: Бақташы кіреді.
- Саламатсыңдар ма, балалар.
- Балалар, менің қорамдағы малдарым төлдерімен шығып кетіпті, Олардың іздері осы балабақшаға әкелді.
- Балалар, бұл жануарлардың төлдері көрінбейді ғой, қайда кетті екен?
Тәрбиеші: Төлдерді көрмедік, мүмкін орманда адасып кеткен шығар, оларды табуға көмектесеміз бе?
Балалар:- Ия
Ендеше, Бақташы атаймен поезға мініп, бақша шетіндегі орманға барамыз.  
Ойын: Кәне кімнің бойы ұзын,
Паравозы ол поездің
Пыш - пыш етеміз,
Орманға біз жетеміз.
Міне балалар орманға да жеттік.
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілі орманға да келіпті. Орманда шыршалар ақ көрпеге ораныпты. Мұнда күн суық екен, біздің төлдер жаураған болар, тезірек шақырайық. Ал, сендер қалай шақыруды білесіңдер ме? Балалар:- Ия,- деді.
Суретті көрсете отыра, төлдерді шақыру.
1 - суреттегі Қой баласын, яғни төлін қалай шақырамыз?
Пұшайт - пұшайт деп қозыны шақырамыз.
2 - суреттегі Сиыр төлін:- аухау - аухау.
3 - суреттегі Жылқы төлін:- құрау - құрау.
4 - суреттегі Түйе төлін:- көс - көс.
Қозы, бұзау, құлыншақ, ботақанды аналарына қосу.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, үй жануарлары қандай бақытты. Төлдерін таба алмас еді, сендер көмектеспегенде.
Бақташы: Сендерге рахмет. осы төлдер туралы тақпақтар білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.
Балалар: Ия - деп жауап береді.
1. Тастан тасқа секірген
Өз бетімен жүгірген
Тыным таппас шұнағым
Келе қойшы, лағым.
2. Пана көзім нұр төккен
Осыншама үркек пе едің
Ботақаным жасыма
Келе қойшы қасыма
3. Төрт түлікте сұлуым
Желбіреген тұлымым
Сылап сипап тарайын
Келе қойшы құлыным.
Бақташы: Балалар, сендерге үлкен рахмет.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар поезға мініп, бақшамызға қайтайық.
Сергіту сәті: қайталау.
Бақташы: Мен жануарларды, төлдерімен алып үйге алып үйге қайтайын. Рахмет балалар.
Қорыту. Балалар, біз бүгін немен таныстық? Оларды неге үй жануарлары дейміз? Олардың төлдерін атайық.
Оларды қалай шақырамыз? т. б сұрақтар қойып, жауаптар алу.
Балалар, бұл үй жануарларының бізге тигізер пайдасы көп. Сиыр сүтімен, Жылқы етімен, Қой жүнімен, Түйе шұбатымен пайдалы.
Балалар осымен біздің сабағымыз аяқталды. Қонақтарға, сіздерге көп рахмет айтамын.
Сау болыңыздар!
5 285
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Ауылға саяхат
Ауылға саяхат
Балалардың үй жануарлар және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, оларды бір - бірінен ажырата білуді және дұрыс атауды бекіту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Сұрақ жауап арқылы балалардың ой – өрісін, тілін, зейінін дамыту.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×