Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы шырша тойы

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ертегілер арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеу (Шығармашылық жұмыс)
Мақсаты: Ертегі арқылы балалардың тыныс - тіршілігін, әдет - ғұрыптары мен дәстүрлерін, бақыт жолындағы күресін, өзара қарым - қатынастары мен мінез - құлықтарын, еңбексүйгіштігін, өз халқына, Отанына, туып – өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Кіріспе
Жалпы алатын болсақ, ертегілер - балалардың ақыл - ойын, адамгершілік қасиеттерін, сана - сезімін қалыптастырушы құрал. Ауыз әдебиетінің қай үлгісін алсақ та, онда болашақ жас ұрпақ үшін үлкен тәрбиелік мәні бар, рухани қазына жатыр. Сондықтан да, біз сол бай мұраны пайдалана отырып, балалардың бойына әдемілік, әсемдік қасиеттерін дамыта білуіміз қажет. Мейірім мен махаббатты, сұлулық пен әсемдікті адам бойына, жүрегіне ұялататын осы ертегілер екенін естен шығармауымыз керек. Сондай – ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой - өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда балалар бос уақытында әдеби кітаптарды оқи отырып, халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады. Осы мақсатта жүргізген ұйымдастырылған оқу іс - әректімді және ата - анамен жүргізген «Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс» атты тренингті ұсынамын.

Тақырыбы: Ормандағы шырша тойы
Білім беру саласы: Қатынас
Кіріктірілген білім салалары: Көркем әдебиет
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесімен таныстыру
1. Білімділігі: Мерекенің белгісі шыршамен таныстыру
2. Дамытушылығы: Балалардың сөздік қорын байыту. Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Сурет бойынша сөйлеу дағдыларын жетілдіру
3. Тәрбиелілігі: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызба технологиясы.
Көрнекіліктер мен құралдар: қысқы табиғат көрінісі, суреттер, жұмбақтар, ормандағы шырша тойының макеті, безендірілген шырша.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі
Әдепті елдің баласы алдымен амандасып алады.
- Сәлеметсіздер ме?
Сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жақсы тілектер тілейікші.
- Аспанымыз ашық болсын
Ата - анамыз аман болсын
Бәріміз дос болайық
Бәріміз күндей жарқырайық

І. Ой шақыру
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

ІІ. Қызығушылықты ояту
- Балалар, ендеше жан - жағымызға қарайықшы?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қане, қыс айларын айтайықшы?
- Жарайсыңдар, балалар
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Алдымызда қандай мереке келе жатыр?
- Жаңа жылда не істейсіңдер?
- Бізге шырша қайдан келеді?
- Шыршаның діңі бүдір ме, әлде жұмсақ па?
- Шыршада не көп?
- Шыршаның бұтақшаларында не бар?
- Инелер қандай?
- Шырша безендірілген бе?
- Шыршада не ілініп тұр?
- Жоғарыда қандай ойыншық ілініп тұр?
- Шыршаның түсі қандай?
- Шырша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Біз шыршаның жанында не істейміз?

ІІІ - Ойын «Шырша құрастыру»
Жұмбақтар шешу арқылы шыршаны құрастыру

Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады
Қырға сүйреп шығам, ойға мініп түсем
Тікен – тікен тік пісте,
Қысы, жазы бір түсте

ІV. Жаңа сабақ
«Ормандағы шырша тойы»
Әңгімені макетті көрсету арқылы түсіндіріп беру.

V. Әңгімені баяндау
- Руслан нешеге толы?
- Ол кімдермен тұрады?
- Үйлері қайда орналасқан?
- Қысқы демалысқа Русланның үйіне кім келді?
- Руслан терезеден қарағанда қандай құстарды көрді?
- Руслан неге таң қалды?
- Олардың көңіл күйлері қандай болды?

VІ. Сергіту сәті
Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
- Қуан, бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз

VІІ. Топтастыру стратегиясы
Суреттер арқылы жинақтап көрсету

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
МКҚК «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиешісі
Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 432
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік – рухани тәрбие
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса,
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Ертегілер елінде. Таңдау курсының бағдарламасы
Мектептің даярлық сыныптарында жүргізілетін «Ертегілер елінде» арнайы ұйымдастырылған дамыту, тәрбиелеу сабақтарының атқаратын рөлі зор.
Ертегілер. Сатқын жапалақ
Ертегілер. Сатқын жапалақ
Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанрының ерекшелігімен таныстыра отырып, оқушыны адалдыққа, батылдыққа, нысапшылыққа тәрбиелеу; ертегідегі оқиға желісінің байланысын, ертегідегі кездесетін оралымды сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін,
Бала тілін дамытуда халық  ауыз әдебиетінің алатын орны
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Ертегілер
Ертегілер
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка ауылы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×