Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ата - анамен жүргізілген тренинг
Тақырыбы: “Ананың алақаны - балаға айдынды қоныс”
Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Міндеттері: ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысын арттыру, балалардың білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Формасы: ата - аналар арасында тренинг
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жүрек суреті, жұмсақ ойыншық, қалам, түрлі - түсі конверт

І. Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады. Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын.... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
А. С. Макаренко «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді» деген екен.

«Танысу» жаттығуы
Қолымдағы допты бір - бірімізге беру арқылы есімдерін ататқыза отырып өз бойындағы үш қасиетін кезекпен айту.

«Менің отбасым»
Өзіміздің отбасымызды гүл бейнесімен суреттеп салып, талдап өтейік.

Ой - қозғау
“Бала деген кім?” туралы әрбір ата - ана ой қозғау жазады.

Сұрақ - жауап
Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

Бой сергіту сәті
«Тамаша, тамаша, ша, ша, ша. Гриса, гриса, са, са, са»

Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні - баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

● Жағымсыз қылық----------
● Жақсы қасиеттер------------

С и т у а ц и я л ы қ с ұ р а қ т а р
1 – сұрақ
«Балаңыз балабақшадан шағым айтып келді. Тәрбиеші ұрысқанын, енді балабақшаға барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2 – сұрақ
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай қоймастан жылай бастады. Сіздің әрекетіңіз?»
3 – сұрақ
Сіз тәрбиелі отбасысыз. Бірақ, балаңыздың жат әрекеттерге бой алдырып бара жатқанын байқадыңыз, балаңызды қалай қорғап қаласыз.
4 – сұрақ
Құттықтаймыз! сыйлық алдыңыз
«Өмір ағашы»
Сіздердің алдарыңыздағы жапырақ – балаларыңыз, енді осы жапыраққа өзіңіздің балаңызға немесе отбасыңызға жылы тілектеріңізді жазасыз. Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды сөз
Ата - ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес. Құрметті ата - аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп - көп рахмет айтамыз!

Қызылқоға ауданы, Миялы селосы
МКҚК «Жасұлан» балалар бақшасы тәрбиешісі
Айтжанова Әйгерім Кәдірбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 893
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жанұя бақыты
Жанұя бақыты
Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен жақсы қарым - қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің
Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата-аналар жиналысы: Баланың балабақшаға бейімделуі.
Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты
Біз бір-бірімізді түсінеміз бе? Ата – аналармен тренинг
Біз бір-бірімізді түсінеміз бе? Ата – аналармен тренинг
Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым – қатынас орнату.
Кел танысайық
Кел танысайық
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата - ана тәрбиесінің әдіс - тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым - қатынас орнату.
Тәрбие тал бесіктен
Тәрбие тал бесіктен
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×