Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балалабқша!

24 мам 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қош бол, балалабқша!

Шағын орталық түлектерімен қоштасу кеші.
Залға жүргізуші кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті аналар, әкелер, аталар мен әжелер. Бүгін біздің біраз көңіліміз алаңды, себебі бүгін қоштасар кез жетті.
2 жыл бұрын сіздердің қарақат көзді бүлдіршіндеріңіз былдырлаған тәтті тілімен,
Икемсіз келген түрімен,
Киіне де алмай шешіне де алмай,
Келген еді шынымен.
Уақыт қандай шапшаң еді
Ән де салып, би билеп, жүректерді тербеп
Үйренді бәріне, барлығы да керемет.
Бүгінгі мерекенің себепкерлері шағын орталығымыздың түлектерін қарсы алыңыздар!
Балалардың аты - жөні аталып залға бір бірден кіреді. (Оралханова Айым Мейрамханқызы)
Және де келесі жылы әлі балабақшада қалатын жұлдыздарымыз
«Балдаурен» әнімен балалар қолдарында шарлары шеңбер бойымен айналып кіреді. Шарларын биікке көтеріп, қолымызды оңға солға қозғалтамыз. Қыздар ұлдардың ортасынан 8 жасап өтеді. Іште бір шеңбер оңға, сыртта шеңбер солға жүреді. Жарты шеңбер жасап тұра қалады. Шарларын аспанға ұшырады.
Еркеназ: Балабақша, балабақша
Шаңырағы шаттықтың
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін
Сырым. Т: Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кезімізді біз бастайық
Жүздеріңнен көркем шаттық орайын
Босын солай әр бір, күнің әр айың
Тахмина: Бұл құшағы тым ыстық
Балабақша бастапқы
Мұнда жақын туыстық
Мұнда тұңғыш дос таптық.
Жүргізуші: Уақыт деген зымырап өте шықты, кешегі бүлдіршіндер бүгін міне, түлектер болып, бірінші қоштасу кешіне келіп отыр.
Тахмина - Балалар, ал сендердің естеріңде ме, алғаш келген кезде қандай едік?
Алихан: Мен анамнан қалғым келмей жылап кіретінмін.
Қуандық: Ал мен жолда келе жатып жылайтынмын.
Бақытжан: Мен болсам топа кіргім келмей тепкіленіп жылаушы едім
Алимжан: Мен қасық ұстауды білмей, тамақты Бұблұл апай беретін еді.
Ермұхан: Осының бәрін маңдайымыздан сипалап, еркелете білген екінші аналарымыз - тәрбиешілеріміз ғана көтере білді.
Ән «Тәрбиеші» («Әдемі» балалар әнінің әуеніне салынып айтылады)
Еркеназ - Акниет
Бізге тәртіп үйренткен
Ән салдырып, билеткен
Бәрімізге болып пана
Атандың екінші ана
Доспен тату ойнауды
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңіре білген
Көптің қамын ойлауды

Толық нұсқасын жүктеу
2 984
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Мектеп түлектерімен кездесу кеші
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Осыдан 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл бұрынғы мектеп түлектері алтын ұя мектебімен қауышқалы отыр! Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп түлектері есінде мәңгі өшпесі анық.
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші
Балабақшамен қоштасу кеші Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың балабақшамен қоштасу ертеңгілігіне Қандыағаш қаласының №24 "Күншуақ" балабақшасының "Құлагер" тобының түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен
Ұстазға арнау би қойылымы
Ұстазға арнау би қойылымы
Балаларға би тақырыбын түсіндіре отырып, ұстаздарға деген сый – құрметін арттыру. Биді әдемі, ұқыпты билеуге тәрбиелеу.
Келді,көктем құлпырып
Келді,көктем құлпырып
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×