Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру

15 наурыз 2020, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас, Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту, Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық бұйымдарымен таныстыру.
Мақсаты: Халқымыздың қайнар көзі – қазақтың ұлттық бұйымдары туралы ұғымды бала жадына кең, бай, мағыналы көлемде түсінік бере отырып, олардың шығу, жасалу, қолданылу тарихы туралы сыр шерту.
Дамытушылығы: Балалардың ұлттық бұйымға деген қызығушылығын, сана - сезімін, ынта - жігерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Балаларға саналы сұлулық бейнесінде көркем дүниені меңгерте отырып, дәстүрлі шеберлік өнерді қадірлеп, қастерлей білуге баулу.
Сөздік жұмыс: зергер, сақина, шолпы, білезік, камзол, мосы, жүкаяқ, иінағаш, өңіржиек, т. б.
Әдіс – тәсіл: саяхат сабақ – мұражайға.
Көрнекіліктер: ұлттық зергерлік бұйымдар.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ашық оқу іс – әрекетімізді қаламыздағы Т. Г. Шевченко мемориалдық мұражайынан бастаймыз.
Орталық алаңдағы Т. Г. Шевченко мұражайы.
Балалар мұражай қызметкерлерімен амандасады.

Шаттық шеңберіне жиналу.
Атым – қазақ, текті батыр ұланбыз,
Қадірлейміз қазағымның мұрасын.
Әдептілік – сұлулық пен теңдессіз,
Дәріптейміз ата дәстүр бұлағын.
Тәрбиеші: - Балалар мені сұлуландырып тұрған не нәрселер деп ойлайсыңдар?
Балалар: - Сіздің әдемі болып тұрғаныңыздың себебі, мойныңыздағы моншағыңыз, құлағыңыздағы сырғаңыз, қолыңыздағы жүзігіңіз.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар! Олай болса, мұражайдағы құнды дүниелерге ретімен тоқталайын. Қазақтың салт – дәстүрі мәңгі ұшан – теңіз. Асыл қазына ұлттық бұйымдар ғасырдан – ғасырға сақталып жалғасын тауып келе жатқан көне дерек.
Қазақтың ұлттық бұйымдары – түпсіз терең дария. Сол шексіз мұхиттан таралған текемет, алаша, қоржын, аяққап, сырмақ, кебеже, адалбақан, шайсандық, жүкаяқ, бойтұмар, шашбау, шолпы, өңіржиек, алқа, сақина, сырға, қамшы, сойшаңғы, шақша, абдыра, кебенек, камзол, бешпент, тақия, шапан, сәукеле, қапсырма, т. б. түрлері өте көп. Олардың әрқайсысының өзіндік мән – мағынасы, ерекшелігі, көздің жауын алатындай ғажап көрме.
Мысалы: асадал – тамақ салатын ағаш ыдыс, аба – жауынгер киімі, сойшаңғы – жылқының жіліншік сүйегінен екіге жарып жасалады, шашбауды тоғыз теңгеден тұратын күміс бау, жүзік, сақинаны саусаққа тақса, өңіржиекті омырауға тағады.
Сырмақ – киізден сырып оюлап жасалса, аяққап – киізден жасалған ыдыс – аяққа арналған қапшық. «Сылдырлатсаң тиынды, жоғалтарсың сыйыңды» демекші қыздарға, ана – апаларға сәнді түйреуіштер күміс түймелер өз жарасымымен сұлу келбет берген. Балалар, қандай тақпақтар білесіңдер?

Айым: - Сылдыр – сылдыр, сырғалым,
Құлағыма тағар кім?
Сұлу болып әрдайым,
Сырғалы қыз атандым.

Айсұлу: - Өңіржиек – өмірдің өзегіндей,
Көрік берер аруға жезі мөрдей.
Қазағымның оюлы – әшекейі,
Мұра болып қалары сөзсіз білгей!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Толық нұсқасын жүктеу
35 134
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киім: Шапан
Ұлттық киім: Шапан
Балалардың сөздік қорын молайту, ұлттық сана - сезімін ояту, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қазақтың әшекей бұйымдары
Қазақтың әшекей бұйымдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің педагогика пәнінің оқытушылары Джанизакова Аккенже Джанизаковна Кожакова Алтын Инаматовна
Қазақтың қолөнер бұйымдары
Қазақтың қолөнер бұйымдары
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет - Рашидқыз
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Он саусақ
Он саусақ
Әркімге керек қол өнер Он саусаққа он өнер Түгел болар дүниең Біліп алсаң оны егер.
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×