Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жомарт ата бағында

25 қазан 2022, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Жомарт ата бағында»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту, күз туралы өлең, тақпақтар, мақал - мәтел, жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін жетілдіру. Күзде өнім беретін жемістер мен көкөністерді ажырата білуге жаттықтыру. Көрсету, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын түрлері әдіскерлік тәсіл ретінде қолданылады.
Сөздік жұмыс: өнім, салқын. Көрнекілік: көкөністер, жемістер, муляждар, жапырақтар, күз мезгілі бейнеленген суреттер, автобус.

Балалар қонақтармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне жиналу.
Шаттық шеңбері:
Армысыз көк аспан!
Армысыз алтын күн!
Армысыз жер ана!
Армысыз қонақтар!
- Балалар, саяхатқа қандай көлік түрлерімен шығуға болады?
Автобус, ұшақ
- Біздер, «Жомарт атайдың бағына» саяхатқа шығамыз.
Саяхатқа автобуспен шығамыз.
Кәне, балалар, автобусқа
жайғасайық. Қоғамдық орындарда, автобустың ішінде әдептілік сақтап, қауіпсіздік жағдайларды есімізден шығармайық.
- Балалар, айналамызға көз салып қарап отырайық. Жомарт атайдың бағына жақындап аялдайық.
Айналадан нені байқадыңыздар?
Жапырақтардың жерге түсіп жатқанын
Қазір қай мезгіл?
Күз мезгілі.
Жапырақтардың түсі қандай?
Сары
Құстар қай жаққа ұшып бара жатыр?
Жылы жаққа
Балалар көкөністер мен жемістерді не істеп жатыр?
Жинап жатыр
Мына көліктер не жинап жүр?
Бидай

Міне, балалар күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі. Диқаншылар егін орып қамбаға егін жинайды. Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Күз жылдың берекелі мезгілі.
- Балалар, біздер Жомарт атайдың бағына барып, атамыздың жемістері мен көкөністерін жинасып көмектесейік.
Сәлеметсіз бе, ата?
Жомарт ата: балаларым, менің бағыма қош келдіңіздер. Менің ағаштарым мен жерім биылғы жылы көп өнім берді. Мен жинап үлгере алмай, сіздерді күтіп отыр едім. Жомарт атамызға күз туралы кім тақпақ айтып береді?
Алтынай: Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды.
Аида: Алтын, сары, қызыл. көк
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Нұрай: Астық, жеміс
жиналды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім, сыйымды
Есет: Сап - сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен

Мақал - мәтел кім біледі?
Ағаш көркі - жапырақ
Еңбек - ер атандырады

Жомарт атамыздың жемістері мен көкөністерін ажыратып берейік.
Ойын: «Жеміс пе, көкөніс пе?»
Шарты: балалар, екі себетке жемістер мен көкөністерді ажыратып жинайды.
Кәне, балалар жұмбақ шешейік. Атамыз бізге жұмбақ айтады, біздер шешуін табамыз.
Жұмбақ
1. Әрі қызыл, әрі тәтті
Татқан жанды таңырқатты.
/Қарбыз/

2. Қолыңмен тиме,
Үсті толған ине.
/Кірпі/

Жомарт ата: Ой, балаларым менің берген тапсырмамды мүлтіксіз
орындап, жемістерім мен көкөністерімді де жинап бердіңіздер. сіздерге рахмет. Өте білімді балалар екенсіздер. Мен енді сіздермен қоштасып бағымды аралап жүре берейін.
Міне, балалар кірпі не жегенді жақсы көреді екен? Жан - жануарлар да жеміс - жидектермен қоректенеді екен.
Шығармашылық жұмыс
Кірпінің үстінде не болады?
Алдарыңыздағы ермексаздан жасалған кірпінің мүсініне шекілдеуіктің дәнінен инесін жасаймыз.
Сергіту сәті
Жел соқты гу - гу
Жаңбыр жауды тырс - тырс
Жаңбыр басылды
Күн ашылды
Балаларды мадақтау

Балалардың кірпінің инесін дәннен жасауы.

Оқу іс - әрекетін «Күз жомарт» әнімен қорытындылау.
«Күз жомарт»әні

Күтілетін нәтиже
Білуі керек: күз мезгілі туhалы
Болуы керек: есте сақтау қабілеті
Қолынан келуі: кірпіні мүсіндей білуі

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Раушан Сисенбаева
10 619
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Күз туралы білімдерін толықтыру, көкөністер мен жемістерді сипаттай білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркемдік талғамын дамыту, сөздік қорын молайту. Адамдар еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Жомарт күз
Жомарт күз
Балаларға күз мезгілінің ерекшелігі туралы түсінік беру. Балаларға күз сыйлығы, жемістер мен көкөністер туралы түсінік беру мен түстер мен пішіндерді ажыратуға үйрету. Ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Көктем келді
Көктем келді
Педагогтің сұрақтарына байланысты жауаптар қайтаруға (қар ериді, күн жылынды, құстар ұшып келеді), сөздерге анықтама таңдауға (күн ашық, гүлдер әдемі) үйрету. (к) дыбысының дұрыс айтылуын бекіту.
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×