Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқын көбелектер

30 қыркүйек 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы аулы.
Балабақша тәрбиешісі Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы

Тақырыбы:«Жарқын көбелектер»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сурет салу
Пән аралық байланыс: айналамен таныстыру, көркем әдебиет
Мақсаты: - қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту;
бояуды таңдауға, бірнеше түстерді қосу арқылы қажетті түс шығарып алуға үйрету;
«кляксография» тәсілімен таныстыру.
Алдын - ала жүргізілген жұмыс: көбелектерді бақылау
Көрнекіліктері: ақ қағаз, көбелектің суреттері, қарындаштар, палитра, бояу, қылқалам, су құятын құты.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, сергіту сәті, өлең оқу, кляксография.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балаларды ұйымдастырып, назарларын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз,
Қайырлы таң достарым!
Балаларға А. Сарсековтың «Көбелек» өлеңін оқу:
Мен тимеймін, жасқанба,
Дос болайық, көбелек.
Жайнап тұрған бақшамда
Гүлдерімді көре кет.
Тұтқиылдан састыра,
Жаңбыр жауса себелеп,
Тақиямның астына
Тығыла ғой, көбелек.
Балаларға көбелектердің суреттерін көрсету. Олардың қандай болатыны жайлы балалардан сұрау.

– Көбелектер қандай болады?
– Көбелектер не жақсы көреді?

Сергіту сәті.
Көбелек - ау, көбелек,
Біздің гүлге қона кет.

Балаларға жұмысты орындалу ретімен көрсете отырып таныстыру.
1. Қылқаламды таза суға батырып, онымен бояудың үстіне су тамызу. Бояудың жарты бөлігі су болады. Енді бояуды сумен араластырамыз.
2. Араластырған бояуға қылқаламды батырамыз. Қылқаламмен көбелектің оң жақ қанатына дақ түсіреміз. Алдымен сары, одан кейін қызыл түс, содан кейін көк түсті кезекпен тамызамыз. Әрбір бояу түсін пайдаланған соң, қылқаламның ұшын тазалап жуып отырамыз.
3. Қағазды дәл ортасынан бүктеп, көбелектің сол жақ қанаты мен оң жақ қанатын беттестіреміз де оны қолымызбен үстінен сипаймыз. 1 - ден 5 - ке дейін санаймыз.
4. Көбелектің қанатын ашамыз.

Толық нұсқасын жүктеу
17 170
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбелектер
Көбелектер
көркем - ойындық бейнелерге сай қимылдарға еліктеу, әуенді есту, сезіну, ән айту қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Түсті шарлар
Түсті шарлар
Балалардың ой - өрісін дамыту, шарлар әлемімен таныстыру, жыл мезгілдері туралы толық меңгерту. шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, түстерді ажырата алуға баулу, бояуды дұрыс қолдануға үйрету, мерекелер туралы түсіндіру.
Көбелектер
Көбелектер
Қоршаған ортадағы сан алуан түстердің кереметтігі жөнінде айту. Білімдерін кеңейту, бекіту. Тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізуге дағдыландыру. Балалардың жадында түстердің жатталып, ажырата білуіне дағдыландыру.
Ғарышқа сапар
Ғарышқа сапар
Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Таным белсенділігін дамыту.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Көбелектер
Көбелектер
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің балабақша тәрбиеші: Достаева Алиса
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×