Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ қоян

06 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ақ қоян
Сабақтың мақсаты: Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктерді пайдалана отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктер: Қоянның суреті, слайд тақта.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбер!
"Қояндар полькасы" биі

2. Өткенді қайталау.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем айларын атайықшы?
- Көктем мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Бір аптада неше күн бар?

3. Жаңа сабақ.
- Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ақ қоян.
Балалар мен қазір сіздерге жұмбақ жасырамын жұмбақтың жауабын шешейікші.
Көлеңкесінен қорқып безектейді
Ал оның баласын көжек дейді.
Балалар: Бұл қоян.
Тәрбиеші: - Жарайсыздар балалар, бұл қоян.
Балалар тақтаға назар аударайықшы.
- Бұл қандай аң?
- Қоян
- Ол қайда мекендейді?
- Орманда, үйде.
- Қоянның баласын қалай атаймыз?
- Көжек
- Қоян қандай аң?
- Қорқақ, құлағы ұзын, сүйкімді жануар.
- Қоян немен қоректенеді?
- Сәбізбен
Тосын сәт.
Балалар, бізге қонақ келген сияқты, есікті біреу соғып тұрған секілді.
Секіріп қоян кіріп келеді:

- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:- Сәлеметсіз бе, қоян!
Қоян:
- Мен сіздермен танысайын деп қонаққа келе жатырмын.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе қоян! Қош келдіңіз, біз сіз туралы айтып жатырған едік.
Қоян:
- Солай ма? Онда мен жақсы келген екенмін.
Тәрбиеші:
- Сіз жайғасып, тынығып алыңыз. Біздің балалар сізге арнап тақпақтар айтып берсін. Қане, кім қоянға арнап тақпақ айтады?

Аян:
Ақ қоян - ау, ақ қоян
Кетпе деймін қасымнан
Барма, сірә, мұндай аң,
Өз - өзінен шошынған.

Жұмабаева Асылай:
Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес өжетпін.
Маған зорға тигені - ай
Үлкендерден кезектің.

Алижан:
Ерінбе қояным,
Ертеңмен оянған.
Секеңде сен енді
Шынықтыр денеңді

Асылай:
Қоян, қоян тұршы,
Беті қолыңды жушы.
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы.

Ренат:
Ақ қоян - ау, ақ қоян,
Үркек қоян, сақ қоян.
Қаша берсең орманға,
"Қорқағым"деп ат қоям.

Қоян: Ой, бәрекелді! Мен жайлы әдемі тақпақтар айтып бердіңіздер. Рахмет сіздерге!
Тәрбиеші:- Жарайсыздар балалар! Қане балалар, олай болса орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен,
Ытқып - ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Ендеше балалар ойын ойнайық.
Ойынның аты:"Қай аңның сүйікті асы" деп аталады.
Ойынның барысы: Бірнеше баланы ойынға шығарып, мына жануарлар қандай тағаммен қоректенетінін балалар табу керек. Ойынды қызықты етіп ойнау.

Қоян:- Ой рахмет, жақсы балалар екенсіңдер мен туралы көп мағлұмат тақпақтар біледі екенсіздер. Олай болса мен жүрейін, тағыда баратын жерлерім бар еді.
Тәрбиеші: Ақ қоян сау болыңыз. Олай болса балалар біз бүгін қандай тақырыпта сабақ өткіздік?
- Қоян тақырыбында.
- Қоян қандай аң екен?
- Қорқақ құлағы ұзын, әдемі, сүйкімді жануар.
- Ол қайда мекендейді екен?
- Орманда
- Қоян немен қоректенеді?
- Сәбізбен.
Жарайсыздар балалар! Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңыздар.
Аян, Асылай, Алижан, Асылай, Ренат қоянға жақсы тақпақтар айттыңыздар. Осымен оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар балалар! Келген қонақтарға сау болыңыздар деп айтайық!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Мұқашева Айман Қранқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 907
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян
Қоян - жазда аптап ыстықта қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.
Мақтаншақ қоян ертегісі
Мақтаншақ қоян ертегісі
Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Ақ қоян – ау, ақ қоян. Үркек қоян, сақ қоян, Дыбыс шықса қашасың Таудан бір – ақ асасың
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
1, 2, 3, 4, 5 цифрлары туралы өткенді пысықтау
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасы тәрбиешісі: Талапкер Асылай Мұхамбетқызы
Қайырымды қоян
Қайырымды қоян
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының бастауыш сынып мұғалімі: Шоныкбаева Айсапар Есенгалиевна
Дала жануарларының тіршілігі
Дала жануарларының тіршілігі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×