Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келді,көктем құлпырып

07 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданында
"Айгөлек" бала-бақшасының тәрбиешісі
Алипкалиева Тажигуль Ибраевна

Келді, көктем құлпырып

Зал іші көктем мерекесіне сай безендірілген. Көңілді әуен ырғағымен бір ұл, бір қыз бала залға кіреді.
Жүргізуші: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар,
Аналардан небір туған балалар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Құрметті аналар, әжелер, ару қыздар, әріптестер, балабақша бүлдіршіндері!
Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы - 8 - наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің, яғни «Қарақия» тобының сіздерге арнаған «Келді, көктем құлпырып!» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар!

Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!» орындайтын хор.
Осы кезде залға ән салып, Көктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер!

Жүргізуші: Көктем, біздің балалардың бәрі де әдемі, ақылды, ал бүгін ерекше көңілді. Себебі, олар аналарының мерекесіне өз өнерлерін сыйға
тартпақшы.
Көктем: Иә, бүгін көңілді мереке. Мен де әжемді мерекесімен құттықтауым
керек. Бірақ әуелі мына әдемі, сүйкімді балалармен билегім келіп тұр.

Би: «Көбелектер».

Жүргізуші: Сұлу Көктем, сізде керемет биші екенсіз. Енді, біздің балақайлар сізге арнаған тақпақтарын айтып берсін.

Батыр: Қандай қызық көктемде,
Күн шуағын төккенде.
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге.

Нұрсая: Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Ән: «Апам үшін» орындайтын Әмірқызы Алтынай.
Жүргізуші: Аяулы асыл аналарымызға арнаған тақпақтарға кезек берейік!

Айсұлу: Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.

Есет: Бәрімізге анасың,
Бізге күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, Анашым!

Алтынай: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын, теңдік алған,
Қуанышты мерекең.

Жүргізуші: Осы залдағы бәрімізде сәбилік шақты басымыздан кешірдік. Бір сәт сол сәбилік шағымыздың естелігі ретінде, «Сәбиімізді
тамақтандырайық» ойынын тамашалайық. Ортада аналар тобы.
Жүргізуші: Рахмет, аналар! Сәбилеріңіздің жүрекжарды тақпақтарына кезек берейік.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 762
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Ардақтысың сен – ана! мерекесі
Музыкалық тақырыптық шығармаларды сауатты орындау арқылы балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Анаға, әжеге деген сүйіспеншілікті ән құдіретімен жеткізу. аналарымызды сыйлауға тәрбиелеу.
Аналар мерекесі
Аналар мерекесі
Балалардың 8 – ші наурыз жайлы түсінігін молайту. Үлкендерді, бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу. Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту. Мерекелік көңіл – күйлерін көтеру.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Анама арнап ән саламын!
Анама арнап ән саламын!
Шуақты көктем келді гүлін алып, Көктемнің берекесі бүгін анық. Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар, Ана деп бас иеді күллі халық.
Көктем
Көктем
8 - сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×