Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не неден жасалған. Заттардың адам өміріндегі маңызы. Қағаз

08 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Бөлімі: экология негіздері, өзін өзі тану, көркем әдебиет.
Оқу іс – әрекет түрі: Қоршаған орта.
Тақырыбы: Не неден жасалған. Заттардың адам өміріндегі маңызы. Қағаз.
Мақсаты:
- балаларды табиғи материалдан жасалған заттардың түрлерімен таныстыру;
- әртүрлі материалдан жасалған заттарды топтастыра білуге үйрету;
- балалардың қағаз туралы түсініктерін бекіту, оның қасиеттері туралы білім беру;
- кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Билингвалды компанент: қағаз - бумага, кітап - книга.
Сөздік жұмыс: картон, тегіс, тығыз, бұдыр, жылтыр.
Технологиялық қамтамасыз ету: қағаздың түрлері, дидактикалық ойынға қажетті құралдар, суреттер, тәжірибе жасауға арналған құралдар, АКТ.
Жеке жұмыс: балаларды сұрақтарға толық жауап беріп, қорытынды жасай білуге үйрету.

Жүру барысы:
Тәрбиеші:
- Балалар ең алдымен мына жұмбақтың шешуін табыңдар:
«Қобдиында қайырлы,
Қазынаның бәрі бар.
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар» ( кітап)
Тәрбиеші:
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, кітап неден жасалған?
Балалар: қағаздан, картоннан.
Тәрбиеші:
- Дұрыс. Айтыңдаршы, ағаштардың қандай маңызы бар?
Балалардың жауаптары: жасыл ағаштар ауаны тазартады, табиғатқа көрік беріп тұрады, ағаштан жиһаздар, үй т. б қажетті заттар жасайды.
Тәрбиеші:
- Балалар, ағаштан қағаз жасалады екен, ол жөнінде кейіннен айтып беремін, ал қазір біздер қағаз және оның яғни қағаздың қасиеттері туралы әңгімелесеміз. Сендердің алдарыңда партада қағаздың үлгілері жатыр, соған зер салып қараңыздаршы, қағаз қандай болады екен?
Балалардың жауаптары: жұқа, тығыз, тегіс, ақ қағаз, түрлі - түсті қағаз т б.
Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, балалар. Енді біздер тәжірибе арқылы қағаздың қасиеттерін есімізге түсіреміз.
Тәжірибе №1.
Тәрбиеші ашық түсті ойыншықты алып, оны үстел үстіне қояды. Алдымен тәрбиеші әйнек алып, балалар сол арқылы ойыншықты қарайды. Біз ойыншықты неліктен көріп тұрмыз? Өйткені әйнек мөлдір.
Тәрбиеші: Енді әйнектің орнына қағаз парағын аламыз. Қағаз арқылы ойыншық көрініп тұр ма? Жоқ. Өйткені қағаз мөлдір емес. Бұл қағаздың қасиеті. Балалар, қағаз қандай?
Балалар: Қағаз мөлдір емес.
Тәжірибе №2.
- Қазір екінші тәжірибені жүргіземіз. Үстел үстінде ішінде су құйылған екі стакан тұр. Бірінші стаканға металл қасықты, ал екінші стаканға қағаз сүрткішті ( салфетка) саламын. Қасық салған стаканда не байқадыңдар? Ештеңе. Ал сүрткіш қағазымызға не болды? Ол толығымен ылғалданды. Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, жаңбырлы күні қағаздан жасалған қолшатырмен көшеге шыға аламыз ба? Жоқ. Өйткені қағаз қолшатырдан су өтіп кетеді. Бұл қағаздың екінші қасиеті. Балалар, қағаз қандай?
Балалар: қағаз тез ылғалданады, яғни су өткізеді.

Тәжірибе №3.
Тәрбиеші: Менің қолымда екі лента бар. Біреуі қағаздан, ал екіншісі – матадан жасалған. Қазір екі қыз шығып осы ленталарды қуыршақтың шашына байлайды.( балалар шығып орындайды). Не болды? Мата лента байланады, ал қағаз лента байланбай жыртылып қалады. Бұл қағаздың үшінші қасиеті. Балалар, қағаз қандай?
Балалар: Қағаз оңай жыртылады.
- Балалар, бүгін мен сендермен үш тәжірибе жасап, қағаздың кейбір қасиеттерімен таныстыңыздар. Балалар, қағаздың тағы да қандай қасиеттерін білесіңдер?
Балалар: қағаз отқа жақсы жанады, оның иісі жоқ, оған сурет салуға, жазуға болады, қағазды умаштаған кезде сықырлаған дыбыс шығады.

Атырау қаласы,
№8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы
МАД тобының тәрбиешісі - Дюсемалиева Гүлсім Жексенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 793
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Көңілді шарлар
Көңілді шарлар
Балаларға шарларды таныстыру. Шарларды атап, түстерін ажырата білуге үйрету. Шарды кілегеймен ақ қағазға жапсыруды үйрету.
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Бейнелеу пәні бойынша ойындар
Әртүрлі пішіндер мен элементтерден өз бетімен өрнек құрастыру. Балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Аппликация
Аппликация
Құрманғазы ауданы, Н. К. Крупская атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тастемирова К.Е.
Металл мен ағаш қасиеттерімен танысу
Металл мен ағаш қасиеттерімен танысу
Өскемен қаласы, "Ахмер орта мектебі" КММ, шағын орталық тәрбиешісі Муканова Айгерим Бауыржановна
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×