Қазақстанның
білім беру порталы.

Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық

10 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Сисенбекова Алия Озганбаевна

Сабақ тақырыбы: «Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық»
Сабақ мақсаты: 1. Балалардың жыл бойына алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту.
2. Балалардың шығармашылығын жұмбақтар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: шарлар.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, амандасайық!
- Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбер!

2. Өткенді қайталау.
Тәрбиеші:
- Қазір қандай мезгіл?
- Көктем мезгілі.
- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?
- Көктем мезгілі 3 айдан тұрады.
- Көктем айларына қандай айлар жатады?
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада 7 күн бар.
- Апта күндерін атайықшы?
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі жексенбі.

3. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Күлдіргеннің тапсырмасын орындайық».
Тосын сәт:
- Балалар, есік қағылған сияқты кім екенін қарайықшы.
- Балалар бізге қонақ келіпті. Қонаққа күлдірген келді.
- Кім келді балалар?
- Күлдірген.
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Сәлеметсіз бе, Күлдірген.
- Мен Күлдіргенмін, Күлдіргенмін.
Балабақшаларды аралап ойын - сауық құрамын.
Бүлдіршіндерді күлдіремін.

Тәрбиеші:
- Күлдіргеннің қолында нелер бар?
- Шарлар
- Шарлардың түстері қандай?
- Қызыл, жасыл, сары, көк.

Күлдірген:
- Дұрыс айтасыңдар балалар! Менің қолымда шарлар, мына шарлардың ішінде тапсырмалар бар. Сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім. Сол тапсырмаларды орындаймыз ба?
Балалар: - Ия, орындаймыз.

I тапсырма: «Тіл дамыту» сабағы
Күлдірген:
1 - сұрақ: - Біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: - Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Күлдірген:
2 - сұрақ: - Қазақстан Республикасының елбасының аты кім?
Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Күлдірген:
3 - сұрақ: - Бас қаламыз қалай аталады?
Балалар: - Астана.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 568
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жемістер
Жемістер
Жемістердің түрлері мен таныстырып, оларды бір-бірінен түсі, пішіні, дәмі арқылы ажыратып білуге үйрету. Балалардың сүйіп жейтін жемістерімен жақын таныстыру, түстер туралы ұғымын бекітіп, ойлау қабілеті мен сөздік қорларын жетілдіру
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Жас Астрономның тапсырмалары
Жас Астрономның тапсырмалары
Балаларға жыл бойына үйренген оқу іс - әрекеттер білімдерін тиянақтау, сөздік қорын дамыту, ойлау, көру жүйесі арқылы қабылдау қабілеттерін дамыта отырып, ауыз екі сөйлеуге баулу.
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Апта күндері. Атауы
Апта күндері. Атауы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жиенбекова Баян Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.