Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа - жыл кешінде

19 қараша 2015, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Түпқараған ауданы, Баутин ауылы,
"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Жолдыбаева Анар

«Жаңа - жыл кешінде»
Мақсаты: Балаларға жаңа - жыл мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру. Аяз - ата, Ақшақар кейіпкерлерін күте білуге, құрметтей білуге, жақсы көңіл - күймен қарсы алуға үйрету.
Жүргізу Анар: Саламатсыздар ма? Қымбатты балалар және құрметті ата - аналар! Сіздерді жаңа - жылдық мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Келді жылым бақытым
Кемелденді уақытым
Сәлем саған жаңа - жыл
Жаңа бақыт жаңа жыр
Әкелді жыл, ырыс құт
Әлемде той тыныштық
Жарқын өмір жаңаша
Жаңа жылым тамаша.
Құттықтау сөз: «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі
Бердібаева Сания ханымға беріледі.
Жүргізуші Анар:- Рахмет айтқаныңыз келсін.
Келесі құттықтау сөзді ата - аналарға береміз.
Жүргізуші Анар: Айтқаныңыз келсін!
Жүргізуші Анар: Балалар бізге жаңа - жыл мерекесіне кімдер қонаққа келді?
Балалар: Аяз - ата, Ақшақар.
Жүргізуші Анар: Дұрыс айтасыңдар. Ал енді Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Ақшақар, Ақшақар.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе Ақшақар.
Жүргізуші Анар: Амансың ба Ақшақар? Ақшақар сен жолшыбай Аяз - атаны көрген жоқсың ба?
Ақшақар: Жоқ, көргенім жоқ. Аяз - ата менен бұрын келіп қалды ма деп едім.
Жүргізуші Анар: Ал сендер ше балалар Аяз - атаны көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ, жоқ.
Жүргізуші Анар: Аяз - ата өзі қандай болады білесіңдер ме?
Балалар: Иә білеміз.
Абылай: Сақалы аппақ күмістей.
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны.
Сағындым аяз - атаны
Жылдамырақ келсе екен.
Бізге ойыншық берсе екен.
Жүргізуші Анар: Ә, солай ма екен. Ендеше бәріміз Аяз - атаны қарсы алуға дайындалайық!
Ақшақар: Балалар мен сіздерге үш жұмбақ жасырамын дұрыс жауабын айтсаңыздар бәріміз бірге Аяз - атаны шақырамыз.
Дайынсыздар ма?
Балалар: Дайынбыз.
Ақшақар: Жақсы, ендеше жұмбағымды жасырайын.
1. Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады.
(қар)
2. Көзі жоқ сурет салады.
Қолы жоқ шымшып алады.
(аяз)
3. Жасыл ине киемін.
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң.
Төріңдемін үйіңнің.
(шырша)
- Өте жақсы балалар Аяз - атаны қарсы алуға жақсы дайын екендеріңді көрсеттіңдер. Енді бәріміз Аяз - атаны шақырайық.
Балалар: Аяз - ата ау - у - у - у - у - у - у.
Аяз - ата сөзі:
Ақшақар сөзі:
Жүргізуші Анар: О, Алақай Аяз - ата.
Келді бізге алыстан.
Кәне досым қол ұстасып.
Ән айтайық шыршаға.
Балалар шыршаны айналып, « Елка жыры» өлеңін айтады.
Аяз - ата: Балалар сендер менен қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Аяз - ата: Егер мен сендерді мұздай қатырып тастасам ше?
Балалар: Біз қоян болып секіреміз.
Аяз - ата: Егер мен жел болып соқсам ше?
Балалар: Біздер тезірек орындыққа отырамыз.
Аяз - ата: Ал мен Үп - п - п деп үргенде балалар өз орындарына отырады.
Аяз - ата: Жарайсыңдар балалар. Тақпақтарды кім тезірек айтып береді? Кім өз өнерлерін көрсетеді?
Сезім: Тақпақтарды жаттадық.
Би де үйрендік көрсін деп.
Аяз - ата шаттанып.
Бізге риза болсын деп.

Жанайдар: Келіңдер, келіңдер.
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз - атадан.
Сыйлық алып көріңдер.

Зере: Кел балалар келіңдер.
Тамашаны көріңдер.
Аяз - ата келіп тұр.
Әдеппен сәлем беріп тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 865
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
Ақшақардың достары (ортаңғы топ)
Аяз - атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
Жаңа - жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме. Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме.
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Уа, халайық, жарандар, Айналаға қараңдар. Жаңа жылдың бұл тойын, Салтанатқа санаңдар!
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада
Жаңа жылдық шыршада. Музыка ойналып тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады. 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата - ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар және қадірлі қонақтар! 2 - жүргізуші: Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×