Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс келді

22 қараша 2015, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Балабақша тәрбиешісі Жанар Ашаевна

Қоршаған ортамен танысу
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Қыс келді» комплексті сабақ.
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат беру. Жыл мезгілдері жайлы білімдерін толықтыру. Қыс мезгіліне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа сөздермен сөздік қорын молайту. Жұмбақтар, өлеңдер, тақпақтар арқылы тілдерін ұстарту. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, қыс туралы өлең оқу, жұмбақ жасыру, сұрақ - жауап.
Сөздік жұмыс: ұлпа қар, қырау, аяз, боран.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері,
Керек құралдар: қыс мезгілінің суреті, шыны ыдыс, қар, желім, сүрткіш, мақта.
Психожаттығу: «Амандасу - сәлемдесу»
Қайырлы таң, аспан!
Қайырлы таң, күн!
Қайырлы таң, жер!
Қайырлы таң, балалар!
Енді балалар бір - бірімізге қарап, жылы жүзбен жымиып, жақсы көңіл - күй сыйлаймыз.

Сабақ барысы:
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Қар тоң еріп,
Су көбейіп,
Сай - салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады. /Көктем/

Өрік, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз.
Дүкендерге түседі. /Жаз/

Бұлттар төніп,
Жерге төгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады. /Күз/

Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды. /Қыс/

Таңғажайып сәт: Топқа почташы хат алып келді. (қыс суретін)
- Балалар, қазір мен сендерге өлең оқып беремін.
« Қыс» Автор: Абай Құнанбаев
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Қыс мезгілінің суретін қарастыру.
Қыс келді. Айналаның бәрі аппақ. Күн суық, аяз. Ағаштардың бұтақтарын қырау басқан. Қыста күн қысқарады, түн ұзарады. Үйдің мұржасынан түтін шығып жатыр. Балалар қыста шана, шаңғы, коньки тепкенді жақсы көреді. Кейбір балалар жотадан төмен қарай шанамен сырғанап келеді. Балалар қардан аққала жасады. Қыстап қалған құстар бұтақтарға қонып отыр. Балалар істеген жұмыстарына қуанды.

Қармен тәжірибе жасау.
Балалар қарды ұстап көреді. Қар түсі ақ, суық болады. Қарды шыны ыдысқа салып қоямыз. Сабақтын сонында көреміз.

Сергіту сәті:

Сұрақ - жауап:
- Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
- Иә, дұрыс, қыс мезгілі.
- Қыстың қандай ерекше белгілерін білесіңдер?
- Қыста қар, боран, аяз, күн суық болады.
- Қыста балалар не тебеді?
- Қыста балалар шана, шаңғы, коньки тебеді.
- Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

Жұмбақтар жасыру:
Қыста ғана болады,
ұстасаң қолың тоңады. (қар)

Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады. (аяз)

Тәжірибе жасаған қарымызды бақылау. Қар еріп, суға айналды. Қар жылы жерде еріп кетеді.

Балаларға дайын көгілдір қағазға «Қар жауып тұр» жапсыруды ұсынамыз.
Балалар қарды мақта арқылы жапсырады.
Қауіпсіздік ережесін естерінде сақтайды.
Балалар жапсыру жұмысын музыкалық әуен арқылы орындайды.
Жасаған жұмыстарын тақтаға ілеміз.
Сабаққа барлықтарын белсенді қатыстыңдар.
Балаларды мақтау, мадақтау.
76 941
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Сауат ашу және жазу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Егеменді Қазақстан
Егеменді Қазақстан
Темір ауданы«Алақай»балабақша «Алақай» балабақша тәрбиешісі Қуаншалина А. А
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×