Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан жер байлығы

01 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,
«Ақбота» шипажай типті балалар бақшасының тәрбиешісі
Қуанышбаева Гүлшара

Балаларды еліміздің жер байлықтарымен таныстыру. Елімізде өндірілетін қазба байлықтар жайлы түсінік беру. Балалардың өз отанын, туған жерін сүюге және туған жер табиғатына қамқорлықпен қарауға, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Мақсаты: балаларды еліміздің жер байлықтарымен таныстыру. Елімізде өндірілетін қазба байлықтар жайлы түсінік беру. Балалардың өз отанын, туған жерін сүюге және туған жер табиғатына қамқорлықпен қарауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан картасы, жер байлықтары туралы буклет.

Тәрбиеші: Құрметті балабақша қызметкерлері, бүлдіршіндер! Сіздерге зор денсаулық, бірлік пен береке тілей отырып, «Қазақстанның жер байлығы» атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз. Ендеше, балалардың өнерін тамашалайық.

Хор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.
- Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстанда.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Елордамыз қай қала?
- Астана
- Жарайсыңдар балалар!

1 - бала: Жаңарған берекелі еліміз бар.
Даламыз гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем байлығы мен Қазақстан
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

2 - бала: Қазақстан – шалқар мұхит айдыны
Алтын, күміс, қорғасын, мыс байлығы.
Ең сенімді байлығымның тірегі,
Адамдардың дос, бауырмал жүрегі.

Ән. «Жас дәуірдің түлегіміз».
Орындайтындар: Толғанай мен Дильназ

3 - бала: Алматы – жері жайсаң облыс,
Ақтөбе – өлке, ақ тарысы мол ырыс.
Атырау – мол Қазақстан мұнайы,
Жамбыл – жайлау қазыналы шырайлы.

4 - бала: Жезқазған – кең бұзылмаған қаймағы,
Көкшетау – көп - көгілдір аймағы.
Қарағанды – қара алтынның қоймасы
Қостанай – құт, қызыл бидай қамбасы.

5 - бала: Қызылорда – күріштің сыр сағасы
Орал мен Ақжайықтың жағасы.
Өскемен – өр шығыста Алтай асыл,
Павлодар қара Ертістің саясы.

6 - бала: Қызылжар – Солтүстігім орманды
Семей аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.
Талдықорған – жер жанаты көп бағы
Астана – Арқада астық алқабы,
Шымкент - ыстық оңтүстігім орманды.

Ән «Жаса Қазақстан» орындайтын: Рысбек

7 - бала: Өсірген жер мақтаны
Өсірген еп мақтаны.
Ағарады шығыстан
Секілді отан ақтаңы.

8 - бала: Күз туа дәні толғанда,
Судырап пісер ақ күріш.
Балада, қартта орғанда,
Қырманға толар бақ - ырыс.
Ән «Апам үшін» орындайтындар: Асылай мен Инабат.

9 - бала: Құрметте, достым, Қазақстан жерін,
Қамбаға жылда мол астық құйған.
Қазақстан Республикам менің.

10 - бала: Алтай бидай байлығым,
Жан шуағын жайды күн.
Астығымның арқасы
Асқақта айбыным.

Ән «Ақ көгершін» орындайтындар: Перизат пен Инабат.
«Жері байдың елі бай» дегендей Отанымыз, жеріміз туралы мақал - мәтел айту.

11 - бала: Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

12 - бала: Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отан – оттан да ыстық.

Хор «Атамекен»
Қазақстан республикасы – біздің сүйікті де ортақ Отанымыз. Біздің Отанымыз жер байлықтарына өте бай. Оны сақтау мен қорғау әрқайсысымыздың міндетіміз. Өз Отанымызды қорғап аялайық. Осымен, сіздерге арналған бүлдіршіндердің «Қазақстан жер байлығы» атты тәрбиелік шарасы аяқталды.
8 468
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Алтын күз сыйы
Алтын күз сыйы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші Жұбатова Күміскүл
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×