Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс – күштілер, батылдар, ептілер үшін (табиғат аясында өткізілетін денсаулық шарасы)

01 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы,
«Ақбота» шипажай типті балалар бақшасының тәрбиешісі
Қуанышбаева Гүлшара

Мақсаты: Қимыл - қозғалыс белсенділігін дамыту. Жылдамдық, ептілік, төзімділікті шыңдау, көңіл - күйге қуаныш әсерін сыйлау.
Қажетті құралдар: 2 шана, 2 кәрзеңке, картоннан жасалған сәбіздер, 2 шырша, саңырауқұлақтар, көз - мұрын жасау үшін материалдар, ойыншықтар, лента, туннель, отырғыштар.

Жүру барысы: Екі топқа бөлінген балалар ортасынан топ басшыларын сайлап ап, бір - бірімен амандасады.
І топ: «Алғырлар» тобы
ІІ топ: «Аңшылар» тобы

І. Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Аппақ қардың үстінде 2 топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден ауыздарына бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.

ІІ. «Кім жылдам?»
2 шанаға отырған екі баланы әр топтан бір - бір ойыншысы қар үстімен сырғаната отырып, межеге дейін жеткізіп, шардағы ілулі ойыншықтардан жинап алып, кейін қарай жарыса қайтады. Кім көп ойыншық жинаса, сол топ көп ұпайға ие болады.

ІІІ. «Аққала құрастыру»
Әр топтан екі - екіден ойыншы шығып, қардан домалата астыңғы бөлігін жасайды. Әуелі астыңғы бөлікті жасап алған соң, алғашқылары кейін жүгіре қайтып, өз тобына қосылады да, дайын тұрған келесі ойыншылар ортаңғы бөлікті жасауға кіріседі. Бітірген жұп кейін қайтып, келесілер үстіңгі бөлігін жасап бітіріп, мұрнын, көзін жасайды. Қай топ алғашқы болып бітірсе, сол топ көп ұпайға ие болады.

ІV. «Апандағы аю»
Балалар барлықтарыңда білесіңдер, аюлар қыста өз апандарында ұйқыда жатады. Олар өздерінің мазасын алғанды онша көп ұната бермейді. Ал бізге орманға барып, саңырауқұлақтар теріп әкелу қажет. Қайткенменде дыбысымызды білдірмей, сақ жүре отырып, алдымыздан кездескен кедергілерден жүре отырып, саңырауқұлақ тереміз. Бұталардың арасымен өткенде, сылдырлатпай, еш жерімізді тигізбей өтуміз керек. Ендеше, кеттік.
Екі ойыншымыз екі жақтан лентаны кере ұстап тұрады. Әр топтан бір - бірден ойыншы шығып, лентаны астымен кеудесіне тигізбей, шалқалап өтіп, туннельден өтіп, саңырауқұлақтарды теріп алып, кейін қарай гимнастикалық отырғыштар астымен еңбектеп өтіп барып, тез орнынан тұрып, жүгіре өз тобына қосылады. (Аюдың орнында бір бала ұйықтап жатады). Егер де сәл дыбысқа аю оянып кетсе, ол тап бергенде ойыншы денесіне дарытпай, қашып үлгеруі керек. Аюға ұсталған топтың ұпайы кемиді.

Осымен, бүгінгі мерекеміздің соңын қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттап, ауыспалы жалауымызды тапсырамыз.
36 777
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Түрлі бағытта жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеу
Мақсаты: Нұсқаушының белгісі бойынша балаларды түрлі бағыт бойынша жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық қабырға бойынша жоғары - төмен кезектескен қадаммен өрмелеуге үйрету. Допты басынан асыра лақтыруға және оны қағып алуға. дағдыландыру.
Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын
Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын
Салауатты өмір салтын, дене мәдениетін қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, өз отбасына, достарына қайырымдылық, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу
Оқушыларға футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету. Оқушылардың жан - жақты өсіп жетілуі, денсаулығын нығайтуы және күш, ептілік, төзімділік сияқты қимыл - қозғалыстарын арттыру.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Алтын күз сыйы
Алтын күз сыйы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші Жұбатова Күміскүл
Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Тепе - теңдік сақтау жаттығулары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектебінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×