Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жомарт күз

15 қазан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Жомарт күз»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.

Тәрбиеші: Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп.
Құрметті қонақтар, ата – аналар! Бүгінгі «Балбөбек» тобының «Жомарт күз» атты тәрбиелік іс – шарасына қош келдіңіздер!

Ақайша: Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді

Ақселеу: Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті

Айару: Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!

Би: «Жапырақтар» биі
(Музыка жетекшісімен. Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)
Аяна: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап,
Басым айналып барады!
Бекнұр: Енді, енді не етеміз?!
Аянаға қалай көмектесеміз?
Афрасиаб: Сабыр, сақта,
Дәрігер шақырайық!
Аяна: Жо – жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Бек: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Бекнұр: Жоқ, жоқ дәрі ішу зиян ғой, одан да дәрігер шақырайық!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер!
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағымдарың бар?
Бәрі бірге: Аянаға дәрігерлік көмек қажет!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын.
Дәрігер: А – а – а деп, қане, аузыңды ашшы.
Тістерің орнында, тамағың іспеген,
Қол аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен.
Білдім неден ауырғаныңды!
Ағзаңа дәрумендер жетіспеген!
Аяна: Енді не істеймін!
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс!
Көп көкөністер мен жемістер жеуге тырыс!

Камила: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық.

Меруерт: Дұрыс айтасың!
- Алло, алло! Қойма ма?
- Бізге жемістер мен көкөністер керек.
- Машинаға тиеп жіберіңіз!
- Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жеміс пен көкөністі тиеп әкеледі.)

Фарида: Мен алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым мінекей
Баптап ерек бағбаным!
Әнель: Мен өрікпін, өрікпін
Дәмімен тәтті еліттім,
Сүйіктімін сәбилерге,
Айтпасам да бөліп тым!
Гауһар: Мені бәрі жүзім дер
Бір – бірлеп дәмдеп үзіп жер
Қызықтырам көркіммен
Қатар – қатар тізілген!
Айғаным: Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!

Нұрпейіс: Мен қиярмын, сәндімін,
Салаттардың сәнімін,
Дәруменім мол менің,
Жегенге қуат сыйлаймын!

Аян: Таңдандырар бәрін,
Асқабақпын дәмді
Кептірілген дәнім,
Таптырмайтын дәрі!

Бағдәулет: Менің атым – қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз!
Әлшер: Мен картоппын, картоппын,
Бір қарасаң - доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!

Әбілмансұр: Әжем менің бақшаға
Әкелді сәбіз қаншама
Сол сәбізден дәм татып,
Бойым өсті соншама!
Айдар: Мен көкала – қарбызбын!

Зере: Қабат – қабат тоным бар
Қырыққабат мен болам
Аспаз тәтей дәмді ғып,
Дайындайды әрдайым.

Ғалым: Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың.

Бекболат: Сары алтындай дөңгелек
Қандай тәтті әңгелек.
Тәрбиеші: Балалар, көкөніс пен жемістерді үнемі жеп жүрсек біздің ағзамызға өте пайдалы екен. Ауырмаймыз, деніміз сау болады.

Тәрбиеші: Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!

Хор: «Жомарт күз»

Тәрбиеші: «Кім жылдам?!» ойыны
Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!

Тәрбиеші: Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында...
- Шаршауды білмеуге
- Көңілді би билеуге
- Әсем сазды ән салып
- Бір – бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз
Күзде неше ай бар? 3 ай
Оларды атаңдаршы? Қыркүйек, қазан, қараша
Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы? Салқын, жаңбыр жауады т. б.
Тәрбиеші: Сән әлемінен сырттап, құр қалмаңыздар. Күз - 2019» сәнді киімдер шеруін тамашалаңыздар! Сәнді киімдер шеруі: Фарида, Камила, Айғаным, Гауһар.
Ата – анамен ойын
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жемістерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбектену керек.

Хормен: Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз
Денсаулықты әрқашанда біз сақтап,
Бейбіт өмір баршаңызға тілейміз!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата – аналар! Осымен «Жомарт күз» атты тәрбиелік іс – шарамыз аяқталды. Сіздерге денсаулық, қуаныш, бақыт тілейміз! Алтын уақыттарыңызды бөліп, біздің іс – шарамызды келіп тамашалағандарыңызға мың да бір алғысымызды білдіреміз! Қош сау болыңыздар!

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі
Көшербаева Ақтоты
1 820
0
  • 20
1 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Аяулы, алтын күз
Аяулы, алтын күз
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл - күй орнату. Балаларды ән салуға, би - билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Армысыздар ұстаздар мен ата - аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Күз сыйлықтары
Күз сыйлықтары
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Алтын күзім арайлы!
Алтын күзім арайлы!
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №12 балабақшасының тәрбиешісі Сарыбаева Сағыныш Шегебайқызы
Алтын күз
Алтын күз
Қуаныштың ағайын, Қоңырауын қағайын. Қуандырып біздерді, Өлкемізге күз келді!
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Өлеңдер (оқушы шығармашылығынан)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің 3 сынып оқушысы: Бахтиярова Жансая
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.