Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Берекелі, мерекелі алтын күз!

21 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тәрбиеші: Күз де келді, алтын дәнін сапырып
Күз де келді, той –думанды шақырып
Күздің күні алтын нұрын шашады
Жердің жүзін шұғылаға батырып
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!
Берекелі, мерекелі алтын күз, құтты болсын!
Бүгін, балалар күз мерекесіне деген, қуаныш сезімдерін ән жолдармен, тақпақтармен былай жеткізеді.

Абылай: Қарашы күз келді, күз келді
Сары алтын жауыпты іздерді
Құс біткен керуенін түзеді
Қара бұлт қабағын түйеді

Жанель: Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Жетті міне, алтын күз

Тәрбиеші: Дәм атасы - ақ нан
Дастарханның басында
Үмітіндей ақталған
Мен де отырам қасыңда –дегендей осы нанның дастархан басына қалай келетінін білейік.

Жарнама: Жайқалып өскен бидайлар. Бидайлардың ортасында, құстардан қорғанып, қарақшы тұр. Бидайды көрген торғайлар, ұшып бидайдың жанына барады.Торғай:«Неткен көп бидай, жайқалып өскенін қарашы»
Қарақшы: «Кіш, бұзақылар! Мұндай бидайға қамқорлық керек. Бұл бидайдан «Цесна» ұны шығарылады. Цесна ұнынан нан пісіреді.

Тәрбиеші: Балалар, жеріміздің байлығы, тіршілігіміздің нәрі, дастарханымыздың сәні –нан екенін білесіңдер! Нанның дастарханға қандай қиын еңбек жолымен келетінін, мына ертегіден білеміз.

«Егінші мен қасқыр» ертегісінен көрініс.
Тәрбиеші: Балалар, жерімізді ырысқа толтырып, қарнымызды тойдырып, тоқшылыққа кенелткен егіншіге не айтамыз?- Хормен: «Рақмет, сізге егінші»
- Балалар, біздің мерекеге не жетіспей тұр деп ойлайсыңдар!
Алтын күз.
Алтын күзімізді, қошеметтеп қол соғып, қарсы алайық.

Тәрбиеші: Жомарт көңіл жарқын күз
Берекесі елімнің
Қош келіпсің жомарт күз
Құт қонағы төрімнің!
Күз: Ырысқа толы қоймалар
Сабан тойы тойланар
Берекелі күз болам
Байлыққа мұртың байланар

Тәрбиеші: Күз арқылы білеміз, жомарттықтың салтын біз, біз өзіңді сүйеміз!
Балалар: Рахмет саған, алтын күз!
Балалар: Жаңбыр, жаңбыр жаумашы
Ойнайықшы тоқташы! - деп жаңбырдан қашады балалар.
Ойын ойналады: (Үш бала шығарады) 1, 2, 3, 4, 5 –жаңбырдан қаш тез.
(1 бала қуады, қалғаны қашады. Кімге қолы тисе, сол шығады)
Ж е л кіреді: Жаңбыр қалай жауады? -тырс, тырс деп қолымен балалар көрсетеді. Жел қалай уілдейді? – у –у –у. Жаңбырдан кейін суда қалай жүреміз?-(шылп-шылп аяқпен көрсету) Балалар ойнағанда қалай қуанады? (ха –ха –қолын созады алға) Мамаларың үстеріңді көріп не дейді? (ах - ах-ах бетін ұстап) көрсетеді.

Тәрбиеші: Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң –шуақ
Біздің өмір көңілді – деп ендігі кезекті «Әдемі жапырақтар» биіне берейік
Тәрбиеші: Күз мереке, күз ырыстың белгісі
Күздің бізге бақыт –байлық бергені,- деп күздің керемет байлықтарын ортаға шақырайық, өздері туралы тақпақтарын арнасын.

Алан: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң доппын
Кім не жесе де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам

Малик: Менің атым –қызанақ
Сусындатам шөлдесең
Шырынымның дәмін көр
Бақша ішіне кел де сен
Тәрбиеші: (саңырауқұлақ туралы жұмбақ жасыру)
Өзіне шап шақ
Киген қалпағы апапақ
Балалары тұр қарап. Жұмбақтың шешуі не екен балалар? -
Ендеше, саңырауқұлақты барлығымыз шақырайық.
Мухомор кіреді: (балалармен амандасады) Эстафеталық ойын: саңырауқұлақты жинау
Мен жалғызбын ба?

Тәрбиеші: Жоқ, жалғыз емессің, жаңбырдан кейін бізде, бірнеше көп саңырауқұлақтар өсті. Міне, саңырауқұлақтар – деп бір –бірден жерге саңырауқұлақтарды қойып шығу.
Би: «Саңырауқұлақтар» Ән: «Күз жомарт» Ойын ойналады: «Дәміне қарай ажырат», «Өз жемісіңді тап» Мен сендерге көп сыйлық әкелдім, ал сендер менімен қонаққа барасыңдар ма? Ендеше, менің соңымнан еріп отырыңдар, біз топқа барамыз.
Тәрбиеші: Сеуіп мейір –білімін
Табыстырған біздерді
Берекелі күз еді
Қосып білім –нұрға нұр
Біз де, міне, жарқынбыз
Рақмет мың да бір
Рақмет, Жомарт күз
Сау болайық балалар!
Келгенше жыл айналып! –деп сіздермен қоштасамыз. «Берекелі жомарт күз» ертеңгілігіміз осымен аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
18 012
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Аяулы күз, алтын күз!
Аяулы күз, алтын күз!
Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық.
Алтын күз
Алтын күз
Бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық. Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×