Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жомарт күз

19 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балапан» балабақшасы тәрбиешісі:
Егембердиева Айнура Джанабаевна

Өтілетін жері: музыка залы
Кейіпкерлер: Күз ханшайымы.
Тақырыбы: «Жомарт күз».
Мақсаты: Балалардың табиғаттың күз мезгілі жайлы білімдерін кеңейту.
Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Мерекеге сай безендірілген зал. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін «Балбөбек» орта тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!
- Қараңдаршы, бүгін біздің балабақшамыз қандай әдемі болып кеткен.
Қолымызға не ұстап келдік?
- Жапырақтар.
- Жапырақтардың түстері қандай?
- Сары, қызыл, жасыл.
(Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, жауабын табыңдар.

Жұмбақ:
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Әр жапырағымда тапсырмалар. Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақ айтып, би билеп жұмбақтар шеше алады. Сіз бізбен бірге күз мерекесін тамашалаңыз. Балалардың сізге арнаған әні бар.

Би: «Жапырақтар»

Күз ханшайым: Жарайсыңдар, балалар, енді менің бірінші тапсырмамды тыңдаңдар.
1 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? (Ерте Күз, алтын Күз, қара Күз)
2 - сұрақ: Күз айларын ата. (Қыркүйек, қазан, қараша )
Тәрбиеші: Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

Азиада: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр билеп,
Құс шарлап аспанды.
Бекжан: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
А. Абылай: (Қараша)
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.

Тәрбиеші: Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Алтынай: (Бұршақ)
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе

Әзірет: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Винегрет те үстелде.

Еркемай: (Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.

Азиз: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Нұрлыайым: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!

Бекнұр: (Асқабақ)
Өсем бақша - бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.

Асылан: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?

Даркен: (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық - барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.

Диана: (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Тәрбиеші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер

Тәрбиеші: Балалар, Күз мезгілінің жаңбырлы күндерінде біз аяғымызға не киеміз?(галош). Қолымызға не ұстаймыз?(қолшатыр). Ендеше мен сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнағым келіп тұр Ойын шарты бойынша екі бала аяқтарына галош киіп, қолдарына қолшатыр ұстап жарысады.

Ойын: «Кім жылдам?»
Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз сыйлықтары
Күз сыйлықтары
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Арайлы күз, алтын күз
Арайлы күз, алтын күз
Балаларды күз кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Алтын күз
Алтын күз
Бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Ендеше күз ханшайымын ортаға шақырайық. Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Жомарт күз
Жомарт күз
Астана қаласы, № 63 "Әсем ай" балабақшасыныңмузыка жетекшісі Измаханова Құралай Еламанқызы
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Жомарт күз
Жомарт күз
Күз ханшайымы: Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×