Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Wild and domestic animals

19 қаңтар 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы,
Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балапан» балабақшасы
Ағылшын тіл маманы: Жорабекова Гулнур Омирзаковна

Тақырыбы: «Wild and domestic animals»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Ағылшын тілі
Мақсаты: Үй жануарларымен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Жануарларды, түстерді және 1 - 5 сандарын қайталау. Эстетикалық тәрбие беру. Үйренген сөздерді қолдана білу дағдыларын және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Оқу іс - әрекеттің өтілу барысы: Топқа бөлініп жарысу.
Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты слайдтар, орманның және ферманың суреті, үлестірмелі карточкалар, сандар жазылған жануарлардың түрлі түсті іздері, жануарлардың суреттері жапсырылған төртбұрышты қораптар.
Сөздік жұмыс: Wild animals - жабайы аңдар, domestic animals жануарлары
Билингвалдық компонент: Wolf - қасқыр, fox - түлкі, bear - аю, rabbit - қоян, sheep - қой, cow - сиыр, horse - ат, dog - ит
Инклюзивті компонент: Мұхамедов Иван түстерді қайталайды.
Тұрсынхан Әбдінұр 1 - 5 сандарды қайталайды.

Іс - әрекет кезеңдері
Мотивациялық кезең
Оқытушының іс - әрекеті
Балалармен амандасады, көңіл - күйлерін сұрайды.
- Hello children!
- How are you?
- I am very glad to see you today.
- Балалар бүгін біз сендермен үй жануарларын және жабайы аңдар тақырыбын қайталаймыз.
- Біздің оқу іс әрекетіміз қайталау болғандықтан жарыс түрінде жүргіземіз.
Оқытушы балаларды екі топқа бөледі. Топ басшыларын сайлайды.
1 - ші топ «Wild animals»
2 - ші топ «Domestic animals»
- Балалар сендерді екі топқа бөлдік, ал енді жарыстың алдында біз бір бірімізбен сәлемдесейік және көргенімізге қуанышты екенімізді айтайық.
Шаттық шеңберіне тұрып «Good morning» тақпағын айтады.

Ұйымдастыру - іздестіру кезеңі
- Балалар бізге бүгін қонақ Rex келді.
Rex
- Hello children
- How are you?
- Балалар мен сендерге келе жатқанда орманға адасып кіріп кетіппін. Орманда мен жылан көрдім. Жылан маған s - s - s - s - s деді. Қорқып қашып келе жатсам, алдымда аралар dz - dz - dz - dz деп, ұшып жүр екен. Кенеттен z - z - z - z деп мені маса шағып алды. Қатты ауырғандықтан мен r - r - r - r дедім. Орманнан шығып едім алдымды поезд t - d, t - d, t - d деп кесіп өтті. Осындай қызықтарға тап болып мен сендерге қонаққа келдім.
Балалар мен сендерде жануарлар тақырыбында жарыс өтетінін естіп, жануарлардың суреті бар екі қорап алып келдім.
Оқытушы:
- ЖарайсыңRex!

Біздің бүгінгі жарысымыз IV - кезеңнен тұрады.
I - кезең “Find and say» дидактикалық ойын.
Балаларға жануарлар тақырыбында слайд көрсетіледі.

Шарты: Балаларға жануарлардың суреттері беріледі. Балалар жануарларды үй және жабайы жануарлар екенін ажыратып, тақтада алдын ала ілінген ферманың және орманның суреттеріне қолдарындағы жануарлардың суреттерін жапсырады.
Оқытушы:
- Балалар енді жапсырылған суреттерге қараңдаршы. Бізде қанша қой, сиыр, жылқы, ит бар қане барлығымыз бірге санайық.
Балаларға ағылшын тілінде санап көмектеседі.

II - кезең «Find colors» ойыны.
Шарты: Жануарлардың іздері салынған түрлі түсті қағаздар жерге қойылады. Балалар оқытушының айтқан түсін естіп, түсініп сол ізге тұрулары керек.
Оқытушы:
- Балалар бұл ойынды бастамас бұрын біз аяқ қолдарымызды жаттықтырып алайық.
Сергіту сәтін слайдқа қарап жасайды.

III - кезең. Жануарлар тақырыбында тақпақтар айтады.
Шарты: Екі топтан үш баладан шығып тақпақтар айтып жарысады.

IV - кезең «Help to the sheep» ойыны.
Шарты: Екі топқа жануарлардың суреті жапсырылған төртбұрышты қорап беріледі. Балалар қорапты лақтырады және қандай жануардың суреті екенін айтады. Қай топ жаңылыспай жануарларды атаса, сол топ қойды қасқырдан құтқарады.
Оқытушы:
- Жарайсыңдар балалар! Well done!
Оқытушы жеңген топты жариялайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Wild Animals and Domestic Animals
Wild Animals and Domestic Animals
to give more information about animals, to master new words, practice its use in the speech.
Farm and wild animals
Farm and wild animals
Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы түсіндіру, олар туралы әңгіме құрауға үйрету. Әр бір жануардың ағылшын тілінде айтылуымен таныстыру.
Travelling to animal world
Travelling to animal world
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алтынай Сакен
Domestic animals and wild animals (modal verb can)
Domestic animals and wild animals (modal verb can)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беру орта мектебінің мұғалімі Уймаганбетова Жания Муратовна
Wild and Domestic animals
Wild and Domestic animals
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М. С. Бабажанов атындағы ЖОББМ ағылшын тілі пәні мұғалімі Абдирова Самал Зайнуллаевна
About animals
About animals
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Есқалиева Бахытжамал Бақтиярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×