Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Достығымыз жарасқан

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы
«Ақбота» шипажай типті балалар бақшасының тәрбиешісі
Қарабаева Зарипа

Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»
Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүлдер, шарлар, тақырып жазылған. Зал іші мерекеге сай безендірілген.

Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер, бүлдіршіндер! Тәрбиешілер мен балалар дайындаған «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер! Біздің Отанымыз ұлан – байтақ, онда сан мыңдаған халықтар мен ұлт өкілдері тұрады. Осының өзі үлкен бақыт. Олай болса мерекелік құттықтау сөз «Ақбота» шипажай типті балабақша меңгерушісі Сақыпжамал апайға беріледі.
- Балалар бүгін қандай мереке?
- 1 мамыр халықаралық бірлік, ынтымақтастық күні.
- Бақыт дегеніміз не?
- Туған еліміз, отбасымыз аман болса, осының өзі бақыт.
- Ынтымақ бар жерде, бақыт бар.
Жарайсыңдар балалар.

Күте туған ең тәтті әр күнін біз
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы,
Құтты болсын бірінші Мамырымыз!
Тілі басқа, тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат, ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз!
Қазақстан елім менің бар елім!
Жатыр алып екі дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қуыс күрек ұстаған – дей келе ортаға қазақ ұлт өкілін шақырамыз.

Тәрбиеші:
Тәрбиеленуші:
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз!
Ортаға орыс ұлт өкілін шақырамыз.
Тәрбиеші:
Тәрбиеленуші:
Бір шаңырақ астында
Тату - тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да, бірге сайран құрамыз, - ортаға татар ұлтын шақырамыз.
Тәрбиеші:
Тәрбиеленуші:
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз – өзбек ұлт өкілін ортаға шақырамыз:
Тәрбиеші:
Тәрбиеленуші:
Жақсылыққа бақытқа
Талпынған әр бақытқа
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз.
Ағайынбыз бәріміз – украин ұлт өкілін ортаға шақырамыз.
Тәрбиеші:
Тәрбиеленуші:

Әр ұлттың өздерінің дайындаған ұлттық нақышындағы өнерлері бар. Соны тамашалауға шақырамын. Ортаға қазақ ұлт өкілдерін шақырайық.
1. Қазақтардың амандасуы
2. Қазақтың ұлттық қол өнері.
3. Қазақтың ұлттық ойыны
4. Қазақ халқының ұлттық тағамы
5. Ортаға орыс ұлт өкілінің дайындаған өнерін тамашалайық
6. Татар ұлт өкілі
7. Өзбек ұлт өкілі
8. Украин ұлт өкілі

Хор: «Достығымыз жарасқан»
Осымен бүгінгі мерекеге шарамыз аяқталды. Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Құрметті балабақша қызметкерлері және кішкентай қызметкерлер! Жүздеріңізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
3 423
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Алтын күз сыйы
Алтын күз сыйы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы «Ақбота» шипажай типті балалар бақшасы тәрбиеші Жұбатова Күміскүл
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Ортақ біздің жеріміз
Ортақ біздің жеріміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 "Айгөлек" балабақша МКҚК тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×