Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жапырақтар

28 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Бөлімі: Қатынас
Сабақ: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Жапырақтар
Мақсаты: Жапырақтар жайлы түсінік беру
Балалардың сөйлеу мәдениеттерің дамыту
Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ағаштар, жапырақтар. Презентация

Барысы: Шаттық шеңбері:
СД - дан шаттық шеңбері қосылады.
(Балалар шеңбер бойымен тұрып, қайталайды)

Кіріспе сөз:
Балалар сабақты бастамас бұрын біз жылдың төрт мезгілінің ағаштарың бақылайық
Балалар жапырақтар әртүрлі пішінді болады. Балалар жаз мезгілінде жапырақтардың түсі – жасыл болады. Ал күз мезгілінде жапырақтардың түсі – сары, қызыл, қызғылт сары болып келеді. Ал көктем мезгілінде ағаштан бірінші бүршік жарады сол бүршіктерден жапырақтар шығады. Ал қыс мезгілінде жапырақтар болмайды. Балалар жапырақтардан әр түрлі жұмыстар жасауға болады.
(Жел дыбысы қосылады)
Осы кезде Жапырақ ханшайымы келеді
- Ханшайым амандасады
Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл күйлерін қалай? Мен Жапырақ ханшайымы боламын. Сендердің тақырыптарын жапырақ жайлы болған соң мен сендерге қонаққа келдім және сендерге жұмбақ жасыруға келдім.
Жақсы балалар ал енді мен сендерге жұмбақтар жасырам сендер жауабын айтасыңдар жарай ма?
1. Ағайынды бәрі:
Шықса - көк, Түссе - сары.
(жапырақтар)

2. Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)

3. Көктемде тұрады бұтаққа асылып
Күзде жерде жатады шашылып,
(жапырақ)

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар Жапырақ ханшайымының жұмбақтарының жауабын таптыңдар.
Ал енді бір сергіп алайық та тапсырма орындайық.

Сергіту сәті: Видео көрсетілімнен қайталау.
Жапырақ ханшайымы біздің балалар жапырақтардан әр түрлі заттар жасай алады.
Сіз сол жасайтын заттарын көріп бізге көмектесіп жіберсеңіз;
Тапсырма. (Қағаз бетіне салынған бұтаққа жапырақтарды жапсырады) істелген
Жұмысты Ханшайымға сыйлап шығарып саламыз.

Қорытындылау: Жапырақ жайлы тағы қосымша презентациядан көрсетіп сабақты бекітеміз.
Сау болыңыздар!
8 794
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күзгі ағаштар
Күзгі ағаштар
Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістер жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту, оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.
Күз мереке, күз береке
Күз мереке, күз береке
Күз мезгілінің мерекелі, берекелі екенін ұғындыру, жемістер мен көкөністерді ажырату, пішінін ажыратуға үйрету, күз ерекшелігі туралы түсінігін кеңейту. Сөздік қорын дамыту.
Күз сыйлықтары
Күз сыйлықтары
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
Күзгі жапырақтар
Күзгі жапырақтар
Күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алтын күз байлығы
Алтын күз байлығы
Ақтөбе қаласы, №28 «Көркем» МДҰ тәрбиеші Шакибаева Гүлнар Сагидуллақызы
Алтын күз (ертеңгілік)
Алтын күз (ертеңгілік)
Құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, балалар! Сіздерді «Айна» тобының «Алтын күз» мерекесін тамашалауға шақырамыз!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×