Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағдаршам

25 қараша 2012, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы

Toп: II кіші топ «Балапан».
Сабақ тақырыбы: Бағдаршам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бала сезімін кеңейтіп тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, жол ережесін адам өміріне қажеттілігін түсіндіру.Жаяу мен байланыс қатынасын білдіру .
Дамытушылық: Зейінін ,есте сақтау, түсті айыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: рөлдер, белгілер, бағдаршам, жол белгілер суреттері,компьютер.
Сабақ әдіс-тәсілдері: мультимедия арқылы көрсету, түсіндіру,ойын,сұрақ-жауап.
Сабақ түрі: ойын сабақ.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Ән әуенімен балалар екі-екіден автобус ішіндегі жолаушылар ал тәрбиеші қолына руль ұстап жүргізуші болып «жас жолаушылар жыры» әнін айтып топқа кіреді.
ән: «Жас жолаушылар жыры»
Сапар шексек сіз бен біз
Сан көлікке мінеміз
Троллейбус трамвай
Автобуспен жүреміз
қсы
Көлік, көлік, көлік
Көліктерге мінеміз
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз
қсы
Жол жүрудегі тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз

Тәрбиеші:Қайырлы таң балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Қандай әдемісіңдер балалар. Бүгінгі күндеріңнің қуанышты өтуіне тілектеспін.
Негізгі бөлім: (Балаларға орындықты автобус ішінде келе жатқандай екі-екіден қойып отырғызады)
- Балалар біз өзімізді қандай көліктің ішінде келе жатырмыз деп ойлаймыз?
- Автобустың.
- Дұрыс өте тамаша сендер өте әдемі, тәртіпті жолаушыларсыңдар. Мен сендердің жүргізушілеріңмін. Қане,кім қайда барады? Бәріміздің билетіміз бар ма?
Жол жүрмес бұрын мен сендерге жол жүру ережесі туралы айтып өтсем деймін. (түсіндіреді) (Есік қағылып Бағдаршам келеді)
- Саламатсыңдар ма балалар? Мені танисыңдар ма?(Балалар жауабы)
- Дұрыс, мен Бағдаршам боламын Жол тәртібін реттеймін.
Менің қызыл көзім жанғанда
Сынық сүйем баспа алға,
Сары көзім жанғанда
Қарап қалма аспанға

Жасыл көзім жанғанда
Өте бер сен жасқанба!
Бағдаршам сұрағы:
- Сендер көшеде қай жолмен жүресіңдер?
- Жиек жолмен.
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
- Оң қол жақпен жүреміз.
- Ата-аналарыңмен, үлкендермен бірге автобусқа мінерде қай жерде отырып көлік
күтесіңдер?
- Аялдамада отырамыз.
Өте жақсы .Бағдаршамның сұрағына жақсы жауап бердіңдер.
Сергіту сәті .(Бағдаршаммен бірге жасайды)
Қызыл жанады(қозғалмай тұрады)
Сары қол шапалақтайды)
Жасыл жанады (орында тұрып жүреді)
Сабақты қорытындылау.
Сабақ соңында «Бағдаршам құрайық» ойынын ойнату.
Тәрбиеші: үш-төрт балаға руль беріп көлік жүргізуші бейнесін бейнелейді қалған балалар жүргіншілер.көшеде келе жатып бағдаршамның қызметімен жүріп тұрады.ойын арқылы бала білімін бекітеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
35 134
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Жол және адам өмірінің қауіпсіздігін алдын ала алу.
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге
Қызыл, сары, жасыл
Қызыл, сары, жасыл
Балаларға бағдаршам туралы жол ережелерін маңызды екенін ұғындыру.
Жол ережесін білесің бе?
Жол ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға үйрету.
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×