Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы

02 қаңтар 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Отбасы
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімдері: тіл дамыту
Мақсаты: балаларға өзінің отбасы туралы әңгіме құрап айта білуге дағдыландыру, сұрақтарға жауап бере білуге үйрету: «сен кіммен тұрасың?»,
«сенің отбасыңда кімдер бар?», «саған кім қамқорлық жасайды?», «анаңа қандай көмек көрсетесің?» және т. б Тілде сын есімдерді (мейірімді, тату,) етістіктерді(қамқорлық жасау, жұмыс істейді, көмектеседі) қолданып сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, теледидар т. б
Әдісі: ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, сурет бойынша әңгіме, т. б

Мотивациялық - қозғаушы: Біз өнерге, ұлы өнерге
Гүл өмірге иеміз!
Елімізді, жерімізді
Көгімізді сүйеміз!
Қонақтарға, апайларға
Басымызды иеміз!
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар

Іздестіру - ұйымдастырушы: Білім беру саласы - қатынас,
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті - тіл дамыту, тақырыбы - өзінің отбасы туралы әңгіме.
- балалар мына суретке назар аударайықшы, бұл суретте кімдер бейнеленген?
- осылардың бәрін бір сөзбен жинақтап қалай атаймыз?
- дұрыс айтасыңдар.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдер, жарай ма?

Жұмбақтар жасыру.
1. Өзі мейірімді, шашы ағарған,
Дәмді етіп тағамдар дайындайды, тоқыма тоқиды, кешке ертегі айтып береді, ол - кім?
- Өте жақсы, ендеше осы әже туралы кім тақпақ біледі екен?
2. Өзі көзілдірік киеді, кітап оқығанды ұнатады, газетті көп оқиды, қорға барып мал шаруалайды, зейнетақы алады, бұл - кім?
- дұрыс, енді маған кім ата туралы тақпақ айтады?
3. өте жақсы, менің келесі жұмбағыма назар аударыңдар.
Жер бетіндегі ең әдемі, ең ақылды, бізге ең қымбат жан, ол - кім?
- дұрыс ендеше ана туралы тақпақты кім айтқысы келіп отыр?
- жарайсың, ана туралы жақсы тақпақ айттың.
4. өзі көлік жүргізеді, көлік бұзылып қалса оңдайды,
- балалар сендер ата, әже, ана туралы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер. Олай болса, отбасы - ол біздің жанұямыз. Жанұя мүшелеріне ата, әже, әке, ана, бала, қыз т. б кіреді. Жанұя мүшелері бір - бірін сыйлайды, құрметтейді, кішілері үлкендерге құрмет көрсетеді, үлкендері кішілерге қамқор болып жүреді. Сондықтан да олар бір отбасы болып есептеледі.
Балалар енді бәріміз теледидарға назар аударайықшы.

1 - сурет. Жайдарының отбасы.
- балалар мына суреттегі кімнің отбасы?
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, менімен ойын ойнауға дайынсыңдар ма?

2 - сурет.
Тайманның отбасы.
Балалар мына суретте кімнің отбасы бейнеленген?
Тайманның жауабы: бұл суретте менің отбасым, менің жанұям үлкен. Атам, әжем, әкем, анам мен және бөпем бар. Мына суретте қалада тойда түскеніміз.
Менің кішкентай бөпе кезімдегі суретім. Ол кезде бөпем жоқ.
3 - сурет. Ерасылдың отбасы.
4 - сурет. Айқынның отбасы.
5 - сурет. Інжудің отбасы.

Ойын: «кімге не керек?»
Шарты: теледидардан экраннан ата, әже, әке, ана суреттері және төменде әр түрлі заттардың суреттері көрініп тұрады. Балалар «кімге не керек?» дегенде сол затты дәл тауып апарып қоюы тиіс.
- балалар енді маған кім жанұя, отбасы мүшелері туралы мақал - мәтел айтып береді?
1. ата көрген оқ жонар,
Әже көрген тон пішер.
2. балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
3. әкенің көңілі - балада,
Баланың көңілі - далада.
4. балалы үйдің ұрлығы жатпас.
5. ағасы бардың - жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
6. өз үйім - өлең төсегім.
7. ата - балаға қорған.

Сергіту сәті:
Бас бармағым атам үйдің данасы
Балан үйрек - әжем ошақ анасы.
Ортан терек - әкем үйдің панасы
Шылдыр шүмек - анам үйдің ажары
Кішкене бөбек - мен бәрінің базары.
- өте жақсы, бойымыз сергіп қалды ма?

Рефлексивті - коррекциялаушы: Қорыту.
Сұрақ - жауап:
- балалар біз бүгін немен айналыстық?
- бүгінгі оқу іс - әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Ата - әжелеріңе қандай көмек көрсетесіңдер?
Әке аналарыңа ше?
Өздеріңнен кішілерге қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Әкем, шешем және мен
Тату - тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен махаббатпен
Сауық - сайран құрамыз.
Мадақтау.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Исатай ауылы «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі
Доскалиева Айнагуль Мураткалиевна

Толық нұсқасын жүктеу
5 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы мүшелерінің бір - біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Жаңа сөздерді меңгеру. Ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту. Ойын арқылы есте сақтау қабілеті, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Ақылды лақ ертегісі
Ақылды лақ ертегісі
Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету, балалардың сөздік қорын молайту, көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×