Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем сыры

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»МКҚК
тәрбиеші: Дүйсенбаева. А. С.

Білім беру саласы: Таным саласы
Оқу іс - әрекет түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Көктем сыры»
Мақсаты: Балаларды көктем мезгілінің ерекшеліктерімен сыры мен таныстыру, көктем туралы түсініктерін кеңейту. Көктем мезгілінің атауларын, олардың ерекшеліктерін ұғындыру.
Дамыту:. Балалардың ой – өрісін, тілін, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұжымдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көктем суреттері
Билингвалды компанент: Көктем - весна, гүлдер - цветый, жапырақ - листья

Мотивациялық қозғаушы
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын табамызба? Олай болса балалар мұқият тыңдаймыз.
Ақ қар еріп,
Су көбейіп,
Сай салада ағады,
Мал маңырап
Төл жамырап,
Жайлау малға толады,
Бүршік жарып
Гүл бәйшешек басады
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Дұрыс айтасыңдар балалар. Көктем ерекшелігін айтайықшы балалар, күн қандай болады?

Жапырақ түстері қандай болады? Көктем мезгілінде неше ай бар?

Қазір көктем айының нешінші айы? Слайдпен жұмыс жүргізіледі. Жарайсыңдар балалар көктем ерекшелігін жақсы біледі екенсіңдер.
Ғажайып сәт
Есік қағылып ішке музыка мен Қызғалдақ гүлі кіреді. Сәлеметсіңдір ме кішкентай бүлдіршіндер сендер бүгін қандай құлпырып кеткенсіңдер. Мен сендерге қонаққа келдім, сендер мені қарсы аласыңдар ма? Көктем мезгілінде ең алғаш қандай гүл шығады? Дұрыс айтасыңдар балалар мен қызғалдақ гүлімін, мен сендерге жәйдән - жәй келген жоқпын, тапсырмамды ала келдім, және де ойынымда бар. Ойын ойнағыларын келе ме? Олай болса балалар ойын ойнайық. Ойын аты: « Гүл жинау»
Мақсаты: Түстерді айыруға, гүлдерді айыруға, оларды санауға үйрету.
Шарты: Ортаға 5 - 6 бала шығады ортаға гүлдер шашылады, сонын ішінен қызғалдақ гүлін тауып, түсін айыру және де қолында неше гүл бар сонын санын айту.
Балалар сендер гүлдер туралы тақпақ, тыйым сөздер білесіңдер ме?

Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнадыңдар, гүлдер туралы тақпақта біледі екенсіңдер. Енді бір тапсырмамды орталыққа барғанда орындаймыз. Балалар карточка суыру арқылы екі орталыққа бөлінеміз.

Іздену - ұйымдастырушы
Таным орталығына және шығармашылық орталығына. Таным орталығын да қызғалдақ гүлін санап кері және тура санауды үйренеміз, шығармашылық орталығында терек таяқшаларына өсіп тұрған түрлі түсті гүлді бейнелеу, түссіз бояуларға түс қосып гүлдер түсін шығарамыз.
Қоңырау соғылады, екі орталық орындарынан тұрып сергіту сәтін жасайды. Тақта да видео арқылы көрсетеді соны балалар қимылмен жасайды.
Екі орталық ауысады, қоңырау соғылып балалар орындарына барады. Балалар біздер екі орталықта қандай жұмыс атқардық. Балаларды істеген жұмыстары мен қорытындылап жүру. Балалар қызғалдақ гүлі сендерге тапсырмасын алып келген, енді біздер оған көктем туралы тақпақ айтып береміз бе? Қане кім айтады?

Рефлексивті коррекциялаушы
Қызғалдақ гүлі саған біздің балалар ұнады ма?
Ия, балалар өте жақсы тапсырманы орындады көктем гүл туралы тақпақ біледі екен. Өкінішке орай сендер мен
қоштасатын уақытта болып қалды, келесі көктем айына дейін аман сау болыңдар.
Балалар енді ұйымдастырылған ашық оқу - іс әрекетімізді аяқтау үшін мына көрнекілікке назар аударайық.
Күннің көзі шығып тұр, құстар ұшып келе жатыр, теректерде жапырақтар бар, жерде жасыл шөптер шыққан, малдар осы шөп үстінде жайылып жүр.
Ал енді осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші балалар. Қане ортаға жақындайық. Мынау не балалар? Теректе нелер шығады? Нелер ұшып келеді? Құстар ұшып келіп қайда қонады? Жерге нелер шығады? Қорадағы малдар не істейді? Төлдері қайда ойнақтайды?

Сонда балалар осының бәрі жылдың қай мезгілі болып тұр?
Енді балалар қос тілдікті айтып жүрейік. Көктем - весна, терек - дерево, жапырақ – листья, құстар - птицый, малдар - животные.
Сендерге балалар оқу іс - әрекеті ұнадыма? Жарайсыңдар балалар сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар,
келген қонақтарға сау болыңыз айтып, саппен топқа барамыз.

Толық нұсқасын жүктеу
11 701
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем гүлдері
Көктем гүлдері
Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, дүниетанымын кеңейту.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық шығармаға эмоциялық қатынастарын дамыту. Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Көктем
Көктем
8 - сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×