Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түрлі түсті жіптер

19 ақпан 2016, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Батыс Қазақстан облысы
Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
«Жаңақала аудандық балалар бақшасы»
І санатты тәрбиешісі Б. Р. Бисекешова

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Тобы: «Айөлек» I кішілер тобы.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімдері: Сурет салу.

Тақырыбы: «Түрлі түсті жіптер»
Мақсаты: Фломастерді немесе майлы қарындашты дұрыс пайдалана отырып ирек сызықтар сызуға үйрету. Саусақтарының бұлшық еттерін дамыту.
Ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: әңгіме, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Демонстрациялық материалдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: 3 түсті фломастерлер, 3 түсті жіптер, әр балаға арналған жіптердің суреті салынған парақтар, дымқыл қол сүрткіштер.
Биллингвальды компонент: жіп - нитка, фломастер - фломастер.

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі.
Шаттық шеңбері.
Біздің топта ұл - қыздар
Тату - тәтті ойнаймыз.
Айналаға бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз.
- Саламатсыздар ма, балалар?!
Ғажайып сәт.
Топқа есік қағып бір себет жіптер кіреді.
- Балалар, «Жіптер әлемі» сендерге түрлі түсті әдемі жіптерін қонаққа жіберіпті. Біреу бізге жіберіпті. Жіптерді таратып беру. Қолдарыңа ұстап көріңдер. Қандай жұмсақ түстері қандай әдемі.
- Осы жіптердің суретін салып беруімізді сұрайды.

Ұйымдастыру - шылық - ізденіс кезеңі
- Балалар мына қолдарыңдағы жіптен не сезіндіңдер? Жіптерді тарқатып қайтадан орауға болады. Осы жіптерден үстеріңдегі киімдерді тоқиды. Тұрмыстық заттарды да тоқуға болады.
- Біз бүгін сурет салатын құралдардың бір түрі - фломастермен танысып жұмыс жасаймыз. Фломастердіңде түстері де әртүрлі болады.
- Қазір әдемі жіптердің суретін алдарында тұрған фломастерлердің немесе майлы қарындаштың көмегімен парақтың сол жағынан бастап оңға қарай қисық сызық сызу арқылы саламыз.
Үлгі суреттермен таныстыру.
- Балалар, енді бірнеше рет ауада сызықтар сызып, жаттығу жасап көрейік. 3 - 4 рет қайталау.
Биллингвальды компонент: жіп - нитка, фломастер - фломастер.

Сергіту сәті.
Кәне, жіпті орайық,
Енді шешіп көрейік.
Қайта орап жіптерді,
Тағы шешіп көрейік.
Үлгіге қарап жұмыс басталады.
Жеке жұмыс.
Көмек керек балаларға көмек беру.
Дайын суреттерді тақтаға ілу, балаларды мадақтау, қолдау көрсету.
«Жіптер әлемінен» келген жіптер балаларға алғысын айтып қоштасады.

Қимылдық ойын: «Жіп орау».
Шарты: Жарыса тарқатылған жіптерді орау, түстерін айту.

Іс - әрекетті бағалау кезеңі.
Балалар, салған суреттерінен көрме ұйымдастырады, жақсы салған балаларды мадақтау.
- Бүгінгі ұйымдасқан оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңыздар.
- Сау болыңыздар!

Толық нұсқасын жүктеу
8 720
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әуе шарлары
Әуе шарлары
Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстап отыруға үйрету. Ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.
Қағаз, қарындашпен таныстыру (Күнделікті сабақ жоспары)
Қағаз, қарындашпен таныстыру (Күнделікті сабақ жоспары)
Қағазбен майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Заттарды топтастыру
Заттарды топтастыру
Түстерді ажырата білуге үйрету, саусақ маторикасын жетілдіру, ойынға деген белсендік қызығушылығын арттыру, Воскобовичтың ойын құралын пайдалана отырып, балалардың ой-таным қабілетін дамыту, ақыл ой тәрбиесін егу
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Жапырақтардың түсі қандай? Осы түстерді ажырата отырып, бүгінгі оқу іс - әрекетінде бүгін біздер геометриялық пішіндермен танысамыз. Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Алжапқыш
Алжапқыш
Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарына жем береміз
Үй құстарының пайдасы туралы түсінік беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×