Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдепті бала - ақылды бала

22 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Аягөз қалалық
№6 бөбекжай - балабақша тәрбиешісі
Адильханова Айгерім Бейсенғазықызы

Тақырыбы: «Әдепті бала - ақылды бала» (тәрбие сағаты)

Мақсаты:
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу. Мақал - мәтел арқылы баланың есте сақтау қабілетін арттыру.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты суреттер, әдептілік туралы мақал - мәтелдер, дидактикалық ойын

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Айтқан тілді аламыз
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз!
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Әдепті бала - ақылды бала болып"
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының, үлкенді сыйлау, кішіпейіл бола білу белгісі екен. Сондықтан күнделікті өмірде әдептілік белгілерін дұрыс пайдалана білу керек. Төмендегі тақпақтарға назар аударайық:

«Не деу керек?»
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әперді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді.
Не барып жеу керек?

Балалар: «Рахмет, апа!» деу керек.

Балалар жүр көшеде,
Естілді шу – айхай.
Сенде шықтың досыңды,
Қағып кеттің байқамай.
Мұндайда не деу керек?

Балалар: «Кешіріңіз!» деу керек.

Осы келген бетіңде,
Допты қудың жарыстың.
Көшенің сол шетінде
Кезікті бір апайың
Ұмыттың сен не деуді?

Балалар: «Сәлеметсіз бе?» деу керек.

Сергіту сәті:
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол - аяқты кезекпен,
Оңға - солға созамыз.
Күн шыққанда сүйсiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi - жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз.

Тәрбиеші: әдептілік жайлы суреттер көрсетеді, әдептілік туралы әңгіме айтып береді.
- Балалар, суретте қараңдаршы мына бала атаға орын бермеді, онысы дұрыс па?
- Жоқ, дұрыс емес.
- Ал, мына бала орын берді, ол дұрыс істеді ме?
- Ия, дұрыс істеді.
- Балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, автобуста үлкендерге орын беру керек. Таныс адамды көрсек міндетті түрде амандасу керек.
- Ал мына суретте үстел үстінде тамақ ішіп отырған бала барлық тәтті тамақтарды алдына үйіп алыпты, осы істеген ісі дұрыс па?
- Жоқ, дұрыс емес.
- Енді мына суретке назар салайықшы. Дүкеннен келе жатқан апаның сөмкесін мына бала көтеріп келе жатыр. Бұл ісі дұрыс па?
- Дұрыс айтасыңдар. Бұл бала әдепті бала екен. Біздің тобымыздағы барлық бала - әдепті бала, өйткені балабақшаға келетін балдырғандар ақылды, білімді, тәрбиелі болып қалыптасады. Өскенде егемен еліміздің толыққанды азаматы боласыңдар.

Мақал - мәтел:
1. Әдепті бала - арлы бала,
Әдепсіз бала - сорлы бала.

2. Сіз деген - әдеп,
Біз деген - көмек.

3. Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп кетеді.
(Мақал - мәтелдің мағынасын ашып беру)

Дидактикалық ойын: "Жақсы мен жаман"
Шарты: Балалар жақсы мен жаман әдеттерді ажыратып айту керек.
Балалар сонымен бүгін біз әдептілік туралы көп нәрсе үйрендік. Әдепті адам жамандықты жақсылыққа аударып, өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.
18 945
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Әдептілікке, әдемілікке баулу, күнделікті өмірдегі күн тәртібін, жаман мен жақсы әдет қалыптастырып ажыратуға үйрету. Адамгершілікке, ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Мен әдепті баламын
Мен әдепті баламын
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет, әдепті бала ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкенге, жасы кіші балаларға орын береді.
Әдептілік - әдемілік белгісі
Әдептілік - әдемілік белгісі
Балалардың әдептілік туралы білімдерін кеңейту. Көрініс арқылы адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. Көрнекі суреттер арқылы зейін, логикалық ойлауын дамыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Әдепті өмір сүруге үйрен
Әдепті өмір сүруге үйрен
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Самар ауылы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің биология пәні мұғалімі Ибраева Гульжанат Ержановна
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Әдепті бала- арлы бала
Әдепті бала- арлы бала
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байхожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×