Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

24 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Екінші сәбилер тобына тіл дамыту пәніне арналған ашық сабақ жоспары.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарларымен және төлдерімен таныстыру. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Міндеттері: 1) Үй жануарлармен таныстыра отырып, жаңа сөздерімен сөз қорларын молайту. Сұрақтарға жауап беруді үйрету.
2) Ой қабілеттерін дамыту.
3) Үй жануарларға деген қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: көрсету, түсіндіру, үйрету, ойын, сұрақ жауап.
Көрнекіліктер: суреттер

Мотивация:
Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Кәне, балалар, шаттық шеңберге тұрамыз

- Угәй, угәй әніміз,
Арпа – бидай дәніміз,
Ашық болып аспанымыз,
Сәтті болсын күніміз!
(Балалар шеңберге тұрып, өлең сөздерін қайталайды)
- Балалар, бір бірімізге бүгінгі күнге сәттілік тілейді
Ғажайып сәт:
Топқа жылаған Лақ кіреді.
Тәрбиеші:- Сәлем, лақ, не болды саған, неге жылап тұрсын?
Лақ:- Сәлеметсіз бе. Сәлем балалар. Мен анамды жоғалтып алдым.
Тәрбиеші:- Қалай?
Лақ: - Біз анам екеуміз алаңқайда жүрдік. Мен секіріп ойнап жүрдім. Енді бір қарасам анам жанымды жоқ. Балалар, маған анамды табуға көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Ал ендеше лақ сен бізді анаңды жоғалтқан алаңқайға апар, сол жерден анаңды іздеп көрейік.
Лақ балаларды алаңқайға апарады. Бір ағаштың түбінде хат көреді. тәрбиеші хатты оқиды.
«Сәлем Лақ! Мен Қасқырмын. Мен сенің анаңды ұрлап әкеттім. Мен саған бір неше тапсырма дайындап қойдым. Осы тапсырмаларды орындасаң ғана анаңды қайтарып беремін. Қасқыр.»
Лақ одан сайын жылайды.
Тәрбиеші: - Уайымдама Лақ, Біз балалармен саған көмектесеміз. Балалар көмектесеміз ғой?
Балалар: - Иә, көмектесеміз.

Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші: 1 - тапсырма «Үй жануарлармен танысу»
Балаларға жануарлардың суреттерін көрсете отырып жануарлармен таныстыру.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ал енді екінші тапсырма қандай екенің көрейік.

2 - тапсырма «Үй жануарлар қалай дыбыстайды»
Ат, ботақан, қой, сиыр суреттерің балаларға таратып береді, осылардың қалай дыбыстайтынын айтып жаттығамыз деп ұсыныс жасайды.
- Қой «мә - мә» деп маңырайды;
- Сиыр «мө - мө» деп мөңірейді;
- Ботақан «бө - бө» деп боздайды;
- Ат «икикики» деп кісінейді.
Балаларға дауыстарын айтқызып қайталатады.

Сергіту сәт:
Күн ашылды,
Бұлт төнеді,
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Жел басылды,
Күн ашылды.

- Жақсы, балалар, жарайсыңдар. 3 - тапсырманы көрейік.
Дидактикалық ойын: « Төлін тап»
«Төлдерін тап!» суреттен үй жануарларын төлдерімен сәйкестендіреді.
Тәрбиеші: Жақсы, жарайсыңдар!

4 - тапсырма: ойын
Дидактикалық ойын:
« Қай жануар қайда тұрады»
Үй және дала жануарларды мекен жайына қарай орналастыру.

Топқа Ешкі кіреді. Баласы екеуі қуанып құшақтасады.
Ешкі: Балалар мені құтқарғандарын үшін сендерге көп рахмет. Ал қазір біз кетуіміз керек. Сау болыңдар!

Рефлексия:
Тәрбиеші: Бізде балалар тобымызға қайтайық.
- Балалар, бізге бүгін не келді?( Лақ)
- Тапсырмаларды не беріп жіберді? ( Қасқыр)
- Үй жануарлары қалай дыбыстайды
Қой «мә - мә» деп маңырайды;
Сиыр «мө - мө» деп мөңірейді;
Ботақан «бө - бө» деп боздайды;
Ат «иһо - иһо» деп кісінейді.
- Ал үй жануарлардың төлдерін қалай аттаймыз?(Қошақан, ботақан, құлыншақ, бұзау, лақ)
- Осы жануарларды біз неге үй жануарлары деп аттаймыз? (Өйткені, оларды адамдар күтіп қарайды).
Тәрбиеші: Жақсы балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс атқардыңдар. Сол үшін мен сендерге арналған аздаған сыйлығым бар. Рахмет, сендерге.
8 583
0
  • 60
1 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарлары және төлдері
Үй жануарларымен таныстыру оларды атау және тану. Үй жануарларының төлдерін атау, жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру және сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Балаларға өздеріне таныс дөңгелек, шаршы және үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді бір бірінен ажырата білуге үйрету. Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Ана тілім – бал тілім!
Ана тілім – бал тілім!
Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Жолақтағы ою-өрнек
Жолақтағы ою-өрнек
Алматы облысы, Сарқан қаласы, «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп»КММ Мектепалды даярлық тобының мұғалімі Кауменова Сания Кусановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×