Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


8- наурыз мейрамына арналған ертеңгілік сценарий

18 ақпан 2024, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
8 - наурыз мейрамына арналған ертеңгілік сценарийі. Екінші сәбилер тобы

Жүргізуші:
Аналардың әр бір сөзі, ой талабы
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсіңдер елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.
- Құрметті әжелер, аналар! Сіздерді наурыз айында келген 8 - наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Балалардың құттықтау тақпақтары.

Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.

Ақ анашым, аппағым.
Өзін жайлы тақпағым.
Өзін жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрінде.

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамын мен құттықтаймын

Жұмақ – құшақ панам,
Күндей нұрлы санаң!
Қызығын көр ұл – қыз,
Еңбек сүйгіш Анам!

Келді көктем күннің,
Күлімдейді гүлің –
Алтын ойлы Анам
Мерекеңіз бүгін!

Жүргізуші: - Ал енді біздің балапандар аналарға арнап өз өнерлерін көрсетсін.
Би: «Жаңбыр»
Залға Шатақбай кіреді: - Қайырлы кеш! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа бақыт әкелсін!
Жүргізуші: - Сіз өзі кімсіз? Қайдан келдіңіз? Біздің балабақшаға қалай кіріп кеттіңіз? Күзетші қайда?
Шатақбай: - Күзетші кіргізбеймін деді, ал мен мерекеге бара жатырмын дедім, сосын кіргізді.
Жүргізуші: - Бәрі түсінікті. Сізді көрген – ақ кім екеніңізді түсіндік. Басыңызға таба киіп алыпсыз. Аяғыңызға қолғап киіп алып, нағыз Шатақбай келіп тұр екен!
- Бізді жаңа жылмен құттықтап тұр. Ал бүгін аналар мерекесі емес пе балалар!
Шатақбай: - Мә мен бәрін ауыстырып алдым ба?
Жүргізуші: - Ренжіме, Шатақбай! Енді сен бәрін дұрыс жасайсың.
Шатақбай: - Аналар, әжелер, қыздар сіздерді мерекемен құттықтаймын!
- Балалар, менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?
-
Ойын: «Гүл шоғын жинау»

Шатақбай: - Балалар сендерге көп рахмет. Ал ендеше сау болыңдар. (Шатықпай шығып кетеді)

Өлең: «Ақ мамам!»

Жүргізуші: - Ал балалар!
Ойнайық та күлейік.
Кәне енді бұрылып
Би билеуге тұрайық.
Би: «Қарлығаштар»
Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата - аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! (балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Сайқымазақ: Ал сендер отшашу көргілерің келеме? Бізді қуып жетіп, мына шарларды жарыңдар.
(Балалар кейіпкерлердің артынан жүгіріп шарларды жарады)
Мына балалар өздері қандай пысық. Кәне орындарына отыра қойыңдар. Балалар қандай мерекені тойлап жатырсыңдар.
Жүргізуші: Аналарға арналған 8 – наурыз мейрамы.

Тақпақтар әжелерге.

Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді.
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі.
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Әже деген асыл жан
Құрмет көрген ғасырдан
Аялаймын әжемді
Аялаймын бар елді.

Аналармен ойын: «Мен баламды қалай еркелетемін»

Сайқымазақ:
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар.

Өлең: «Қошақаным»

Жүргізуші: - Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: - Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.

Фокустар:
Гүлмен. Бір гүлді қорапшаға салып, айтады: «Қазір осы гүл басқа бояумен боянады». Шығарса, боянбапты.
- Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: - сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ:
- Фокус, мокус. (Қорапшаның ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші:
- Ал енді, біздің аналарға арналған сыйлықтарды қабыл етіңіздер.

- Құттықтау сөзі № 36 балабақша меңгерушісі ------------------ беріледі.

- Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық! Сау болыңыздар!
148 192
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана бақыты баламен.
Ана бақыты баламен.
Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Аялайық ананы
Аялайық ананы
Тақырыбы: Аялайық ананы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×