Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MAMA MMIA жобасы

30 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№9 «Балауса» балабақшасы әдіскері
Шынар Мүберекова, ән жетекшісі: Перуза Алибаева

(Байқау өткізілетін зал шараға сай безендірілген, «MAMA MMIA» әуеніне бір топ қыз билеп шығады)
Жүргізуші: Армысыздар! Қадірлі қонақтар, ата-аналар, байқау жанкүйерлері! №9 «Балауса» балабақшасында өткізілгелі отырған «MAMA MMIA» жобасына хош келдіңіздер!
Бүгін біздің балабақшамызда өзгеше байқау солай емес пе, Әли?
Әли: Ия, шынымен де өзгеше. Залымыз да әсем безендірілген.
Жүргізіуші:-Жоқ, Әли мен бүгінгі өткізілгелі отырған жобаны айтамын.
Әли:
- А, ия апай өзгеше себебі бұл жобаға аналарымыз да қатысады ғой. Аналар өз қыздарына жанкүйер болады. Сондықтан да байқау «MAMA MMIA» деп аталады
Жүргізуші;
- Міне дұрыс таптың, Әли.
Жүргізуші:- Олай болса Әли «MAMA MMIA» жобасының өнерпаздарын ортаға аналарымен шақырайық.
Әли:
Қарсы алайық өнерпаздар қауымын
Аналардың аялаған аруын
Қошеметпен ашық дейміз ендеше
«MAMA MMIA» жас өнерпаз байқауын
Жүргізуші:Біздің байқауымыз 3-кезеңнен тұрады ғой, Әли.
Бүгін І-кезең «Өзім таңдаған ән» деп аталады.
Әділ қазы алқаларын да таныстырып өткен жөн шығар, Әли.
Әли: Ия, апай дұрыс айтасыз

Жүргізуші: Бүгінгі байқауға төрелік жасайтын ауылдық кітапхана меңгерушісі Шалғынбаева Алтынкүл апай, ауылдық клуб меңгерушісі Қосмамбетов Рақымжан ағай, №100 мектеп ән-әуез жетекшісі Өтепбергенов Ғабит ағай. Ал енді Өнерпаз сайыскерлерімізді шақырайық
Шәкірттерін аялаған, олар үшін бар білімін аямаған, салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, әріптестерін басқара білетін, балабақша қоғамдық істерінде белсеніп жүретін ұстаз ана Дананы оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар, Тахмина атты қызымен ортаға құрметпен шақырамыз.

Әли: Тахмина анасымен
Жүргізуші:
Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі өнерлі ана Ләззатпен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, анамның ақ сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Зейнелбай Аяжанды сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық

Әли: Аяжан анасымен
Жүргізуші:
Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, шәкірттеріне әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін анамыз Айгүлді әдемі ән де салатын, сайыстан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Шүкірәлі Ақнұр атты қызымен ортаға шақырамыз.
Әли: Ақнұр анасымен
Жүргізуші:
Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ, үлгі тұтарлық қасиетіне, жастарымыз бас иетін анамыз Галяны талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, тобының мақтанышы Қыстау Мерей атты қызымен ортаға шақырамыз.

Әли: Мерей анасымен
Жүргізуші:
Ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, атқарған ісіне халқыменен, ақ халатты абзал жандардың көңілі тоқ аулымыздың балалар дәрігері анамыз Ұлпандые жанары мөлдіреген, ақ жүзі үлбіреген, өнерге өз-өзін үкілеген ару қызы Нұрсаулемен ортаға шақырамыз
Әли: Нұрсәуле анасымен

Жүргізуші:
Айтқан сөзін орындайтын, ауыр істе мойымайтын, тәрбие ісінде алдына жан салмайтын, сайыстардың соңында ешқашанда қалмайтын, асудан асып, шыңға шыққан, немеренің талабын айтқызбай ұққан анамыз Зейнегүлді шөлдегенде сусын болған, әжесін жанындай сүйетін, бақытына байлық болған немересі Дильназбенен ортаға шақырамыз.

Әли: Дильназ анасымен
Жүргізуші:
Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, балаларының сүйікті анасы Тоқсұлды сұлу да сымбатты қызы Өмірзақ Рауанамен ду шапалақпен ортаға шақырайық.

Әли: Рауана анасымен
Жүргізуші:
Өз отбасында ардақты, атқарар жұмысы салмақты, үлкен мен кішіге бірдей, аналардың ішіндегі ай мен күндей, жүрегіне толған аналық мейірімін шаша білген, немересінің өнерге жолын аша білген анамыз Ұлмекенді сыпайы сырбаз, басқан ізі маңғаз, ашса көмекейі көрінген адал, тобының сәні, қыздардың әні, қисық қадамы жоқ, арман мен талабы көп Асқар Жанель атты қызымен ортаға шақырамыз

Әли: Жанель анасымен
Жүргізуші:
Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ, үлгі тұтарлық қасиетіне, жастарымыз бас иетін анамыз Ұлмаржанды талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, тобының мақтанышы Бектібай Балауса атты қызымен ортаға шақырамыз.
Әли: Балауса анасымен

Жүргізуші:
Сұңғақ бойы келбетіне сай түскен, қашпайтын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымның көңілін өзіне тек қана жақсы іс-әрекетімен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын, балабақша психологы Қыдырбай Салтанатты ісіне жауапты, өнерге талапты қызы Баймұрат Аяулыммен ортаға шақырамыз
Әли: Аяулым анасымен
Жүргізуші:
Додасына өнердің үкілеген
Аналардың жүрегі лүпілдеген
Қыздарының тілегін тілегендер
Абзал ана мінекей сіздерсіздер - деп аналарымызға бір қошемет көрсетейік
Олай болса аналарымыз жанкүйерлер орнына жайғассын
Біз өнерпаздар өнеріне кезек берейік

Жүргізуші:Қожахмет Тахминаны «Айгөйлек» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Тахминаның ұпайы
Жүргізуші: Зейнелбай Аяжан «Дастарханым» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Аяжанның ұпайы
Жүргізуші: Қыстау Мерей «Ақ көгершін» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Мерейдің ұпайы
Жүргізуші: Бейбіт Нұрсауле «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Нұрсауленің ұпайы
Жүргізуші:Өмірзақ Рауана «Айгөйлек» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Рауананың ұпайы
Жүргізуші:Асқар Жанельді «Қошақан» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Жанелдің ұпайы
Жүргізуші:Бектібай Балауса «Балақан» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Балаусаның ұпайы
Жүргізуші:Баймұрат Аяулым «Көктем вальсі» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Аяулымның ұпайы
Жүргізуші:Жалғас Дильназ «Ойыншықтар» әнімен сахнаға шақырамыз
Әли: Әділ қазылар Дильназдың ұпайы
Жүргізуші:
Аналар, ардақтылар, абзал жандар
Орындалсын сіздерде ақ армандар
өнерде өрге жүзер қыздарыңа
қорғайтын сіз жанкүйер болыңыздар - деп аз ұпай жинаған қыздарымыздың аналарын ортаға шақырамыз

Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындап берулерін сұраймыз.
(І- кезеңнен аз ұпай жинаған сайыскерді марапаттап шығарып салу)
Жүргізуші:
Біз сіздермен қоштаспаймыз халайық
Өнер десе жұлдыз болып жанайық
«Халық әні» кезеңінде сайыстың
Осы жерден орнымызды табайық - деп келесі кезеңде кездескенше дейміз
Әли: Өнерпаз арулар сіздерді «MAMA MMIA» жобасының «Халық әні» атты екінші кезеңде күтеміз.
5 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Талантыңмен таныл
Талантыңмен таныл
Құрметті қонақтар, ата - аналар! Бүгін, көктем мерекесін өздеріңізбен бірге өнер мерекесі ретінде өткізгелі отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсы, қымбатты апайлар, аналар, қыздар!
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
«Балдаурен» би байқауы
«Балдаурен» би байқауы
Армысыздар, ардақты ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Балауса» балабақшасының «Балғын бишілер» сайысына қош келдіңіздер.
Ана-ән, бала оның қайырмасы
Ана-ән, бала оның қайырмасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Ана-ән, бала оның қайырмасы Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі ата-аналар! №9 «балауса»
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы Мүберекова Шынар Тыныштыққызы
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×