Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көйлекті әшекейлеу

30 қараша 2012, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №7 "Балдырған" балалар бақшасы
Кушикбаева Гүлбану


Тақырыбы: «Көйлекті әшекейлеу»
Мақсаты: Сурет салуда, байланыстырып сөйлеуде, білімділігін арттыру. Телеарнада көрсетілген бағдарлама арқылы балалардың эстетикалық, адамгершілік сезімдеріне сын көзбен қарауға тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Балалардың жеке қабілетін, шығармашылық қабілетін, ой-өрістерін, есте сақтау, сезім, танымдық қабілеттерін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, телебағдарлама көрсету.
Көрнекілігі: «Еркетай» бағдарламасына сай бөлме безендірілген, дайын көйлектің жобасы, гуашь, сән үлгілері, балалардың қызықты сәттегі суреттері.
Теледидардан «Еркетай» телебағдарламасы көрсетіледі.

Сәлем достар! Бүгінгі «Еркетай» телебағдарламасында әр елді мекеннен көптеген хаттар келуде. Онда әр баланың өздері салған суреттері жіберілген. Мына бір хатты оқып жіберейін. Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті №7 «Балдырған» балабақшасының ересек тобында Перизат, Азамат, Жұлдызханым атты бүлдіршіндердің суреттері жіберілген.
Мына суретті Азамат деген бүлдіршін жіберген. Жұлдызханым шыршаның суретін салып жіберген екен. Ал мына көйлектің суретін Перизат есімді қыз жіберіпті. Мен бұл балалардың суреттерін «Еркетай» бағдарламасының жеңімпазы болғанын айтқым келеді, сіздердің суреттеріңізді асыға күтеміз.

Тәрбиеші: Міне, тамаша! Жарайсыңдар, балалар! Сендердің салған суреттерің «Еркетай» бағдарламасының жеңімпазы болып жатыр.
Балалар: Алақай, алақай! Біз жеңімпаз атандық!
(Осы кезде есік қағылады. )
Саламатсыздар ма, балалар! Мен «Еркетай» бағдарламасынан келіп отырмын. Өткен аптаның қорытындысы бойынша осы балабақшаның бүлдіршіндері жеңімпаз атанған еді. Осы бүлдіршіндерді «Еркетай» бағдарламасының дайындаған алғыс хатын өз қолыммен тапсыруға келдім. Тағы да әдемі салынған суреттеріңізді асыға күтеміз. Әрдайым биіктерден көріне берулеріңізге тілектеспін!
Тәрбиеші: Рахмет, сізге Мира Алдамжарқызы, біздің құрметті қонағымыз болыңыз!
Ал енді, жеңімпаздарымызға сөз берейік. Ал, Азамат сен салып жіберген суретің туралы не айтасың?
Азамат: Мен зымыранның суретін салып жібердім. Өйткені мен өскенде ұшқыш, ғарышкер болғым келеді. Зымыранмен айға барғым келеді. Мен ғарышкер туралы тақпақ та білемін.

Аспан, аспан, арайлым
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын!
Сондықтан зымыранның суретін салып Еркетайға жібердім.

Тәрбиеші: Жарайсың, Азамат! Енді Жұлдызханымға сөз берейік.
Жұлдызханым: Маған Жаңа жыл мерекесі өте қатты ұнайды. Шыршаның әртүрлі шамдары, әдемі киінген балалар, Аяз Ата, Ақшақарды ұнатамын. Мен Жаңа жылды жыл сайын асыға күтемін. Сол үшін де, Жаңа жылдың суретін салып Еркетайға жібердім.
Тәрбиеші: Жарайсың, Жұлдызханым! Енді Перизат не дейді екен?
Перизат: Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Анам маған әдемі көйлек, үлкен қуыршақ алып берді. Жақында анамның туған күні болды. Осы суретті салып туған күніне сыйладым. Анам қатты қуанды. Осы суретті еркетайға жібердім. Мен өзім көйлекті әдемілегенді жақсы көремін. Өскенде дизайнер болғым келеді.
Тәрбиеші: Рахмет, Перизат! Сен дизайнер дегенді қалай түсінесің?
Перизат: Дизайнер деген көйлекті әдемілеу.
Тәрбиеші: Жарайсың, Перизат! Талабың өрлей берсін!
- Балалар, дизайнер деген көйлек тігу үшін жоба жасайтын адам. Дизайнер көйлекті тікпес бұрын, көйлектің жобасын қағаз бетіне түсіреді. Сол жоба бойынша тігіншілер көйлекті тігеді. Балалар сендер тігінші туралы не білесіңдер?
Жансая: Әлия киносындағы Әлия көйлекті әдемі тігеді.
Тәрбиеші: Әлия қайда жұмыс істейді?
Жансая: Әлия тігін шеберханасында жұмыс істейді.
Тәрбиеші: Ендеше, балалар, біздің қаламызда да тігін шеберханалары бар. «Аяжан», «Әсем-ай» «Әдемі» салондары жұмыс жасайды. Балалар біздің бүгін бізге «Әсем-ай» тігін салонынан тапсырыс келіпті. Бізге көйлектің жобасын беріп жіберіпті. Балалар көйлектің жобасын қалай әсемдеуге болады?
Уалихан: Акварель бояумен әдемі гүл, пішіндермен әдемілеуге болады
Тәрбиеші: Уалихан сен өте дұрыс айттың. Ал, балалар, бүгінгі сурет оқу іс-әрекетімізде сурет салудың жаңа жолымен танысамыз. Біз бүгін гуашьпен, картоппен жұмыс жасаймыз. Біздің алдымызда әртүрлі пішіндегі картоп пен гуашь бар. Осы дайын картопты гуашқа батырып, мына көйлектің жобасына басып әдемілейміз. (Салу жолдарын түсіндіру)
Енді бәріміз көйлекті әсемдейік. ( Балалардың жұмысы)

Бой сергіту жаттығуы:
Бойды бүкпей тік ұста,
Еркін тұрып тыныста,
Жай оң қолды оң жаққа
Жай сол қолды сол жаққа
Қолды айналдыр бұлданбай
Екі шеңбер сызғандай
Сәл тынығып байқа да,
Он шақты рет қайтала
Балалардың жұмысын талдау:

Тәрбиеші: Мира Алдамжарқызы, балалардың жұмысынан өзіңізге ұнаған көйлекті таңдап алыңыз.
- Балалар, бәріңде көйлекті әсемдедіңдер, өте қызықты болды. Енді, Мира апайларың сендерге мультфильм алып келген екен, соны тамашалайық.
(Балалар мультик тамашалайды)
Мира: Балалар, сендерге мультик ұнады ма?
Балалар: Ұнады.
Мира: Ендеше, келесі кездескенше сау болыңдар! Суреттеріңді асыға күтеміз.
16 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып түстер – Funny Colors
Ғажайып түстер – Funny Colors
Мақсаты: Түстердің атауын ағылшын тілінде атауға үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру.
Алжапқыш
Алжапқыш
Балалардың алжапқыш туралы түсініктерін жетілдіру. Алжапқышты ұлттық ою - өрнектермен әшекейлеуді үйрету. Іскерлік дағдыларды қалыптастыру, алжапқышты әдемілеп әшекейлеу арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
Қыз сыны байқауы
Қыз сыны байқауы
Қызылорда қаласы, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі оқытушысы Айтпенбетова Гулжахан
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Балабақшада эстетикалық тәрбие
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Бөлмедегі гүлдер
Бөлмедегі гүлдер
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №7 Балдырған балабақшасының тәрбиешісі Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
"Менің қиялымдағы Қазақстан"
"Менің қиялымдағы Қазақстан"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 орта мектеп Есназарова Жанат Мақсаты: Білімділік: тақырыптың мағынасын ашу, сурет салып үйрету. Дамытушылық: танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Ой-қиялдарының шарықтауына
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×