Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сиқырлы жолдар

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы, Талшық селосы
"Балдырған" балалар бөбек бақшасының тәрбиешісі
Кошкинбаева Гульнар Олжабайқызы

Ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінің технологиялық картасы
2 сәбилер тобы
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Қ. М. Т. Қ.
Тақырыбы: Сиқырлы жолдар.
Мақсаты: Геометрикалық пішіндері ажырата отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Ертегі арқылы қамқорлыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша, ойындар арқылы, үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Көрнекілігі: Күннің бейнесі, үйшік, орман бейнесі, «Бауырсақ»ертегісінің кейіпкерлерінің киімдері, пішіндер.

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбер:
Тәрбиеші:- Балалар, қараңдаршы жоғарыда не тұр?
- Қане балалар барлығымыз бір біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
- Қайырлы таң, көздерім!
Сендер ояндыңдар ма?
- Қайырлы таң, құлақтарым! Сендер ояндыңдар ма?
- Қайырлы таң, саусақтарым! Сендер ояндыңдар ма?
- Қайырлы таң, аяқтарым!
Сендер ояндыңдар ма?
- Қайырлы таң, күн! Сен де ояндың ба?
- Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын.
- Енді, біз, апайларға жақсы балалар екенімізді көрсетіп амандасайықшы.
Сәлеметсіздер ме!
- Қош келдіңіздер!
- Балалар, бүгін сендер әдемі болып кетіпсіңдер.
- Кәне, ненің дауыстары естіледі, тыңдаңдаршы.

Ұйымдастырушылық - ізденіс

- Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, бауырсақ. Сен қайдан келе жатсың?
- Балалар, бауырсақтың пішіні, түсі қандай?
Тәрбиеші: Бауырсақ домалап,
кең далалы егістерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың орманға келеді. Орманда оған Қоян кездеседі.
Тәрбиеші: Балалар, Бауырсаққа көмектесеміз бе?
Қоян, Бауырсақ, келіңдер, балалар -
мен бірге тапсырманы орындайық.
(Тәрбиеші хатты ашып оқиды)
1 - тапсырма: 1 - 3 дейін тура санау
2 - тапсырма: 3 - 1 дейін кері санау
3 - тапсырма: Қоянның неше құлағы бар?
Жарайсыңдар, Қоянның тапсырмасын орындадыңдар.
Қоян саған тапсырманың жауабы ұнады ма?
Тәрбиеші: Балалар қоян Бауырсақты жіберді.
Бауырсақ домалап келе жатса оның алдынан қасқыр шыға келеді.
Тәрбиеші: Бауырсаққа көмектесеміз бе?
Тәрбиеші: Қасқырдың тапсырмасы
мынандай екен.
(Балалардың назарын тақтаға аудару).
Ортада не орналасқан?
Ал оң жақ бұрышында не орналасқан?
Ал сол жақ бұрышында не орналасқан?
Барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Бауыр саққа Қасқырдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер.

Сергіту сәті:

Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю кездеседі.
Тәрбиеші: Аюдың тапсырмасы:
«Не артық?»ойынын ойнау.
Жарайсыңдар, балалар! Бауырсаққа Аюдың тапсырмасын орындауға көмектестіңдер. Ол риза болып Бауырсақты жіберді.
Бауырсақ домалап - домалап Түлкіге кезікті.
Тәрбиеші: Көмектесеміз бе?
- Балалар, Түлкі өзіне үй құрастыруды ұсынады.
- Қандай пішіндерден құрастырамыз?
- Түстері қандай?
- Үйді әдемі құрастырдыңдар.
- Ал енді Түлкі Бауырсақты жіберуіне тура келді, өйткені Бауырсақ барлық тапсырманы дұрыс орындады. Ал оған көмектескен сендерсіңдер, балалар.
Тәрбиеші: Тамаша, Бауырсақ, бүкіл тапсырманы орындаған соң, сен аңдарға жем болған жоқсын.

Рефлексивті - түзету.

Әже: Балалар, сендер, менің Бауырсағымды көрген жоқсыңдар ма?
Тәрбиеші: Ол бізде қонақта болды. Біз оған көп нәрсе үйреттік.
Әже: Ол, балабақшада не үйренді?
Әже: Рахмет, балалар, менің Бауырсағыма, көп нәрсе үйреткендеріңе.
Сендерге тәтті бауырсақты сыйға тартқым келіп тұр.


Күтілетін нәтиже:
Білу керек:1-3 дейін тура және кері санай білу.
Түсінігі қалыптасты:Геометриялық пішіндерді ажырату,олардың түстерін айыра білу.
Айта – орындай алады:Пішіндерден үй құрастыру
3 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мəліметтер жинау
Мəліметтер жинау
Бөлім. Жиынды жəне оның элементтерін белгілеу
Қомағайлық жаман әдет. Қомағайлық. Мысал. Қожанасыр мен ашқарақ. Аңыз
Қомағайлық жаман әдет. Қомағайлық. Мысал. Қожанасыр мен ашқарақ. Аңыз
шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау.
Сиқырлы жолдар
Сиқырлы жолдар
Қарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын - қысқа заттарды, үлкен - кіші, бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер, түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Ертегілерге саяхат
Ертегілерге саяхат
Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау, ертегілерді көрсету үшін сұрақ - жауап арқылы баланың тілін жетілдіру, тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеуге баулу.
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Кім болам. Мамандық. (Қоршаған орта)
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Құстарға жем береміз
Құстарға жем береміз
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №7 Балдырған балабақшасының тәрбиешісі Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы "Үздік ашық сабақ" номинациясы бойынша
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×