Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз

03 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Байтугелова Гаухар Ергалиевна

Алтын күз

Әсем безендірілген аулаға балалар шеңбер құрып тұрады. Таңертеңгілік жаттығуларын жасайды.
- Құрметті қонақтар, балалар ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де алтын күз келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Дала да, егін де, тоғай да, орман да бәрі сап-сары, сондықтан халқымыз күзді – Алтын күз дейді. Олай болса «Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер.
Психо жаттығу:
- Армысың қайырымды Аспан – Ата!
Армысың мейірімді Жер – Ана!
Армысың шұғылалы Алтын – Күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Қуанышты күн бүгін!
Қайырлы таң апайлар,
Қайырлы таң достарым!

Тәрбиеші:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз айларын атап беріңдерші?
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?

Бекжан:
- Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жапыпты іздері.
Құс біткен керуен тігеді,
Көңілсіз еткен күз енді.

Еңілік:
- Сезілген соң күз лебі,
Құстар қайта бастады.
Тырналардың тізбегін,
Солдаттардай соптағы.

Нұрсұлтан:
- Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Инаят:
- Ой алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып - ап.
Тәрбиеші: Қане балалар жапырақтар қалай түседі?
- Жел улейді у – у – у
Құйын келіп билейді зу – зу – зу
Қатты, қатты жел соқты гу – гу – гу
Жапырақтар қол соқты ду – ду – ду
Шыдай алмай жапырақтар ах – ах – ах
Билеп кетті пах – пах – пах

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз күзгі орманға саяхатқа барамыз. Бұл жай саяхат емес, біз орманға тілшілер ретінде барамыз. Ауылдағы тіршілікті білеміз. Адамдардың күз мезгілінде немен айналысатынын кім айтады?(Астық пісіп егін орады, көкөністер мен жемістер пісіп жинайды, оларды қыс мезгіліне сақтайды.)
- Жарайсыңдар балалар. Ал орманда мекендейтіндердің күз мезгілінде немен айналысатынын білмейміз, сол себепті тілшілер сияқты сұхбат алу үшін барамыз. Сұхбат дегеніміз не екенін білесіңдер ме? Сұхбат – телеарналарда көрсету үшін, газет - журналдардың беттеріне басып шығару үшін жүргізілетін әңгіме. Қалай ойлайсыңдар орманда кімнен сұрақ алуға болады?
- Қояннан, тиіннен, құстардан, ағаштан, шыршалардан, желден, жапырақтардан...
- Сендер орманда адасып кетіп, қорқып қаламыз деп ойламайсыңдар ма?
- Қорқамыз.
- Көмекке кімді шақырсақ болады?
- Орман ханшайымын. А – у – у... А – у – у – у....
Орман ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар? (Сәлеметсіз бе!)

Тәрбиеші: Орман ханшайымы біз сенен көмек сұрағалы тұрмыз. Біз «Хабар» агенттігінен және «Құлан таңы» газетінен келген тілшілерміз. Сіздің орманыңыздың күзгі тіршілігін білуге келдік. Сен жас тілшілерге көмектесесің бе? (Бал - ң қолдарында бейне камера (макеті), фотоаппараттар, ұялы телефондар, микрофондар, эмблемасы бар бейджиктер болады).
Орман ханшайымы: Жарайды, көмектесейін, бірақ бір шартым бар. (Орман ханшайымы ойын ұсынады).
Қ. қ. о: «Тығылыспақ».
Орман ханшайымы: Сендер орманда өздеріңді қалай ұстау керектігін біледі екенсіңдер, бір-біріне кедергі жасамай ойнадыңдар. Олай болса жолға шығайық. Сендер өз міндеттеріңді жақсылап атқарсаңдар соңында сендерді тосын сый күтіп тұрады.
Тәрбиеші: Балалар сұхбат алғанда айқайламай жәй ғана қолдарыңды көтеріңдер. Өздеріңнің қайдан келген екендеріңді (төс белгідегі эмблемасына қарап) айтып, сұрақтарыңды қойыңдар. Қане кім дайын, аққайыңнан кім сұхбат алады?(Мен, мен..)

1 - тілші: Мен «Хабар» агенттігінен келген тілшімін. Қайырлы күн, аққайың! Бүгін күздің ашық күні сенің көңіл - күйің қандай?
Аққайың: Менің көңіл - күйім өте тамаша, өйткені мен жасыл көйлегімді сары түсті көйлекке ауыстырдым. Қарашы күн көзіне ол алтын секілді жарқырап тұр.
- Ормада саған көңілсіз емес пе?
- Жоқ менің қасымда шырша өсіп тұр, ол үнемі менің жапырақтарыммен ойнап тұрады.
- Сен әдемі жапырақтарыңды аяйсың ба?
- Жоқ аямаймын, өйткені көктем мезгілінде жасыл көйлегімді қайта киетінімді білемін.
- Рахмет Аққайың, сау бол!
Тәрбиеші: Бал - р абайлаңдар, құстарды шошытып алмайық, жәй жүрейік. Құстар немен қоректенетінін білесіңдер ме?
Бал - р: Құрт - құмырсқалармен, бүлдіргендермен, дәндермен..
Тәрбиеші: Қараңдаршы мына ағаштың түбінде қандай құс отыр? (Торғай.) Қане кім дайын, кім торғайдан сұхбат алады? ( Мен, мен..)

2 - тілші: Мен «Құлан таңы» жергілікті газетінен келген тілшімін. Сәлеметсің бе торғай? Сенен сұхбат алуға бола ма?
Торғай: Иә, болады.
- Сен неге жалғыз отырсың?
- Менің жалғыз отырған себебім, менің достарым жылы жаққа ұшып кетті.
- Сен осы жақта қаласың ба?
- Әрине, маған бөтен жақта ыстық болады. Менің жейтін қорегім де осында.
- Қыс мезгілінде саған кім көмектеседі?
- Адамдар.
- Біздің балабақша ауласына да ұшып кел, біз де саған қамқор боламыз.
- Рахмет. Маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Адамдар орманда мекен - дейтіндерге көкөністер мен жемістер алып келіпті, ажырата алмай отырмын. Екі себетке бөліп жинап беріңдерші.
Балалар екі топқа «Хабар», «Құлан таңы» болып бөлінеді, бір топқа орман ханшайымы, екінші топқа тәрбиеші көмектеседі.

Эстафеталық ойын: «Кім жылдам?»
Торғай: Рахмет сендерге, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Міне тағы бір тал. Бұл талда кім өмір сүреді екен?( Ағашты тоқылдатады, одан тиін шығады). Ой, мұнда тиін тұрады екен. Кім тиіннен сұхбат алады? (Мен, мен..)
Тиін: Алдымен мен сендердің шапшаңдықтарыңды көргім келіп тұр. Менің шартымды орындасаңдар сұрақтарыңа жауап беремін.
Бал - р апайларымен екі топқа бөлініп тиінге бірінші болып жаңғақ жинап береді.
Эстафеталық ойын: «Кім бірінші?»

3 - тілші: Мен «Хабар» агенттігінен келген тілшімін. Сәлеметсің бе тиін? Сен күз мезгілінде немен айналысасың?
Тиін: Ауа - райы жақсы болып тұрса саңырауқұлақты ағаш бұталарына кептіремін, шырша жаңғақтарын жинап сақтаймын.
- Қыста қайда тұрасың?
- Осы талда өмір сүремін. Күзде ішін жылылап, қыста жаңғақ шағамын.
- Рахмет саған тиін, сау бол!
- Сау болыңдар!
Орман ханшайымы: Сендердің сырттарыңнан бақылап жүрдім. Сендер тәртіпті, ақылды, де - нелерің шыныққан мықты екенсіңдер. Менің құстарымды, аңдарымды шошытпай жүрдіңдер. Сендерді Күз ханшайымы өзінің күзгі сыйымен күтіп тұр. Сендерге көп рахмет, сау болыңдар!
Тәрбиеші: Бал - р бізге Орман ханшайымы жасаған тосын сыйы осы екен ғой.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме бал - р? Мен сендердің келгендеріңе өте қуаныштымын. Сендер ормандағы күзгі тіршілікті көріп, естіп көп мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Орманды, даланы, егінді жапырақтарды қандай түске боядым, байқадыңдар ма?(Сары).
Балалар ханшайымға берекелі «Алтын күз» үшін рахметтерін айтып ән айтып, би билейді. Күз ханшайымы балаларға сыйлық таратып беріп, қоштасып кетеді.

Балалар: Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
4 674
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Берекелі алтын күз
Берекелі алтын күз
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Армысыздар ұстаздар мен ата - аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алтын күз!
Алтын күз!
«Алтын күз» мерекесі құтты болсын! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мезгілі келді. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлады. Олай болса «Алтын күзге» арналған ертеңгілігімізді бастайық.
Егіншілік еңбегі
Егіншілік еңбегі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Валиева Бибігүл Дүйсенбекқызы
Алтын күз
Алтын күз
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×