Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақшам!

14 мам 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қош бол, балабақшам!
(Екі жүргізуші кіреді.) 1 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңізде есен – сау бармысыздар.
Таусылмастан ағытты, ай – арманын
Кәне енді тойымызды бастайық.

2 - жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә баршаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді – деп
«Ақбота» тобының түлектерін шақыруға рұқсат етіңіздер.
(Әсем музыкамен мектепке баратын балалар ортаға кіреді.)

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.
Үш бала залдың төріне келіп кешті ашады.
Нұрдаулет:
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Айша:
Бала бақша бесігін,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін
Өзіңімен қоштасайық.
Альтайр:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.

1 - жүргізуші:
Құрметті ата - аналар, қонақтар бүгін біз мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұядан ұшырғалы отырмыз. Қадамдары құтты болсын. Балаларға деген ақ тілектерін, жылы лебіздерін деген ниетпен ортаға «Балауса» балабақшасының меңгерушісі
Торланбаева Надира Ағабекқызына сөз кезегі беріледі.

2 - жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа сендер жеттіңдер
Барсыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл ойларын
Өсті міне бойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларын! – деп енді кезекті әнге береміз.

Ән: «Бала тілегі» Арай, Жұлдызай, Арнұр.
1 - жүргізуші:
Қазіргі мынау мереке
Бәрінен де ерекше
Өйткені біздің балалар
Барады ертең мектепке.
Ендігі кезекті тақпақтарға береміз.

Ортаға Нұрмұхамет, Заңғар, Ернұр, Гүлжайна, Ақжанды шақырамыз.
Заңғар:
Бес жасқа біз толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата - ананы
Мектепке кетіп барамыз
Ақжан:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз,
Қоштасып балабақшамен.
Мектепке біз барамыз.
Ернұр:
Балабақша қош енді,
Әркез аман бол енді.
Әкем мен шешемді,
Ертіп енді келмейміз.
Гүлжайна:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашықта болмас арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
2 - жүргізуші:
Бізде қарап тұрмайық,
Би билейік, жырлайық.
Ата - анамыз қуансын
Қолын соғып, аямай.

Би: «Рокен - Ролл» Арай, Ұлболсын, Аруна, Диас, Нұрдаулет, Арнұр.
1 - жүргізуші:
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерін
Естен кетпес үндерін.

Ортаға балаларымызды шақырайық. Бекмахан, Жайна, Мирас, Арнұр.
Бекмахан:
Балабақша күндерін,
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші сіңірген
Еңбегіңді ақтаймыз.
Жайна:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім арамыз.
Мирас:
Ойыншықтарды жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреніп
Бақшамызды қимаймыз.
Арнұр:
Қанша бала, қанша қыз,
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Біз ертеңгі ақынбыз,
Біз ертеңгі батырмыз,
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз.

2 - жүргізуші:
Көңілді өскен балалар,
Күліп қағып тұрады.
Тойымызға сән беріп

«Кел билейік»әнін салады.
Ән: «Кел билейік» Жұлдызай, Балауса, Нұрдаулет.
1 - жүргізуші:
Бишілерге өнер көп,
Билейді бәрін мәнерлеп.
«Десанттар» биін көріңдер
Өнерге баға беріңдер.

Би: «Десанттар» Ортаға биші ұлдарымызды шақырайық.
2 - жүргізуші:
Мерекеге сызылып ән салады,
Ән айтып, би де билеп жан - жалады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: «Ертегілер» Ұлболсын
1 - жүргізуші:
Балалар ертегілер елінен келген қонақты қарсы алыңдар.
Балалардың сүйікті «Сұлу шаш ханшайымы» ертегісінен көрініс.
(сахнада хан сарайының көрінісі, патшаның тағы, құстар, гүлдер.)
Гүл теріп әндетіп Сұлушаш ханшайым кіреді.
Тақта хан отыр, екі жағында желпуіш ұстаған уәзірлері бар.
Ертегімді бастайын
Қиялдан бір тастайын,
Ерте, ерте, ертеде
Ешкі жүні бөртеде
Жас данышпандар болыпты
«Балауса» балалар бақшасында.
2 - жүргізуші:
Ерте, ерте, ертегі,
Ертегі сыр шертеді.
Ертегіні жақсы айтқан бала
Мақсат мұратына жетеді.

Сұлушаш ханшайым(Арай): Әке, әке қарашы мен қандай әдемі гүл теріп келдім. Міне, иіскеп көріңізші, гүлдің иісі қандай әдемі.
Хан (Нұрсейт): Неткен жұпар иіс, әдемі гүл екен. Қызым бері келші менің саған айтатын бір сырым бар. Биыл сен беске толасың, гүл теріп бос жүргеніңді қой, сен үлкен болдың, мектепке барасың.
Сұлушаш ханшайым: Әке ендеше мен мектепке бару қуанышыма арнап, салтанатты той өткізейік! Оған мен достарымды шақырайын.
Хан: Мақұл қызым! Менің уәзірлерім қайда?

Уәзірлер(Арнұр, Нұрислам): Біз мұндамыз, не бұрасыз тақсыр?
Хан: Патша тақтағы барлық тұрғындарға жар салыңдар, сарайда үлкен сауық кеші өтеді. Барлық өнерпаз сарайға келіп, Сұлушаш ханшайымға өз өнерлерін көрсетіп болсын.
(Хан мен уәзірлер кетеді.)
Ортаға жаршылар шығады. Сұлушаш ханшайым таққа отырады.
Уәзір(Арнұр): Салтанатты тойға қоян мен түлкіні шақырамыз.
Түлкі(Балауса): Түлкі деген қу екен.
Жүрген жері шу екен.
Түздің жылпос бұл аңы,
Артында көп ыраңы.
Түлкі былай жүреді.(Түлкінін жүрісін салады.)
Қоян (Диас):
Түбіртектің түбінде,
Бұғып жатыр ақ қоян.
Құлағын жел үніне,
Тігіп жатыр, сақ қоян
Қоян былай жүреді (қоянның жүрісін салады)
Уәзір(Нұрислам): Салтанатқа тойға бақа, жылан, бота қозыны шақырамыз.
Ән: «Қошақан»
Уәзір (Арнұр): ортаға арыстан мен тышқанды шақырайын.
Арыстан, тышқан(Бейбарыс, Нұрдаулет): Диалог
Тышқан(Нұрдаулет): Арыстан - ау, арыстан түнде қайда барасың?
Арыстан(Бейбарыс): Әжемнің үйіне барамын.
Тышқан: Әжең саған не береді?
Арыстан: Ешкі сойып ет береді, сиыр сауып сүт береді.
Тышқан: Етті қайда қоясың?
Арыстан: Тал түбіне қоямын.
Тышқан: Сүтті қайда қоясың?
Арыстан: Тал басына қоямын.
Тышқан: Ит жеп кетсе қайтесің?
Арыстан: Ит аузынан аламын.
Тышқан: Құс жеп кетсе қайтесің?
Арыстан: Жылай - жылай қаламын.
Ханшайым: Маған ақындарды шақырыңдар.
Уәзірлер: Жарайды, Ханшайым. Салтанатты тойға ақындарды шақырыңдар.
Нұрсейт: Айтыс «Қыз бен жігіт»
Ұлболсын:
Уәзір(Нұрислам): Салтанатты тойға құстарды шақырайық.
Қарға(Ақжан): Қарға, қарға, қарғалар,
Бұтаға келіп қорғанар.
Екі шоқып, бір қарап
Деп, жолымды оқапар.
Балапан(Гүлжайна): Мен әдемі балапан,
Біліп қой сен ханшайым.
Достарым бар менің көп
Жем шоқимын теріп ап.
Әтеш: Ку - ка - ре - ку.
Бұрын қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай.
Бәріңді оятамын, ку - ка - ре - ку.

Би: Аққу
Ханшайым: Мен ойын ойнағым келіп тұр.
Уәзір(Арнұр): Жарайды, Ханшайым. Салтанатты тойға сайықмазақты шақырамыз.
Сайықмазақ: Сәлеметсіңбе ханшайым. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ханшайым менің қолымдағы шарларым жәй шарлар емес, сиқырлы шарлар. Мен сендерге ойын әзірлеп келген едім, мен сол ойынымды ойнатайын иә?

Ойын: «Шарды кім тез жарады?»
Ойынның шарты: Әр бала тез жарып ішіндегі тапсырманы ашып орындайды.
1 - тапсырма: 1тауда аю, түлкі, қоян болды, оларға қасқыр келіп қосылды.
Сұрақ тауда неше ақ бар? 3+1=4
2 - тапсырма: «Қарама - қарсы»сөзді тап.
3 - тапсырма: Санамақ айтып бер.
4 - тапсырма: 1 - 5дейін орысша, ағылшынша санап бер.
5 - тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесің?
Жарайсыңдар балалар! Ал енді мен сендердің ата – аналарыңа да ойын әкелдім.
Ойын: «Кім жылдам?»
Сайқымазақ: Білімді болған қандай жақсы балалар, білімдерің өсе берсін.
Қадамдарыңа гүл бітсін! Сау болыңдар!
Ханшайым: Рахмет достарым мен сендерге өте ризамын!
2 - жүргізуші:
Сүйкімді балғын болашақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
Балалар біз ағылшын, орыс тіліндегі тақпақтарды айта аламыз ба? Иә

Олай болса ортаға Нұрсейт, Ұлболсын, Аруна, Арай, Нұрмұхамбетті шақырамыз.
Нұрсейт:
Детский садик, до свиданья
Школа нам теперь нужна
Здраствуй школа замок знаньй
Ты волшебная страна.

Ұлболсын:
В сентябре я ученик
Мама купит мне дневник
А ещё портофель и книжки
Мы ведь не малышкее.

Нұрмұхамбет:
Я люблю свой детский сад
Внем полным - полно ребят
Раз, два, три, чётыри, пять
Жаль что всех не сосчитать.

Балауса:
Улетаем мы сегодня
Словно птицы из гнезда
Жаль приходится прощаться
С детским садам навсегда.

Аруна:
Ейппс биг,
Ейппс стол.
Гуес от?
Ай лайк зем ол!
Арай:
Сприн из грин
Самме из брайт
Отым из уеппау
Уинте из уайт.
Нұрсейіт:
Черриз, черриз
Рабби ред
Уант ту трай уан
Гоу ехид.

1 - жүргізуші:
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер туып алдан әлі
Әсем бимен түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Жамбыл облысы,
Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі
Жантакбаева Алия

Толық нұсқасын жүктеу
15 681
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Ертеңгілік: Жұлдызды кеш бітіру кеші
Ертеңгілік: Жұлдызды кеш бітіру кеші
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын, Мектеп есігі әрқашан ашық болсын. Мектепке баратын бүлдіршіндердің Әрқашанда жолдары жарқын болсын!
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош бол балабақшам
Қош бол балабақшам
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі: Мансурова Амина Шакиртовна
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×