Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мысыққа Мақта қыздың қатығын төлеуге көмектесейік

04 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Мысыққа Мақта қыздың қатығын төлеуге көмектесейік
Мақсаты: ертегі желісімен ойын арқала түрлі тапсырмалар орындауға үйрету. Балалардың тілдік қорын жетілдіру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ойын арқылы балалардың ой - өрісін дамыту. Балаларды достыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сиқырлы қалта толы ойыншықтар, Мақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлер маскалары, үй жануарларының суреттері, үй құстары және түз құстарының суреттері.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойын, қайталау, сөздік жұмыс.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет барысы:
Шаттық шеңбері: Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, көк аспан!
Қайырлы таң, жер – ана!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Тәрбиеші: Көңіл – күйлеріңіз қалай, балалар? (Жақсы)
(Қастарына жыламсырап мысық келеді.)
Тәрбиеші: Ой, балалар, бұл мақта қыз бен мысық ертегісіндегі мысық қой, Сәлеметсің бе, мысық?
Мысық: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен Мақта қызбен ренжісіп қалып едім. Ертең мақта қыздың туған күні, соған сыйлық жасап қатығын қайтарып берейін деп едім, маған көмектесесіңдер ме? (Иә)
Тәрбиеші: Әрине, көмектесеміз, балалар біздер де басқалардан көмек сұрап, мысыққа сыйлық жасайық. Мысық сен біздің балаларға қосыл.
Сиырға келеді.
Тәрбиеші: Сиыр, сиыр, бізге қатық берші.
Сиыр: Әуелі менің тапсырмамды орындаңдар. Маған «Үй жануарларын» атап, олардың қалай дыбысталатынын, немен қоректенетінін айтып беріңдер.
(Балалар тапсырма орындайды)
Талға келеді:
Тал, тал, бізге жапырағыңды берші, әуелі менің тапсырмамды орындаңдар. Маған «Үй жануарларын» атап, олардың қалай дыбысталатынын, немен қоректенетінін айтып беріңдер.
(Балалар тапсырма орындайды.)
Талға келеді.
Тал, тал, бізге жапырағыңды берші,
Тал: Әуелі менің жануарлар туралы жұмбақтарымның жауабын табыңдар.
Тал балаларға жұмбақтар жасырады.

1. Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады. (Мысық)
2. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
3. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
4. Асты тас, Үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа)
5. Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

Қыздарға келеді.
Қыздар, қыздар су беріңдерші.
Алдымен бізбен ойын ойнаңдар, бұл ойынның аты «Сиқырлы қалта».
Ойын шарты бойынша балалар ортаға кезек - кезек шығып, көздерін жұмып тұрып, қалтаға қолдарын салып, қолына ұстаған ойыншықтарды сипаттау керек.
Дүкеншіге келеді.
Дүкенші, дүкенші бізге сағыз берші.
Дүкенші: Алдымен сендер маған ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып беріңдер.
Қайыр күтпе баладан, өз мысығын сабаған. Бұл жақсы ма, жаман ба, балалар? (Жаман)
Өзі түйме қадаса, мұндай бала тамаша. (Жақсы)
Уәдеде тұрмайды, аямайды, тырнайды. (Жаман)
Айналайық баладан, Көгершінді аяған. (Жақсы)
Ойнап жүріп жылаған, орынды емес бұл аса(Жаман)
Тауыққа келеді.
Тауық, тауық, бізге жұмыртқа берші.
Тауық: Алдымен сендер менің балапандарыммен бір билеп беріңдер.

Сергіту сәті: би: «Шөжелерім»
Тышқанға келеді.
Тышқан, тышқан бізге тары берші.
Тышқан: Ал сендер маған мына үстел үстіндегі араласып жатқан үй құстары мен тұз құстарын бөлек, бөлек топтастырып беріңдер.
Тәрбиеші: Мінеки барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар, мінеки қатықтыда алдық. Енді оны мысыққа берейік. Осы қатықты Мақта қызға беріп, екеуің дос болыңдар. Енді ренжіспеңдер жарай ма? Сау бола ғой.

Тәрбиеші:
Балалар, бүгін біз қай ертегі кейіпкерлерімен кездестік?
Ертегі кейіпкерлерінің қандай тапсырмаларын орындадыңдар?

Тәрбиеші балаларды мадақтап, оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
3 293
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Білімділігі: оқушыларға мақта қыз бен мысық туралы түсінік бере отырып, ертегіні рольге келтіріп, әңгімелеп түсіндіру.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Утегенова Рада Изгабдиевна
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Ақтөбе қаласы №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Оразова Бибигүл Темешовна
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×